А?ша – т?лем ??ралы атты та?ырыпта саба? жоспары


Айы, күні, жылы.
Сыныбы.
Сабақтың тақырыбы. Ақша – төлем құралы
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән
дыбыстарының айтылуы мен жазылуын
қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын
қалыптастыру.
ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын
молайту, ой- өрістерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.
ІІ Үй тапсырмасы
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.
ІV Жаңа сөздер.
төлем - платеж
құрал - средство
құнды қағаз – ценные бумаги
V Дәптермен жұмыс
1- тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.
-Құнды қағаз деп нені айтамыз?
- Ақша не үшін керек?
- Төлем құралы деп неліктен аталады?
-
2- тапсырма.Сызбаны толтырыңдар.
457200-342900
6- тапсырма.Төмендегі зат есімдерді септеп жазыңдар.
Ақша, адам, құрал
3- тапсырма.Сөздерді пайдаланып сөз тіркесін құрап жазыңдар.
Ақша, қағаз, ашық, қымбат, пайдалы.
VІ Тақтамен жұмыс
Берілген сөздерді септеу, фонетикалық талдау жасау.
VІІ Оқулықпен жұмыс
4- тапсырма.Жаңылттпашты оқыңдар. Сөз тіркесін табыңдар.
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Ай тайлақ па?
Қара тайлақ па?
5- тапсырма.Сөз тіркестерін қолданып сөйлем құраңдар.
Банкке бару, ақша айырбастау, төлем құралы.
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.
XI Үй тапсырмасы
Үлгі бойынша тапсырмалар орында.