«Жас келсе, іске» Жас мамандар?а арнал?ан тренинг-саба?


Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылыМ.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің жоғары санатты Бірінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнұр  Темировна«Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг-сабақМақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, — деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайдНақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала-бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»Құрметті ұстаздар!Адамның өз қызметін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.Тренингке қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз.Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.І.ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ«Жарық құмыра» тақырыбындағы видеороликті көре отырып, негізгі мазмұнының қандай тағылым беретінін ұшқыр ой, шебер тілмен әңгімелеп,өз ойларын ортаға салу. ( 6,5,4 ұпай)II.ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ«МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІБұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.Нұсқау:Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.( 4,5,6 ұпай)Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….Сергіту сәті «Арал» ойыны.Ойынның мақсаты:шапшаңдыққа,жинақтылыққа дайындау.IІІ. ТЕСТ – ДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.Сіз қандай мұғалімсіз?Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?а) жүрек қалауыменә) кездейсоқб) лажым жоқтықтан2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:а) керемет жұмысә) күнкөріс үшінб) бас қатыруОқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасыа) өте сауатты деп есептейдіә) қанағаттанарлықб) олардың көзқарасында жұмысым жоқ4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:а) міндетті түрде менен көмек сұрайдыә) кейдеб) маңыма мүлде жоламайды5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамынә) сирек қолданамынб) оқулықпен шектелемін6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:а) қатені мойындап, кешірім өтінемінә) үндемей құтыламынб) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудаа) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамынә) басшылар ескерткенде ғанаб) бас ауыртқым келмейді8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?а) мүлде қол жұмсамаймынә) анда-сандаб) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін9. Мұғалім болғаныңызғаа) ризасызә) сізге бәрібірб) өкінесіз10. Ұжым арасында беделіңіз:а) өте жоғарыә) жақсыб) орташаУақыты: 5 минутӘрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.45-50 ұпай жинасаңыз: (6)Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.30-21 ұпай жинасаңыз : (4)Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.15-11 ұпай жинасаңыз: (2)Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімгебосатқаныңыз жөн.IV.Әуенді терапияМақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.Уақыты: 7-10 минутҰйымдастыру кезеңі:а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.Кіріспе:- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …- Алма бағы …- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …- Дәмі керемет …- Жеген сайын жегіңіз келеді …- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.Мұғалім жетістіктерінің жалпы деңгейі бағаға келесі шкала бойынша ауыстырылады:22-24 ұпай - «5», 18-21 ұпай - «4», 13-17 ұпай - «3», 0-12 ұпай - «2»Критериалды бағалау – нақты айқындалған, ұжымдық талқылаудан өткен, осы процеске қатысушыларға алдын-ала белгілі, білім берудің мазмұны мен мақсатына сәйкес, тұлғаның оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруға бағытталған критерийлер бойынша білім жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.А критериі- кәсіби лайықтылықты анықтау.В критериі- Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.С критериі1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауғамүмкіндік береді.D критериі - Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.