Инновациялы? ?ызмет — мектепке дейінгі білім беру ?йымдары педагогтарыны? к?сіби дамуыны? факторы


Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.Балабақша– келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себептен балабақша педагогтарының кәсіби дамып өсуі жаңа технологияны меңгеру-мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуы , өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруы басты мақсаттардың бірі болуы тиіс.
Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам - өз заманының баласы», сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр.
«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол — «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiрдi. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Қазіргі заман инновациялық қызметі- балабақша балалармен жұмыс істеуде инновациялық технологиялар, әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуі педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында МДҰ-ның балалары – өз қажеттіліктері, қабілеттері және мүмкіндіктеріне сәйкес жеке дамуына, педагогтары – өз кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар. МДҰ басшысы – балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс үстінде үнемі болуына, заман талабына сай бағыт-бағдар беріп отыруы керек деп ойлаймын. Осы тұрғыдан Көкшетау қаласындағы № 6 «Нұрай» балабақшасының ашылып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатқанына жеті ай болғанымен, ұжымның алдына оқу-тәрбие процесінің жан-жақты ізденіс жұмыстарының жүргізілуімен қатар, жалпы балабақшада жүргізілетін іс-шаралардың сапалы болуына байланысты ізденіс жұмысы үнемі жүргізіліп отырылуы алға қойылды.
Педагогикалық мамандардың тәрбие беру жөніндегі білім денгейін көтеру, педагогтар «Өзін-өзі тану», «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» және тағы басқа білім жетілдіру курстарына қатысты.
Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.
Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. «Балабақша үйіміз, әдемілікті сүйеміз» - деген ұранымызбен «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланың өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету.
Экологиялық мәдениетінің негізгі мақсаты:
Қоршаған ортамен таныстыру ;
Адаммен табиғаттың бірлігі туралы білім негізін қалыптастыру;
Қоршаған ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру;
Экологиялық мәдениет негізін қалыптастыру;
Қоршаған орта мен жануарлар әлеміне қамқорлық жасауға жетелеу.
Балабақшадағы сыртқы безендіруі таза табиғи және құнсыз заттардан жасалынып төңірегімізді көркейтіп тұр. Тәрбиеленушілердің табиғатты танып білуге және оның тылысым тынысының өздік ерекшіліктерін түсінуге арнайы таза ауадағы экологиялық кабинет жасалды.Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуға үйреніп табиғатпен етене байланыста болады.
3-4 жасар балаларға арналған экологиялық жол салынған. Ол жолда балалар құмырсқа иілеуімен, шағын тоғанмен, аралардың еңбегімен, жәндіктер әлемімен танысады.
5-6 жасар балаларға арналған экология жолында, балалар бақша ішінде тәрбиешілермен еңбек жасайды, көкеністердің өсіп-жетілуін бақылайды және әлемнің қызықты жерлерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін «мысыр елінің пирамидасы» жайғасқан, «кактустар әлемі», «орыс халық ертегілері» және «қазақтың жайлауы» сияқты бұрыштар бар.
Балабақшаның ішіндегі безендіру экологиялық бағытқа сай келеді, яғни экология бөлмесі, экологиялық бұрыштар балалармен жұмыс жасауға және балалардың жан-жақты дамуына ықпал жасайды.
Тәрбиелеу мен білім беру ісіне отбасын тарту, ата-аналарды педагогикалық үрдістерге ,жоспарлау мен ұйымдастыруға қатыстыру, ата-аналардың балабақшамен тығыз байланыста болуы.
Бурабай мүлтік ауданындағы тұрғындарға және балабақша ата-аналарына арналған балабақша туралы толық мағлұмат тақтасы ғимаратымыздың алдында орналасқан.
Балабақшамыздың әдемілігін айқындап тұрған төңірек бойынша ақпарат бұрышы бар.
«Денсаулық –зор байлық» дегендей, баланың дені сау болып дамуына көп көңіл бөлінеді. Апта сайын ата-аналар және ұжымның қатысуымен таңғы жаттығулар өткізіледі. Тағы бір енгізілген жаңалық : ақпарат бұрышында баланың ай сайын қатысу мониторингі өткізіліп тұрады.
«Әр елдің өз тарихы болады» дегендей біздін бақшамыз балалардың әлемі болғандықтан «Кешегі- «Айгөлек», бүгінгі «Нұрай» атты мұражайымыз ашылды.
Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге педагогтың де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Оған қойылатын талап та жоғарғы деңгейде болады. Жаңа технологияның дамуы-ның арқасында балалардың дамуына да үлкен үлес қосылды. Осыған орай балабақша ішінде ай сайын жарық көретін «Нұрай тынысы» ақпарат басылымы шығарылады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуді өз міндетімізге алып отырмыз. Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, шығармашылық еңбек етуге жол салу да жас ұйымның алдына қойған мақсаттарының бірі.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері сай өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек екенін ұстаз ешқашан ұмытпауы тиіс.
МДҰ жұмысында маңызды өзгерістерді туындататын инновациялардың түрлерін енгізу нақты мақсат-міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік білім беру стандартының критерийлеріне және баланың құқығын қорғау Конвенциясы негізінде жүзеге асырылады.
№ 6 «Нұрай» МДҰ-ның балалары – өз қажеттіліктері, қабілеттері және мүмкіндіктеріне сәйкес жеке дамуына, педагогтары – өз кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар. МДҰ басшысы – балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс тәртібінде жұмыс жасап келешек ұрпақты өмір талабына сай тәрбиелеп білім беру, ал ең бастысы дені сау, рухани азамат дайындау.