Ашы? саба? ?жемні? к?рпешесі


Әжемнің көрпешесіБілім саласы: «Шығармашылық»Білім бөлімі: «Жапсыру» Тақырыбы: «Әжемнің көрпешесі» Мақсаты: Балаларға қазақтың тұрмысы киіз үй жасауы, туралы түсінік беру. Көрпешенің пішіндерімен таныстыру үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша қиындыларын қиып симметриялап желімдеудің тәсілдерін меңгерту. Баланың өз бетінше құрақ жапсыру дағдыларын дамыту. Тазалық пен еңбекке тәрбиелеу. Бір-бірінің еңбектеріне көмектесіп ұқыпты орындауға қалыптастыру. Көрнекіліктер: Киіз үй жабдығы, әже көрпешелер, қағаз картон, қиылған үлгілер, желім, қылқалам. Билингвалды компонент: Киіз үй – Юрта, Әже – бабушка Қозғаушы-ынталандырушы кезең Балалар топқа кіріп шаттық шеңберін жасайды, сәлем береді. Күн мен айға әлемнің ыстық сәлемін қонақтарға сүйсініп береміз сәлем иіліп. Тәрбиеші: -Балалар, сендердің барлығыңның әжелерің бар. Сендер әжелеріңді жақсы көресіндер. Ал енді біз бүгін ауылдағы әжемізге барғыларың келеді ме? Балалар: -Иә. барғымыз келеді. Жасап-ізденуші қызмет Балалар, сендер білесіңдер ме, ауылдағы әжеміз өте еңбекқор кісі. Әжеміздің ауылына барғанда міндетті түрде сендерге тапсырма береді. Сол тапсырманы бірге орындаймыз ба? -Иә, орындаймыз! Тәрбиеші балалармен бірге ауылдағы әженің үйіне барады. Жолда қураған ағаш жапырақтарды көреді. -Балалар, көрдіңдер ме, ағаштар қурап, жапырақтар сарғайып қалыпты. Бұл қай мезгілде болады? -Күз мезгілінде! -Балалар неліктен күзді алтынға теңейміз? -Өйткені жан-жақтың барлығы сап-сары! -Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме? Анель: Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді! -Балалар күз мезгілінде табиғатта және қандай өзгерістер болады? -Жапырақтар сарғаяды, Жел тұрады, жаңбыр жауады. Осы кезде әуеннен найзағайдың жаңбырдың даусы естіледі. -Ой, балалар, жаңбыр жауып жатыр. Қане, қолшатырға келе қойындар! -Біз бақытты балдырған, Қорықпаймыз жаңбырдан. Төбемізде қолшатыр, Алдымызда жол жатыр. Балалармен бірге ауылдағы әженің үйіне келіп жетеді. Әже балаларды қарсы алып, қонақ етеді. Балалар әжемен сәлемдеседі. -Саламатсыз ба, әже! Әже:- Саламатсындар ма, балалар! Келіңдер, төрлетіңдер, қонағым болыңдар! Әжелеріңнің киіз үйін тамашалаңдар! Балалар киіз үйді көріп, тамашалайды. Әже өзінің киіз үй жабдықтарымен таныстырады. Әдемі көрпешелерін көрсетеді. Тәрбиеші:-Балалар, әжеміздің көрпешелері қандай әдемі?! Әже: Балалар маған қонаққа сендер сияқты көптеген балалар келеді. Көрпешелер де көп керек. Қанеки балалар көмек берейік! Тәрбиеші балаларға дайындалған үстелге жайғастырып отырғызады. Көрнекі құралдармен таныстырады. Тәрбиеші: балалар алдарыңдағы үлгілер әжеміздің құрақтары. Біз бүгін құрақтарды қағаз бетіне желімдейміз. Геометриялық пішіндерді бірге атайықшы! -Үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша. Әже де балаларға көмек беріп, бірге жапсырады. (Жұмыс жасайды, қиылған пішіндерді қағаз бетіне жапсырады. Аяқтаған жұмыстарын тәрбиешіге тапсырады.) Әже: Жарайсындар балалар! Әже біздің балалар сіз туралы тақпақтар да біледі. Қане балалар, әжемізге арналған тақпағымызды айтып берейікші! Сабина: Әже деген көп шығар, Әжемдей кісі жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі! Көркем: Ертегі қандай көп еді. Күнде айтып береді. Қуанатын балаша, Әжем менің тамаша! Әже: Қандай тамаша тақпақ өлендер. Жарайсындар! Өте өнерлі екенсіңдер, өнерлерің өрге жүзсін. Отанымыздың жақсы азаматы болып өсіңдер. Ал енді менің де сендерге арнаған сыйым бар. Мінеки әжелеріңнің дәмді құртын қабыл алыңдар! Рахмет сізге, әже! Тәрбиеші: -Біз енді балабақшамызға қайтайық. Сау сәлемет болыңыз. Әже:- Сендерге де рахмет, әрқашанда жолдарың болсын. Сау болыңдар! -Сау болыңыз, әже! Жетекші-жөндеуші қызмет Тәрбиеші мен балалар топқа оралады. Шаттық шеңберін құрады. Балалармен бірге: Қол ұстасып тұрайық. Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық! Күтілетін нәтиже: Балалар дайын үлгі қиындылармен жапсыра білуі. Қазақтың киіз үй жабдықтарымен танысуы. Білуі қажет: балалар көрпешенің еңбегін қалай жасалуын. Меңгеруі: Киіз үй жабдықтарының атауларын.