Урок по физике на тему Жылу ??былыстары шы? бермес Шы?айбайды? ?йінде


Тақырыбы: Жылу құбылыстары шық бермес Шығайбайдың үйінде
Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулып,зейінін,байқампаздығын жан-жақты арттыру,ойлау қабілетін дамытып,дүние және білім танымын кеңейту,бойларына адамгершілік ақыл-парасат қасиеттерін қалыптастыруға үйрету.
Қазақ халқы өте ежелден-ақ күнделікті өмірінде,тұрмыс тіршілігінде ,әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерінде физикалық құбылыстарға жете мән беріп келген.
Отқа темір қайнатқан,
Пұт балғаны ойнатқан.
Нанша илер темірді,
Ұста болар ма екенсің!-деген бесік жырының өзі ананың ақ тілегі мен арманшыл мағанасымен қатар баланы еңбексүйгішке тәрбиелеп,сонымен қатар өлеңнің әрбір жолдарындағы жылу құбылысына тән қайнау процесі,темірдің балқуы мен балғаның көтерілуі кезіндегі дене энергиясының бір түрден екінші түрге айналуы,темірді соққан кездегі дененің түрлі пішінге келіп,деформациялануы сияқты көптеген физикалық құбылыс айтылған.
Халқымыздың нақыл сөздері мен жұмбақтары,өлеңдері мен ырым-тыйымдарының мән-мағанасынан осындай құбылыстардың бейнесін жиі кездестіреміз.Сонымен қатар ұлттық ойындарымызда да физикалық заңдылықтар мен құбылыстарды байқауымызға болады.
Армысыздар,білім сүйген жас өрен,
Физиканың сырларына үңілген.
Дана халық өнегесін жаңғыртып,
Табиғат пен физика заңын үйренген.
Табиғат заңын паш етеді Сіздерге,
Халқымыздың ежелгі салт-дәстүрмен
Білімімен тамсандырған талайды,
Талапты ма,көріңіздер халайық.
Ғылым сүйген ұлдарымыз ортада
Жылу құбылыстары Шық бермес Шығайбайдың үйінде көрініс
1-көрініс.
Автор:Ерте заманда,құйрығы келте заманда Шық бермес Шығайбай дейтін бай болыпты.Төрт түлігі сай болыпты.Тіпті тастан да сараң,өзі тоймайтын адам болған.Үйіне кісі келсе:-Шық –әй!-дейді.Осыдан жұрт оны «Шығайбай» атап кеткен.Ел арасында Алдар көсе қанша қу болса да,Шығайбайды алдай алмас,-дейтін сөз тарайды.Сол сөз бір күні Алдардың құлағына да келеді.Бұл сөз әрине Алдардың намысына тиеді.Сөйтіп,Шығайбайдың ауылын іздеп, жолға шығады.
Алдар көсе:Шық бермес Шығайбайдың,Мырзабай етпесем,Алдар деген атым құрсын.
Автор:Алдар күні-түні жүреді.Ақырында Шығайбайдың үйіне келеді.Үй жақтауынан Алдар сығалап,үйдегі болып жатқан жайттарды бақылап отырады.
Бай қазы айналдырып отырады,бәйбіше нан илеп отырады,қызы қаздың жүнін жұлып отырады.
Қызы:Апа, мыны үйдің ішін неге киізбен жапқансыңдар,жай ғана матамен жабуға болатын еді ғой?
Бәйбіше:Қызым,үй ішін киізбен жапқан себебіміз, әр заттың жылу өткізгіштігі әр түрлі ғой.Киіздің өткізгіштік қасиеті жай матаға қарағанда аз.Киіз жүннен жасалады,жүн ылғыл мен температура әсерінен(киіз басу) және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да,көлемі кішірейіп,тығыздығы артады.Киіз басудығы ең жоғарғы тығыздық 0,55 г/см3.Енді киіздің жылу өткізгіштігіне тоқталайық.Жылуды нашар өткізетін заттар денені салқындаудан немесе қызып кетуден сақтау қажет болатын жерлерде пайдаланылады.Ал киіздің жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан оның осы қасиеті киіз үйдің аптап шілдеде сая,ызғырықта жылы баспана болуын қамтамасыз етеді.
