?ндірістік о?ыту саба?тарын дуальды? о?ыту ж?йесінде ?олдану


Өндірістік оқыту сабақтарын дуальдық оқыту жүйесінде қолдану
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлау үшін негіз қалайды.Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қаркынымен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр.Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген,кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер талаптар жүктелеліп отырғаны белгілі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады.Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жакты білімді,білікті,бәсекеге қабілетті маман даярлау олардың әлеуметтік,кәсіптіқ ,өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді.
Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз-теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып,негізі қаланды.Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген.Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние.Оның жарқын мысалдарының бірі-Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі.Мұнда білімгерлер уақытының үштен екі бөлігінде еңбек өте жүріп өндірістен қол үзбей оқиды,тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.
Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты-техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс,шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламарды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.
Қазіргі кезде әлемде оқытудын дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудын ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.Нақты өндіріс жағдайларын бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағыталган, практикалы сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудін дуалды жүйесі деген атпен белгілі.
Бүгінгі таңдаеңбек нарығында жоғары білік мамандар тапшылығы ерекше орын алуда.Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер,ягни жас маманың бойына табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірісті жағдайлардан теориялық білім берудің алшаңта кетуіболып табылады.Қалыптаскан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақта кетуі болып табылады.Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді,себебі білікті мамандармен қамтамасызету-бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдесінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшілігін ескере отырып,қосымша оқу,тәжірибеден өту,қайта даярлау қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау,өз мамандықтарын жетік меңгерген,өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті,тұрақты кәсіби өсуге дайын,әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді.Осыған байланысты қойылған басты міндет-мемлекеттік құрымлымдардың күшін біріктіру,жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.Е.А. Нюсупов
Талдықорған Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері.