О?ушыны? о?у?а у?жін ?алыптастыру мен мотивациялы? ?дерісті бас?ара білу-саба?ты? сапасы мен тиімділігіні? кепілі


Оқушының оқуға уәжін қалыптастыру мен мотивациялық үдерісті басқара білу-сабақтың сапасы мен тиімділігінің кепілі
Қазіргі таңда мектептің алдында тұрған міндет- педагогикалық процестің тиімділігін арттыру.Осыдан оқу процесін қалай тиімді етуге болады? деген сұрақ туындайды.
Әр мұғалім оқушысының жақсы оқып, мектепке қызығушылықпен және құштарлықпен келгенін қалайды.Мұны ата- аналар да қолдайды. Өкінішке орай ,көбіне мұғалімдер де ,ата-аналар да «оқығысы келмейді», «тым жақсы оқыр еді,құлқы жоқ» деп жатады.Бұл жағдайда біз оқушының бойында білім алуға қажеттілік қалыптаспағандығын,оқуға қажеттілігін сезінбесе, қызығушылықтың жоқтығы айқын аңғарамыз.
Оқушы білім алуға немқұрайлы қараса,қызығушылық танытпаса,білім алудың қажеттігін сезінбесе, оқуда жетістікке қол жеткізе алмайтындығын әр мұғалім біледі.Сондықтан мектеп оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында баланың оқу қызметіне жағымды мотивация қалыптастыруы тиіс .
Оқыту мотивациясы жоғары деңгейде болмайынша, оқуда жетістікке жету ,оқушылардың өз бетінше білім алу дағдысын және танымдық қызығушылығын қалыптастыруды елестету мүмкін емес.
«Мотивация» сөзі латынның «movere» - қозғалту деген сөзінен алынған.
Мотивациясы бар адам біреу жетелеп тұрғандай, табанды,тапсырманы орындауға бар ынтасымен кіріседі,интеллектуалдық, спорттық, шығармашылық жетістіктерге жеңіл қол жеткізеді.
Мотивация – күрделі педагогикалық проблеманың бірі.
Мотивация жүйесі — сапалы және жемісті еңбекті қамтамасыз етуден тұратын материалдық және материалдық емес ынталандырулардың өзара байланысы.
Оқыту мотивациясы — оқу қызметін жүзеге асыруға бағытталған процесс,ол барлық күш-жігерін тапсырманы бағыттайды.
«Оқыту мотивациясы мәселесі- оқыту процесінің өзі туралы мәселе»,-дейді П.Я. Гальперин.
Мотивацияны 2 –ге бөлеміз:
Оқытудың сыртқы мотивтері:
Бағалау;
Міндет;
Материалдық марапттауға ие болу үшін , көшбасшы болу үшін,престиж үшін оқу;
Жазалаудан құтылу .
Оқытудың ішкі мотивтері:
Өз ісінен ләззат алу Удовлетворение от самой деятельности;
Нәтижеге қол жеткізу Прямой результат деятельности;
Жетістікке ұмтылу Стремление к успеху,
Өмірге қажеттілігін түсіну Понимание необходимости для жизни;
Оқу қарым-қатынас жасау мүмкіндігі Учение как возможность общения.
Оқыту мотивациясының басты міндеті-оқыту процесін оқушы тұлғасының ішкі мотивациалық потенциалының ашылуына мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру.
В.А. Сухомлинскийдің айтуынша : «Егер оқушының білім алуға құлқы болмаса,біздің барлық ойға алғанымыз бен ізденістеріміздің күлі көкке ұшады».
Мотивация мәселесі кеңінен зерттелуде.Мұғалімдердің жұмысын бақылау нәтижесінен байқалғаны: мұғалімдер оқушы мотивациясына қажетті деңгейде мән бере бермейді екен.Көптеген мұғалімдер өздері байқамай: бала мектепке келді ме мұғалімнің ұсынғанын бұлжытпай орындауы тиіс деп ойлайды .
