Бастауыш білім беру сатысында халы?ты? педагогиканы пайдалануды? педагогикалы? шарттары Жас маман?а к?мек


Кабдуллина Анар Қабиденқызы
Бастауыш білім беру сатысында халықтық педагогиканы пайдаланудың педагогигалық шарттары.
Өскемен қаласы әкімдігінің № 26 орта мектеп
Бабалармыздың ғасырлар бойы каһармандықпен қорғап , ұрпағына мұра еткен ұлан байтақ жері ана тілі. Тұрмыстық салт – дәстүрі, өнер - білім үлгісі мол. Оның баянды бағы гүлденіп өсіп, дамыған еліміздің елдігіне, халқымыздың жасампаздық жеріне ынтымақты берекесіне, аға буынның ісін ілгері дамытатынын ұрпағының пешенесіне жазылған ұлттық борыш күрделі де, ауыр да, абыройлы.
Тәрбиенің ойлағандай нәтижелі болмағы ұзақ жылдардың толассыз еңбегіне байланысты. Сондықтан қазақ жас нәрестесін шырылдатып тұзды сумен шомылдырған, оның бойы сергек, ойы алғыр, арманы асқар болуын мұрат еткен. Тілашары үйреткен өлең , жыры әдет дағдысы, айтқан ертек, аңыз әңгіме, мысалы шежіре, дастаны, шерткен сазы, күй, толғауы көрсеткен өнеге тәлім талғамы үлгі мирасы, ақтың жолы осы- деп қалдырған аманат, өсиеті, берген батасы,тілеген тілегі арқылы ұлттық қасиеттерді ұрпағының бойына мысқылдап егіп ,қанына шым- шымдап қара басына қасиет ете білген. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ,бұл ұлттық өсиетті , үлгі- өнегені, өмір тәжірибесін, табиғат тағлымын беруге тал бесік те, ауылдың қонысы да, малдың өрісі де, бабалар жатқан мазар да, аққан су да қызмет еткен.
Бабалармыз бала, ұрпақ тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін де мейілінше мол қолданған.Ұрпақ тәрбиесі үлкен іс. Олай болса, оған қатысты кез- келген мәселеге ат үсті-қарауға болмайды. Ол үшін ,білім беру саласында қандай түріне болсын ұқыптылық қажет. Онсыз ,білім жолы даңғыл бола алмайды. Ұлттық тәлім –тәрбие қамталып алатындығын естен шығармауымыз керек. Ұл ұлағатты, қыз қылықты болсын десек, білім мен тәрбиені ұштастыра жүргізу қажет.
Осы кезге дейін педагогика ғылымы дәстурлі педагогикамен шектеліп келсе, енді ұлттық құндылықтарды қамтау қажеттігі туындап отыр. Педогог ғалым Р.К. Төлеубекова: «Халықтық педогогика мұрасының бірі – дәстүр. Дәстүр – адамдардың рухани тұлғасынан бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Олар: саясатта, қоғамдық өмірдегі дәстүрде, халықтар арасындағы ынтымақтастықта, тендікте, бостандықта, өзара көмек дәстүрінде, қарым- қатынас дәстүрінде, ғылыми дәстүрде, оқу – білім ғылымындағы дәстүрде, отбасы – жанұялық дәстүрінде, енбек дәстүрінде», десе, Ә.Садуақасов өзінің зерттеу жұмысында халық дәстүрлерін, тұрмыстық дәстүрлер, кәсіптік дәстүрлер, мерекелік дәстүрлер, бала куаныш дәстүрлері, құдандалық дәстүрлер, жерлеу дәстүрлері, әскери – ұландық дәстүрлері, мәдени дәстүрлер, діни дәстүрлер, жаңа дәстүрлер деп жіктеген.
Сондай-ақ, психологиялық – педогогиқалық әдебиеттерге және озық педогогиялық тәжірбиеге жасаған талдау қазақ халық дәстүрлерінің бастауыш білім беру сатысында бүгінгі таңға дейін тәрбие теориясында да, практикасында да өз деңгейінде зерттелмегендігінің, нақтырық айтқанда, бастауыш білім беру сатысы оқушыларының қазақ халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің анықталмағанын ғылыми- әдістемелік нұсқаулардың толыққанды жасалмағанын көрсетті. Демек, бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халық дәстүрлері негізінде тәрбиелеудегі қоғамның сұранысы мен оның жүзге асырмауы арасында қазақ халық дәстүрлерлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерінің жоғарылығы мен мектепте оларға деген сұраныстың аз болуы арасында оларды көпсалалы мектеп тәжірибесінде біраз жүйемен пайдалануды ұйымдастыру қажеттілігі мен оны жүзге асыратындай әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында қайшылық бары анық байқалады. Осы қарма- қайшылықтарды шешуге байланысты бүгінгі қоғам талабына сай бастауыш білім беру сатысы оқушыларын тәрбиелеуде қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалануды қамтамасыз етудің жолдары мен педогогоиялық шарттарын қарастыру менің зерттеу проблемамды анықтауға және тақырыпты: «Бастауш білім беру сатысында халықтық педогогиканы пайдаланудың педогогоиқалық шарттары» деп таңдауыма негіз болды.
Қоғам талабына сай елімізде ұлттық мектептер саны көбеюде. Осы орайда халық педогогикасының қағидалары мен материалдарын оқу- тәрбие жүйесіне енгізуге арналған «Балбөбек»(авторлары Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова, т.б.) «Атамекен» ( М. Құрсабаев), «Кәусар бұлақ»(З.Ахметова), «Әдеп әліппесі» (А. Ашайұлы), «Қазақ тәлімінің тарихы»,(Жарықбаев, С. Қалиев), «Әдеп әліппес» ( Ә. Табылдиев), «Ұлттық дүниетаным» 1-4 сыныптар, (А. Құралұлы), «Дәстүр»(Ә. Сәдуақасов) атты бірнеше тәрбие бағдарламалары бар. Дегенмен, қазақстандық педогогиқалық әдебиеттерде дәстүрлер жүйесіне ғылыми тұрғанда терең талдау, оларды тәрбиенің қуатты құралына айналдыру жеткіліксіз болып отыр. Сол себепті дәстүрлерді ұлттық тәрбие моделінің мазмұнына ендіру, олардың нәтижелері ретінде қалыптастырылатын жеке тұлға деңгейін анықтау терең талдауды қажет ететін көкейкесті мәселеге айналады.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасының қалыптасу мен дамуы қуатты жүретін ерекше буын екендігімен анықталады. Сондықтан зерттеу проблемамызға байланысты мәселелердің бүгінгі күндегі көрініс анықтау мақсатында бастауыш мектептің білім мазмұнына қатысты мемлекеттік құжаттарға (стандарт, түжырымдама, бағдарлама, оқулық), жасаған талдау және мектеп мұғалімдерімен жүргізілген әңгімелесулер, педагогиқалық үдерісті бақылау, сабаққа , сабақтан тыс ұйымдастырылып жүрген іс- шаралар қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерінің тәрбие құралы ретінде пайдаланылмайтынын көрсетеді. Мысалы бастауыш білім беру сатысында оқылатын «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Дүниетану», пәндерін бір мұғалім береді. Олардың сол пәндердің бағдарламалары бойынша ұлттық тәрбие беруде аз тақыраптар қамтылған.
Бастауыш сыныптарда халықтық педагогика негізін оқушы бойына кеңірек қалыптастыруда пән сабақтарында, әсіресі математика, тәрбие сағаттарында ұлттық ойындарды пайдалану тақырыбында қалай жүзге асырып жатқандығым жайлы тоқтала кетейін.
Сабақтың тақырыбын: Халық педагикасындағы киелі сандар сыры деп атап, оқушыларға сандар мен оның сырларын терең ұғындыру арқылы ұлттық дәстүр, салт- сананы әрбір ұрпақ бойына сініруді және дамытуды көздедім. Сабақты кіріктірілген түрде өткізіп, 3 және 7 сандарына ерекше тоқталамын. Бастауыш сынып оқушысына ең алғаш таныс фигура үшбұрыш. Кез келген бір түзуде жатпайтын 3нүкте 1 жазықтықты құрайтыны белгілі. Демек халық аузындағы ошақтың үш пұты ұғымы да осы қағидамен астарлас, ендеше келесі сұрақтар арқылы оқушыларға ой тастап, олардың қызығуын арттыру мақсатында төмендегі сұрақтарды қоямын. Оны диаграммасы бойынша іске асырамын.
Ақыл Жан
Жүрек → қуат тәтті ← Мал
Б. Майлин
Тіл Жар
С. Сейфулин

