М??алімні? к?сіби шеберлігі-білім сапасыны? кепілі


Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-білім сапасының кепілі
«Приозерсқ қаласының №2 МББК» КММ-нің ІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Кошеметова Мейрамкул Каукарбаевна
Мен, Кошеметова Мейрамкул Каукарбаевна, Алматы қаласындағы деңгейлік бағдарламалар бойынша «Өрлеу»БАҰО АҚ «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институты» курсының екінші (негізгі) деңгей курстарында оқып, 2014 жылдың 16 маусымында сертификат иелендім. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде оқушыны дамытады. Оған менің деңгейлік курсты аяқтап,1 жылдан бері 7 модульмен жұмыс істей бастаған кезден бастап көзім жетті. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру десек, оқушылармен сабақ барысында топпен жұмыс,жеке жұмыс,жұптық жұмыс жүргізу арқылы қиындықтарды бірте-бірте жеңіп келе жатқандаймын.Әсіресе,әдебиет сабағында «Сын тұрғысынан ойлау»технологиясын қолдану өз нәтижесін беруде десем артық айтпаған болар едім. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»,«Болжау», «5 жолды өлең», «Еркін жазу» сияқты әдіс-тәсілдер арқылы ойларын ашық,еркін айтуға,ойларын жүйелі жеткізуге ұмтылады. Әрбір көркем шығармаға сыни пікір айтып,өз көзқарастарын білдіреді.Ең бастысы,ойын ашық жеткізуге ұмтылады. Сонымен қатар,білім беру мен білім алудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы –диалогтың да маңызы зор. Осы диалогты сабақ барысында тиімді қолдану арқылы оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан-жақты, еркін айтатын болды. Қазан айында 3 «г» сыныбында әдебиеттік оқу сабағынан С.Мәуленовтің «Мен елімді сүйемін», қазақ тілінен «Жұрнақ пен жалғау»,дүниетану пәнінен «Қызыл кітапқа енген өсімдіктер» атты шеберлік сыныбын өткіздім. Осы сабақтарда 7 модульді қамти отырып, топпен жұмысты тиянақты орындауларына жұмылдыра білдім. Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындауда белсенділік көрсетті. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету» арқылы оқушылардың алған білімдерін есте сақтап қана қоймай, қосымша өздігінен ізденіп оқуға бағыт-бағдар бере бастадым.Соның нәтижесінде,көркем шығармаларды көбірек оқи бастады. Б.Майлиннің «Күлпаш» шығармасын оқығанда өздігінен ізденетін нәтижеге жетті.Көркем әдебиетті оқыту арқылы оқушының шығармашылығын дамытуға болатынына көзім жетті. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Сабаққа қатысты бейнебаяндарды пайдалану,интерактивті тақтамен жұмыс,қайталау сабақтарында,әсіресе, қазақ тілі сабақтарынан алынатын тест сияқты жұмыстар,оқушылардың өзін-өзі бағалауына жол ашып қана қоймай,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Осыған орай оқушылардың өзін-өзі бағалауы, оған түсінік беруі бойларына сенімділік берді.Ал топ мүшелері өзара бағалауға келісіп, келесі жолы одан да жоғары баға алуға ұмтылыстары байқалды.Өзін-өзі бағалау оқушы бойында сенімділікті дамытады. Сонымен қатар,әріптестеріме «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу» тақырыбында әдістемелік бірлестік отырысында баяндама оқып,«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдана отырып,оқушының шығармашылық қабілетін арттыру»,«СТО-ны қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану» сияқты 7 модульді қамти отырып коучинг-семинарлар өткіздім.Жұмысым нәтижесіз емес.