Халық даналығындағы «атыңды қайнар бұлаққа әкелгенмен ,суды қанып ішуге мәжбүрлей алмайсың» деген сөзді қазіргі мектеп тәжірибесіне қатысты айтуға болады.Иә,баланы партаға отырғызып, тәртіпке шақыруға, тіп-тіке отырғызуға болады.Бірақ қызығушылығын оятпайынша,ішкі мотивациясын қалыптастырмайынша баланың оқу қызметі көзбояушылық боп қала береді.
Баланы білімнің қайнар бұлағынан «қанып ішуге» қалай тартамыз? Білімге қажеттіліктің маңызы неде? Қалай пайда болады? Қалай дамиды? Оқушының білім алуға мотивациясын қалыптастыру үшін қандай педагогикалық құралдарды пайдаланамыз?
Балалар класта отырып оқуы және толыққанды оқу қызметі түріндегі жаңа білім мен дағдыны меңгеруі үшін оқыту процесін дұрыс ұйымдастыру қажет.( В.В.Давыдов)
Кіші мектеп жасы оқушының оқуға ынтасын ,дағдының іргетасын қалау үшін қолайлы уақыт.
Оқушының оқуға күш салуы оқу мотивациясының қалыптасу деңгейіне байланысты болады.
Оқыту процесінің өне бойына оқушының білім алуына және қарқынды ақыл-ой еңбегіне ішкі қызығушылығын ояту маңызды.
Оқушының танымдық қызметін қалай мотивациялау керек?
Психологияның заңдылығы бойынша баланы бір қызметке шақырмас бұрын оны қызықтыра білу,ол істі орындау үшін қажетті барлық күш-жігерін жұмылдырып,дайын отырғандығына көз жеткізуіміз қажет.
Мотивацияның 3 киті ретінде төмендегілерді атаймыз:
1-кит Іздену еркіндігін сезіну «Біз мұны өзіміз түсіндік,білдік,ойлап таптық»
2-кит Таңдау еркіндігін сезіну «Біз өзіміз таңдай аламыз»
3-кит Құзіретті екенін сезіну «Бұл менің қолымнан келеді, мен түсіндім мұны істей аламын».
Оқушы өзін іштей дайындамайынша,іске мотивациясы болмайынша негізгі педагогикалық әрекет күштеуге әкеліп соғады. «Міндеттісің», «осылай ету қажет» деген түсініктегі мұғалім негативті мотивацияға кезігеді.
Бұл жағдайда оқушы:
Сабақ оқудан бас тартады;
Оқу қызметі мен нәтижесі мардымсыз;
Сабақта жан-жағына алаңдайды;
Тез шаршайды;
Өзіне өзі көңілі толмайды;
Ойлауы дамымайды.
Сондықтан да оқушының жеке қызметін, өз бетінше жұмысын ұйымдастыру мына бағытта жүргізілуі тиіс:
Оқушы әлі нені білмейтінін түсінуі керек;
Оқушы түпкі нәтижені ұғынуы керек
Нәтижеге қол жеткізу үшін жоспар құра білу керек
Оқушы мәлімет көзін анықтай білуі керек
Оның не үшін қажет екенін түсінуі керек
Әр оқушыға жұмыстың жеке өзі үшін нәтижелі болғанына көз жеткізу керек
Мотивацияның проблемаларын шешудің өзіндік жолдары бар:
1) Оқығысы келмеуінің себебін анықтап, оны азайтуға тырысу
2) Оқушының оқу мотивациясын оятатын іс-әрекетті көбейту.
Оқыту мотивациясын дамыту процесіне бағытталған жұмыс түрлеріне тоқталсақ:
- таңдауға мүмкіндік беру;
- эмоционалдық тренинг;
- оқушылардың жетістіктерін мадақтау және оқу қызметіндегі олқылықтар үшін жазалау жүйесін ойластыру т.б.
