Экваторлы?,субэкваторлы?,тропиктік,субтропиктік белдеулер 6 сынып


Сабақтың тақырыбы: Экваторлық және субэкваторлық белдеулер»Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін еске түсіре отырып, жаңа сабақты салыстырмалы түрде меңгерту. Жер шарының географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінуі, әр белдеудің климаттық ерекшеліктері туралы түсінік беру.в) Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру, картамен жұмыс істеуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.с) Тәрбиелік: Оқушыларды ізденіске, табиғатты қорғай білуге, болашаққа өз үлесін қоса білетін білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтітақтакарта, сұрақтар жазылған кестелер, дидактикалық материалдар.Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,түсіндіру баяндау Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша сұрақтар.
І. «Миға шабуыл» ойыны.1. Жер күнді неше жылда 1 рет айналады?2. Жазғы күн тоқырау қашан болады?3. Жазғы күн тоқырау кезінде күннің жерге түсетін орны қай параллель?4. Күзгі күн теңелуі қашан болады?5. 23 қыркүйекте күн қай ендікке тік түседі?6. Қысқы күн тоқырауы қашан болады?7. Ең қысқа күн, ең ұзақ түн қашан болады?8. Көктемгі күн теңелуі қашан болады?9. Солтүстік полюсте полярлық күн қашан басталады?10. Жер шарында қанша жылу белдеуі бар?1 - сұрақ. Глобус пен фонарь (күн) арқылы жазғы және қысқы күн тоқырауын көрсетіп сұраққа жауап бер.1. Жер білігі (осі) күнге қанша градус көлбеу орналасқан?2. Жазғы күн тоқырауы кезінде күннің түсетін орны қай ендік?3. Солтүстік жарты шарда осы кезде полярлық күн бола ма, полярлық түн бола ма? Жауабыңды дәлелде.4. Ең ыстық белдеу қайсы?5. Неге 2 суық белдеу бар?6 Қай белдеуде жылдың 4 мезгілі айқын көрінеді?
1. Қазақстанға қандай жылу белдеуі жатады?2. Елімізде жылдың 4 мезгілі айқын байқала ма?3. Көктемгі күн теңелуі кезінде қазақтарда қандай мейрам болады?4 - сұрақ. Күннің жерге әсері қандай? Жауабыңды дәлелде.1. Күн жерге тек жарық бере ме?2. Күн сәулелері жерге көлбеу түссе, жер бетін қалай жылытады?3. Күн тоқырауын қалай түсінесің?
Мағынаны тану. Жаңа сабақ. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер.Ой қозғау стратегиясы.Жер шарының климаттық белдеулерге бөліну себебі неде?Климаттық белдеулерді ата.Мұғалім: Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық заңдылық - табиғат кешенінің барлық компоненттеріне тән құбылыс. Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардыңКлиматтық белдеулер - Жер шарының ендік немесе субендік бағытта тұтаса немесе бөлініп созылып жатқан, климатқа қатысы жағынан айтарлықтай біртекті өңірлері. Климаттық белдемділік - планетаның беткі жазықтығын климаттық өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше белдемдерге болу принципі. Жер шарын тұтасымен орап өтетін осы белдемдердің жиектері ендік сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағышталған.[1]Әрбір климаттық белдем құрамында бірнеше климаттық облыстар оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық түсінік ретінде де қолданылады. Мәселен, таулы өңірлерге тән түрлі биіктік деңгейлерінін, тек өздеріне ғана тән климаттық жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес климаттық белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді. Климаттық белдеулер климаттық аудандаудың ең ірі бірлігі ретінде қарастырылады. Климаттық белдеулерӘрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді.1. Экваторлық2. Тропиктік3. Қоңыржай4. ПолярлықНегізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Кестені толтыру. Оқулықпен жұмыс.Экваторлық белдеу Табиғат жағдайы Жануарлары мен өсімдіктеріСубэкваторлық белдеу Табиғат жағдайы Жануарлары мен өсімдіктеріТерминдермен жұмысЛианалар -Саванна -Баобаб -Анаконда -Эпифиттер -Горилла -Суб -Сәйкестендіру тестіАтлант................................................ тауСолтүстік Америка............................ ойпатАмазонка........................................... мұхитГималай............................................. материкБаренц............................................... шығанақПарсы................................................. теңізЖұмбақ сұрақ25 - 30 °С2000 - 3000мм10000мм1га50 - 60м300м2м10м2 - 3ай5 - 6айСабақты қорытындылап, бағалау.Үйге тапсырма. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер оқып келу.