Әдетте киіз үйге ақ шаңқандай киіз жабады.
Қызы:Киіз не себепті ақ болуы керек?
Бәйбіше:Ақ киіз өзіне түсетін әр түрлі сәулелердің барлығын шағылдырады да жылуды аз сіңіреді, бұл да жазда киіз үйдің салқын болуына әсерін тигізеді.
Қызы:А-а-а солай ма?Ту-у,мен жаман терлеп кеттім.Әкемде терлеп кеткен,мұның себебін түсіндірші.
Бәйбіше:Біз жұмыс істеп отырмыз ғой.Жұмыс істегенде ішкі энергиямыз артып терлейміз,яғни ішкі энергияны жұмыс істеу арқылы өзгертуге болады.
Қызы:Мұның сыры осында екен ғой.Енді білетін боламын, рахмет апа!
Автор:Осыдан кейін Алдар ішке кіріп амандасады.
Алдар көсе:Кеш жарық байеке!
Автор:Үйдегілердің қолындағы барлық тағамдары бір-ақ сәтте жоғалып кетті.
Бай:Қайдан келдің,калай келдің,көрген,білгенің бар ма?
Автор:Алдар көсе байдың сөзін аяқтамай жатып,жаңағы үйден көргенін желдірте жөнелді.
Алдар көсе:
Артық кем қып асырмай,
Шын айтқанда жасырмай.
Былшете түсті иленіп
Бәйбіше астындағы нанындай
Өтірік болса сақалым жұлынсын
Қыз астындағы тырнадай
Бәрінде осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай.
Бай:Шоқ түссін тіліңе!әй бәйбіше,асынды аса бер.
Бәйбіше:Піс қазаным бес ай!
Алдар көсе:Отырайын он ай!
Бәйбіше:Менің темір қазанымның массасы 8 кг,оған 10кг су құйылған.Неде болса,Алдакеңе бұл етті жегізбеуіміз керек.Олардың температуралары тек 10 градустан 40 градусқа шейін ғана қыздыру үшін су құйылған қазанға қанша жылу мөлшері берілуге тиіс.Қанеки қызым жылдамдатып есептеп жіберші.
Автор:Қызы есептеп шығарады.
Шығайбай от басында қалғып отыр,
Алдар көсе көзін жұмып аңдып отыр.
Қызуы шым тезектің екі жанға
Қандай тәсіл түрімен жетіп отыр.
Алдар көсе:Қызуы шым тезектің екі жанға
Сәуле шығару түрімен жетіп отыр.
2-көрініс.
Автор:Алдардың сұмдық қылықтарына шыдамай,келесі күні жолға шықпақ болады да бәйбішесіне:
Бай:Қонаққа көрсетпей маған нан алып беріп жібер.
Автор:Әйелі жерошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып,байдың қойнына тыға қояды.Мұны көрген Алдар жүгіріп шығып:
Алдар көсе:Е, байеке бұдан былай жолығамыз ба,жоқ па?Ақтық рет достарша көрісіп,төс қағысып айырылайық.
Бай:Ау, жарайды енді.
Автор: Ыстық нан байдың жанына батқан сайын Алдар қаттырақ қыса береді.
Бай:Мына ит жегірді ит жесін....
Алдар көсе: О,бай- ау, ит жегенше,мен жейін.
Автор:Шық бермес Шығайбай кетпек болды,
Қызуы қарма нанның шыдаттырмай
Шығайбай безек қағыпайқай салды.
Бұл жерде жылу берілуінің қандай түрі арқылы беріледі?
Алдар көсе:Нанның қызуы Шығайбайға жылу берілудің жылу өткізгіштік арқылы беріледі.
3-көрініс.
Автор:Бай сол күні аш кетеді.Бай екінші күні тағы жолға шығарда бәйбішесіне бір торсық айран құйғызып,оны көрсетпей ішіне байлап алады.Бай енді шығуға ыңғайланғанда.