Оқушының мотивациялық дағдарысының себептері:
Оқу материалының шамадан тыс көптігі;
Баланың өзінің психологиялық қауіпсіздігіне сенімсіздігі;
(қорқыныш пен стресс);
Жазалаудың көптігі мен марапаттаудың деңгейінің төмен болуы;
Кластағы оқушылардың қабілеті әр түрлі, сондықтан іс-әрекетті орындау олар мұғалімнің көңілінен шыға алатынына және ұсынылған тапсырманы жақсы орындай алатынына сенімді болғанда ғана қызығушылығы оянады.
Оқыту мотивациясын арттыру –ұзақ,мақсатқа бағытталған , еңбекқорлықты қажет ететін процесс. Оқу қызметіне тұрақты қызығушылықты қалыптастыру үшін дәстүрден тыс сабақ түрлерін : саяхат сабақ,ойын сабағы,зерттеу сабағы,шығармашылық тапсырмалар сабағы, АҚТ , проблемалық сұрақтар қоюдың маңызы зор.Сабақтың әр кезеңінде оқытудың түрлері мен әдістерін тиімді байланыста қолдану балалардың білім алу мотивациясын тұрақтандырады.
Ішкі мотивацияны арттыру тәсілдері:
Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін сыйлық бермей, бағалау және мадақтаумен шектелуі керек.
Сабақта жарыстыру жағдайын мүмкіндігінше аз пайдалану.Есесіне баланы өз нәтижесі мен жетістіктеріне талдау жасап, салыстыра білуге үйрету.
Оқу мақсаттарын «жоғарыдан» міндеттемеу.Баламен мақсатын анықтауды бірлесе шешсе, тиімдірек болады.
Оқу міндетін дұрыс орындамағаны үшін жазалау тиімсіз шара болып табылады,ол жағымсыз эмоция туғызып,баланы оқуға көзқарасына кері әсер ететіні есте ұстау керек.
Мүмкіндік болған жағдайда уақытқа шектеу қоймау керек,себебі интеллекті жақсы адам барлығын салыстырып, талдап барып ойын жеткізеді, сондықтан оған уақыт қажет.
Тапсырмалар оқушының жас ерекшелігін ескеріп қана құрылмай, белгілі бір дәрежеде күрделі ,баланың құзіреттілігі мен шеберлігінің оянуына мүмкіндік тудыруы керек.Тапсырманың күрделілік деңгейі әр уақытта артып отыруын қадағалау шарт.
Тапсырманы орындау барысында іштей қызығушылығын ояту мақсатында мүмкіндігінше жаңашылдық пен кездейсоқтыққа кездесетіндей етіп таңдау қажет.
Оқу жағдайының мотивациялық күші оқушыларға төмендегі мәселелер ұсынылғанда арта түседі:
Оларға маңызды,қызықты материал ;
Әр түрлі орындау жолдарын қажет ететін тапсырмалар;
Жағымды кері байланыс;
Нақты нәтижесі бар тапсырма;
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасқан жағдайда өз бетінше әрекетену мүмкіндігі;
Сабақтың «изюминкасын» ойластыру.
Слайд краткая теория
Дәстүрлі сабақ Жаңа форматты сабақ
Ұйымдастыру бөлімі-3 мин Мотивациялық кезең -10 мин
Үй тапсырмасын тексеру -7 мин Операциялық кезең -15 мин
Жаңа материалды түсіндіру - 15 мин Рефлексиялық кезең – 20 мин
Оқу материалы бойынша білімін бекіту-10 мин Рефлексия -5 мин Бағалау- 5мин Оқу мотивациясын  арттыру амалдарының бірі- дидактикалық ойындар.Дидактикалық ойын барысында оқушының оқуға қызығушылығы және жұмысқа қабілеті артады. Мысалы :орыс тілі сабағында «Қонаққа барамын» дидактикалық ойынын ойнатса, уақыт алғанымен баланың материалды қалай меңгергені туралы мәлімет алуға болады.Бұл ойынды жеке оқушыға да, топқа да ойнатуға болады.
