«Студентер» к?ніне орай ?йымдастырыл?ан Атырау к?лік ж?не коммуникация колледжіні? маманды?тар арасында ?ткізілетін волейболдан колледж біріншілігіні? жарыс ережесі


«Бекітемін»
Атырау көлік және коммуникация
колледжінің оқу-тәрбие жөніндегі
орынбасары:________Н.Құсайнова
« 14 »қараша 2016жыл
«Студентер» күніне орай ұйымдастырылған Атырау көлік және коммуникация колледжінің мамандықтар арасында өткізілетін волейболдан колледж біріншілігінің жарыс ережесі
1.Мақсаты мен міндеті
-«Студенттер» мерекесімен құттықтау.
- Бос уақыттарын тиімді және спортпен шұғылдану
-Студенттер арасында волейбол ойынын жандандыру,жақсы ойыншылар таңдау
-Патриоттық тәрбие беру,
-Салауатты өмір салтын насихаттау
2.Өтетін орны,уақыты
Жарыс 2016 ж.15-16 қараша күндері колледж спорт залында өтеді.Басталуы сағат 13:30-да
3.Ұйымдастырушылар
Жарысты колледждің дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары ұйымдастырады.
Жарыстың өткізілуін қадағалау дене тәрбиесінің оқытушылары Ғ.Имашев пен А.Сериковке
жүктеледі.
4.Жарыс шарты мен командалар құрамы
Алаңға әр командадан 6 ойыншы қатысады.Ауысу шектеусіз.Командалар үш топқа бөлінеді.1-топ:1-курс командалары,2-топ:2-курс,3-топ:3-курс және 10 айлық курс командалары.Барлық командалар спорт киімдерімен қатысулары сұралады.Ойын алдында команда сұраныстары қабылданып,жереби бойынша ойын кестесі белгіленеді.
Ойын олимпиадалық жүйемен өткізіледі.
5.Марапаттау
Турнир жеңімпаздары арнайы I-II-III-дәрежелі дипломдарымен,грамоталармен, сыйлықтармен марапатталады.