Жансүгіров

БӘЙТЕРЕК БАЙЛЫҚ

Денсаулық
Он саулық
Ақ жаулық

Мұнда оқушы тек 3 санының өзіне және 1-ге ғана бөлінетін жай сан екенін біліп қана қоймай, осы 3 саны айналасындағы халықтың қасиетті, киелі дәстүрін біліп меңгереді. Бұлармен қоса ер кезегі үшке дейін деген сөздің де мағынасын түсіндіріп өтемін. Жаңа технология элементтерін қолдану мақсатында «7 саны» туралы мынадай модуль ұсынамын.
Ер жігіт
Құрғашылы

Сұлу әйел
Мал қырылуы

7
қазына
7
жұт
Берен мылтық
өрт

Ақыл, білім
Оба ауруы

Топан су

Қырын бүркіт
зілзала

Жоқ
Құмай тазы
соғыс
Жүйірік ат

Аллада бауыр
Тасбақада талақ
Аққуда сүт

Жылқыда өт

Осыларды жеке талдап саралай келе Модуль дегеніміз – үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке- жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады деп түсінемін.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындарды пайдалану
Сабақтың білімдік мақсаты:
Математикадан өткен сабақтарды пысықтау
Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, оқушылардың білімін тексеру.
Тәрбиелік мақсаты;
Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлей білуге, ұлт намысын қорғай білуге, өз халқының салт- дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушының ой –өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: Ұлттық ойындардың жеке- жеке суреттері қыз қуу, көкпар, тай жарыс, дастархан, киіз үй.
Сабақтын барысы;
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені қайталау сабағы болғандықтан, қазір Наурыз тойын тойлау арқылы білімдерімізді көрсете аламыз.
Наурыз тойын тойлау үшін қандай дайындықтар жасау керек?
-киіз үй құру
-дастархан жасау
- ұлттық ойындарға дайындалу
Ендеше 1- топ оқушылары Қазбек би ауылының той дайындығын, 2- топ
Әйтеке би ауылының той дайындығын жасайсындар.
-Шаңырақтағы өрнектерге қарап азайтудың және қосудың компоненттерін атау.
-Қосындының мәні 7 болатын өрнек құр.
-Айырманың мәні 4 болатын өрнек құр.
- Шаңырақ қандай фигура
- киіз үй құрған арқандар қандай сызықтар?
-Киіз үйдің есігі қандай фигура?
- Ең үлкен бір таңбалы сан қандай сан?
-Дастархан жасау.
Екі ауыл да дастарханына тоғыз ұлттық тағам қояды. Екі ауылдан да балалар өз карточкасында берілген екі өрнекті шешіп, азайту, өсу компоненттерін ауызша айтып дастархандарына суреттерді жапсырады. Осылай дастархан да әсем салынған суреттерімен жасалып болады.
Ұлттық ойындар ойналады?Қазақтың ұлт ойындарының тағы бір ерекшелігі оған өлең сөздің араласып келіп отыратындығы. Кейде суырып салма өлеңдер де осы ойын үстінде өмірге келеді. Мақал- мәтелдер, жұмбақтар, жаңылпаштар орындалады. Оқушылар ойындарға үзбей қатысса, ол үнемі толғаныста, ізденісте жүреді. Ұлттық ойын оқушыларға не береді
тынығады
Қабілеті оянады
бірлеседі

Сөз қорлары молаяды
оқушы
Өмір танымен кеңейтеді

Ұымшылдыққа үйренеді

Қазақтың ұлттық ойындарын мұғалім барлық сабақта пайдалануға болады. Ұлттық ойындарың түрлері: көкпар, сайыс, теңге алу, асық, тай жарысы, тоғыз құмалақ, арқан тарту, хан талапай тағы басқа. Ойындарды өткізу арқылы балаларды қазақ халқының дәстүрімен, әдет- ғұрпын жоғалтпай оны құрметтеуге тәрбиелеміз.
Оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу, оқыту, әрбір оқушының шығармашылығымен жұмыс істеуі деп түсінемін. Кез-келген оқушы мұғалімінің басшылығымен орындалған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Жеке тұлғаның қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ерте бастасақ, оның қабілеті толық ашылуы мүмкін.
Пайдаланған әдибиттер тізімі.
Қазақстан мектебі. № 9-10 2005 ж
Қазақтың ұлттық ойындары. Е. Сағындықов. Алматы- 1991 ж
Бастауыш мектеп. №3,1991 ж
Дәстүр- ұлттық тәрбиенің өзегі. Алматы,2004 ж №2