Этапы урока (слайд)
Жаттығулар жағымды психологиялық ахуал орнатуға көмектеседі,қан айналымын ,оның ішінде мидағы қан айналымын жақсартып, оқушының белсенділігін арттырады,оқушының жас ерекшеліктеріне сай келеді.
Найди ошибку
Самолетик с девизом
Мы уникальные
Идеальный опрос
(слайд )
Мұғалімге жаднама:
Мұғалім сыртқы келбетімен,ісімен, сөзімен үйретеді
Учитель учит внешним видом, делом, словом.
Баладан талап еттің бе-өзің үлгі бол.
Требуешь от детей — будь образцом во всем.
Айқайлама,үйрет! Не кричи, а учи!
Әр оқушыны танып біл.
Познай каждого ученика.
Мұғалім үздіксіз білім алады.
Учитель учится всегда.
Әрқашан істі аяғына жеткіз,барлығын да жоғары деңгейде жаса.
Доводи любое дело до конца, делай его только хорошо.
Шыққын тегіңді біл,Отанды сүюге үйрет.
Помни истоки свои, учи детей любить отчий край.
Балалар-ересектердің ізгі қасиеттерінің айнасы.
Дети — зеркало нравственной жизни взрослых.
«Сабақты ән салардай көңіл-күймен баста» жаднамасы
Памятка «Начни урок, как песню»
Сабақты қоңырау соғылысымен баста
Начинай урок со звонком.
Класпен кездескеніңе қуан.
Радуйся встрече с классом.
Өз пәніңе терең бойлауды ұйымдастыр.
Организуй погружение в свой предмет.
Тақтаны ақпараттар тақтасындай пайдалан.
Используй доску как информационное табло.
Сабақтың дұрыс жоспарлап,нақты мақсат қой, үй тапсырмасын ойластыр.
Четко ставь цели и определяй план урока, продумывай домашнее задание.
Кластың ерекшелігін ескере отырып барлық сабақтың тақырып бойынша сериясын жоспарла.
Планируй всю серию уроков по теме, опираясь на особенности класса.
Қиындықты жойып,қателіктерді болдырма.
Снимай трудности, предотвращай ошибки.
Жауаптарын мұқият тыңда, сөзін бөлме.
Слушай внимательно ответы, не перебивай.
Өзіңді де,балаларды да шын көңілмен жақсы көр.
Люби детей и себя.
«Үлгермеуші психотерапиясы» жаднамасы
Памятка "Психотерапия неуспеваемости"
1. «Жығылғанды жұдырықтама» «Не бить лежачего"
2. Минутына біреуден артық кемшілік айтпа
Не более одного недостатка в минуту
3. «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді»
"За двумя зайцами погонишься…"
4. Орындаушыны мақта,орындауды сынға ал.
Хвалить исполнителя, критиковать исполнение
5. Оқушының бүгінгі қол жеткізген жетістігін кешегі өз кемшілігімен салыстырыңыз
Сравнивайте сегодняшние успехи учащегося с его собственными вчерашними неудачами
6. Мадақтауға сөз аямаңыз
Не скупитесь на похвалу
7. Бағалау техникасы қауіпсіздігін сақтаңыз
Техника оценочной безопасности
8. Оқушының алдына нақты және орындай алатын мақсат қойыңыз
Ставьте перед учащимися предельно конкретные и реальные цели
9. Оқушы бағалау объекті емес,бағалауға қатысушы
Учащийся не объект, а соучастник оценки
10. Жетістіктерін салыстырыңыз
Сравнивайте достижения
Тиімді оқу мотивациясының себебі шындығында біреу!
Ол шынайы қызығушылық
Ол ҚҰМАРЛЫҚ.
Ол ІСТЕГЕН ІСІНЕН ЛӘЗЗАТ АЛУ
Ол ішкі мотивация (ең әділ,ең дұрыс,ең шынайы!)