Алдар көсе: Байеке, мен сіз келгенше жүретін шығармын,қоштасып алайын.
Автор:Құшақтасқан күйі торсықтың тұсынан қысады.Торсықтағы айран төгіліп,байдың мазасын келтіреді. Торсықты амалсыздан Алдарға беріп,Шығайбай бұл жолы да аш кетеді.
4-көрініс.
Автор:Алдар көседен құтыла алмаған соң бай Алдардың атын сойып алмақ болады.Атының қасында байдың да аты тұрады.Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса,екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен.Өз атының қасқасына сиырдың жас жапасынжағып жоғалтады да, бай атының басына бор жағып қара қасқа ат етіп қояды.Сөйтіп,орнына келіп жата қалады.Алғашқы күні етті жеп қойған Алдар екенін біліп бай ішінен:
Бай:-Тұра-тұр,бәлем!
Автор: Бай Алдарға ыза болып жүр еді. Алдар ұйықтайды-ау дегенде сыртқа шығып,Алдардың атын жарып тастайды.
Бай:Міне,жігітім,сазайың!
Автор:Деп өзінің істеген ісіне көңілі толы,қуанып,төсегіне жатып ұйқыға кетеді.Таңертең бай тұрып Алдарға:
Бай:Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді.Жарылып қалған сенің атың болуы керек.Сорлы атыңды бақпай,қазан бағып жүрген не қылған адамсың.
Автор:Деп, қарқ-қарқ күледі.Сонда Алдар тұрып.
Алдар көсе:Қандай қасқа екен?Боқ қасқа болса, менікі,бор қасқа болса,сіздікі.
Автор:Бай сонда құдайдың ұрғанын бір-ақ біледі де,орнынан тұра жүгіреді.Жүгіріп барса,айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен.Бай күйіп кетіп,Алдарға келіп:
Бай:Жоғалт қараңды,сұм!Мен сені енді көрмейін.
Автор:Деп шығып кетеді.Сыртқа шығысымен әйеліне:
Бай:Мына итті тез жөнелт.
5-көрініс.
Автор:Бай үйден ұзай бергенде Алдар жақындап барып:
Алдар көсе:Етігім жыртылып,шылғауым шығып жүр.Бізіңді беріп кет.
Автор:Байдың бергісі келмейді.Алдар жабысып жібермейді.Ақыры болмаған соң:
Бай:Әй, алсаң алшы,антұрған!Алда қараңды жоғалтшы,кәпір!
Автор:Алдар алғысты жаудыртып, күліп қала береді.Бай кетісімен Алдар оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:
Алдар көсе:Ал, бәйбіше, қызыңыз, Бізбикені киіндіріңіз.
Бәйбіше:Е, не үшін.
Алдар көсе:Баймке келісіп,мен қызыңызды алып кетемін,болды.
Бәйбіше: Жоғал әрі сұм неме!Саған қыз беретін бе еді бай!
Алдар көсе:Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал.
Автор:Сыртқа шығып,недәуір жерге ұзап кеткен байдың артынан айғайлайды.
Алдар көсе:Әй,бай!Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең.
Автор: «Біз» деген сөзін созыңқырап.
Бай: Әй, бәйбіше! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін.
Алдар көсе:Әне,естідің бе?
Бәйбіше:Мына кәрі қақпас алжыған ба өзі?Елді құртқан бір қуаяққа қыз беріп құтылған ба?
Автор:Деп таңқалады әйелі.Анау-мынау дегенде көнбестен жасауын буып,қызды атқа мінгізеді.
Алдар көсе: «Шық бермес Шығайбайдың Мырзабай еткен Алдардың ойыны осылай болады».
Автор: Деп еліне тартып отырады.




Карманов жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы
Тақырыбы:Жылу құбылыстары Шық бермес Шығайбайдың үйінде
(көрініс)
Физика пәнінің мұғалімі
Сисенғалиева Л.Т
2016 жыл