Химия п?нінен Сутек та?ырыбы бойынша 8 сынып


Сабақ жоспары
Сынып: 8 А сыныбы
Күн реті: 11.02.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Химиялық элемент ретінде оттектің табиғи қосылыстардың
құрамына енуін түсіндіру. Сутектің жануарлар мен өсімдіктерде кездесуі мен келешекте сутекті отын ретінде не себепті пайдалану тиімді екенін түсіндіру.
Дамытушылығы:
сутекті жай элемент ретінде ғана емес, басқа қырынан да таныстыру;
осы тақырыптан алған білімдерін жүйелеп, әңгімелеп беру;
сутектің изотопарын айтып, түсіндіру;
есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелігі:
оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру;
өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;
оқушының материалды меңгеруге саналы түрде жетуін қалыптастыру;
экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ақпараттық технология, ізденіс, салыстыру, сұрақ-жауап, есеп шығару.
Пәнаралық байланыс: биология, география, тарих т.б
Көрнекіліктер: слайд, сутек жайлы видео.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық /Н.Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, Н.Заграничная, Ә. Темірболатова. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009 ж., 66-70 беттері.
И.Нұғыманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева «Химияны оқыту әдістемесі», Алматы, 2005жыл, 278-280 беттері.
Б. А. Бірімжанов «Жалпы химия» Алматы 2011 ж., 253-261 бет.
Қосымша материалдар: интернет көздері: HYPERLINK "http://www.ustaz.kz" www.ustaz.kz.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (2минут)
Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
Жаңа сабақты түсіндіру (18мин)
Жаңа сабақты қорыту (11мин)
Үй тапсырмасын беру (2мин)
Бағалау (2мин)

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут):
Оқушылармен сәлемдесіп, оларды сынып журналы арқылы түгелдеймін. Оқушылардың сабаққа назар аударуын, сабаққа дайын екендіктерін білу үшін олардың оқу – құралдарының түгел болуын қадағалаймын.
Үй тапсырмасын сұрау (10 минут):
Алдыңғы сабақта алған бақылау жұмыстарының бағаларын айтамын. Төмен баға алған оқушыны шығарып бақылау сұрағын талдатамын.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі (18 минут):
Сутек ең жеңіл элемент болғандықтан Д.И. Менделеев жасаған элементтердің периодтық кестесінде бірінші орында тұр.


Сутек ең жеңіл газ болғандықтан, космос кеңістігінде көп тараған. Күн жүйесі планеталарының 92%-ын сутек атомы құрайды. Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді десе болады. Көп тараған сутектің ең басты қосылысы – су. Сутектің судағы массалық үлесі 11%. Өсімдіктер мен жануарлар организмінің құрамына оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1%. Ол аз болып көрінгенімен, шындығында жердегі әр 100 атомның шамамен 10 атомы сутектің үлесіне келеді.
Сутекті алу.
1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавендиш сутекті алды. Француз ғалымы А. Лавуазье сутектің жай зат екенін анықтап, оған «гидрогениум» деп ат берген. Латынша бұл «су тудырушы» дегенді білдіреді.
Мұғалім: Оттек тақырыбын өткен кезде, оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына беріп еді?
Оқушылар: «Қышқыл тудырушы».
М: Дұрыс айтасыңдар, латын тілінен аударғанда оттек – қышқыл тудырушы, ал сутек – су тудырушы деген мағына береді екен. Осылайша, оттек пен сутекті бір-бірімен салыстыра отырып бір-бірінен айырмашылығын біле аламыз.
Жер бетінде су кең таралғандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру:
2Н2Оэлектр тогы2Н2↑+О2↑ Сутекті алудың тағы бір жолы – метанның сумен әрекеттесуі. Бұл реакця өте жоғары температурада жүреді:
СН4+2Н2О=СО2+4Н2↑-165 кДж Зертханада аз мөлшердегі сутекті белсенді металдар: магнийді, мырышты, темірді сұйытылған тұз HCl немесе күкірт H2SO4 қышқылымен әрекеттестіріп алуға болады.

Сутекті металдарды қышқылмен әрекетестіріп алудың жалпы сызбанұсқасы:
-233916180310белсенді метал
00белсенді метал

1850065124696қышқыл
00қышқыл
56246237738сутек газы
0сутек газы
3965944125036тұз
00тұз

332740019621500149526373321528383573660
1307805559980050082456159500
33279913228200
Zn+2HCl=ZnCl2+H2↑ немесе
Mg+H2SO4=MgSO4+H2↑ Сутекті металдарды сумен әрекеттестіріп алудың жалпы сызбанұсқасы:
-138224183973өте белсенді метал
00өте белсенді метал

541197217189сутек газы
00сутек газы
1850065144780су
00су
311534017529металл гидроксиді
00металл гидроксиді

15582901714551428656985254063514668500
1326352120650049441401228700254118114656700
Са+2Н2О=Са(ОН)2+Н2↑немесе
2Na+2H2O=2NaOH+H2↑Тақырыпты толық қамту үшін сутек жайлы интернеттен іздеп тапқан видео көрсетілді.
Жаңа сабақты қорытындылау (11 минут):
Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар:
1. Сутектің жер қыртысындағы мөлшері (1%)
2. Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды (92%)
3. Алғаш рет сутекті алған ғалым (Г. Кавендиш)
4. Сутек латын тілінен аударғанда қандай мағына береді (су тудырушы)
5. Белсенді металдармен қышқылды әрекеттестіру арқылы не алуға болады (тұз бен сутек газын)
6. Өте белсенді металдар мен су әрекеттескенде түзілетін өнімді атаңдар (металл гидроксиді және сутек газы)
Жаңа сабақты бекітуге арналған есептер:
№ 1-есеп. Массасы 4 г кальций сумен әрекеттескенде неше грамм сутек газы бөлінетінін есептеңдер.
12759075074100Берілгені: Шешуі:
m(Са)=4г 4г х г
-7874012094500 Са+2Н2О= Са(ОН)2+2Н2↑
Т/к: m(Н2)=? 40г 4г
4г (Са)------------- х г
40г (Са)------------- 4г (Н2) Х = 4*4/40 = г (Н2)
m(Н2) = 0,4 г
Жауабы: m(Н2) = 0,4 г
№ 2-есеп. Массасы 2,4 г магний сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттескенде қанша грамм магний хлориді түзіледі?
12759074860000Берілгені: Шешуі:
m(Mg)=2,4 г 2,4 г х г
-787407284800 Mg+2HCl= MgCl2+2H2↑
Т/к: m(MgCl2)=? 24г 95г
2,4г (Mg)------------- х г (MgCl2)
24г (Mg)------------- 95г (MgCl2) Х = 2,4*95/24 = 9,5 г (MgCl2)
m(MgCl2) = 9,5 г
Жауабы: m(MgCl2) = 9,5 г
Үй тапсырмасын беру (2 минут):
Үй тапсырмасы: §30 оқу, 8-9 есептерді шығарып келу.
Бағалау (2 минут):