Методическая статья Желілік ?ауымдасты? ар?ылы т?ра?ты даму


Ғ-есебі . Желілік қауымдастық арқылы тұрақты дамуды қалай қолдаймын?
Бірінші деңгей бағдарламасындағы нұсқаулықта білім беру желісі дегеніміз-оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде,болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау ,жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер-деп жазылған.
Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады.Бірінші бетпе –бет кезеңінде желілік қауымдастық тақырыбын өткенде 1-ші ілгері деңгейдің 7-тобы арасында« Мұғалімдер бірлігі» деген атпен желі құруды жоспарладық. Сол бойынша қыркүйектің 14-не Шымкент қаласындағы № 87 –мектепте «Мұғалімдер бірлігі» желісінің кезектегі бетпе бет кездесуі өтті. Онда біз мектептегі іс-әрекет кезеңінің қайсымызда қалай өтіп жатқандығын, қандай мәселеде қандай қиыншылықтар болып жатқандығын талқылап, одан қалай шығу керектігін ойластырдық. Бұл кездесуден өзім үшін пайдалы көптеген мәліметтер алып,әріптестеріммен дидарласып қайттым. Одан кейін де «Мұғалімдер бірлігі» желі мүшелерімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болдым.
Қаламызда біз 1-ші,2-ші деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өтіп жатқан мұғалімдер желісін құрып, үш рет кездесіп,бір-бірімізбен іс-әрекеттегі жұмыстарымызды талқыладық,ондағы кездесіп жатқан кедергілер мен сәтті тұстарымыз туралы пікір алмастық.Бұл желіге ағылшын тілінің,химия пәні мұғалімдерін ертіп барып ,оларды деңгейлік бағдарлама идеяларымен таныстырдық.
Мен де мектептегі іс-тәжірибе кезінде мектеп ішінде бірлестіктер арасында мектептен тыс ұйымдар арасында да желілік қоғамдастықтар құруды жоспарладым.Соның ішінде мектепішілік желі - жаратылыс тану,тарих-география ,дене шынықтыру және еңбек кафедраларының мұғалімдері, мектеп әкімшілігі мен психологы арасында тығыз кәсіби қарым-қатынас орнады. Мектептегі желілік қоғамдастықта бастапқы кезде бір бағытта жұмыс жасайтындығына сәйкес тек мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жұмыс жасадық. Топтағы әріптестерімнің сабақтарына қатысты әдіс- тәсілдермен қамтамасыз ету үшін басқа да білім беру желілерінен материалдар алып отырдым.Біздің мектеп-лицей электрондық оқыту жүйесіне көшкендіктен ата-аналар интернет желісі арқылы балаларының оқу үлгірімі,тәртібі жөнінен пән мұғалімдерімен ,сынып жетекшілерімен,мектеп әкімшілігімен тығыз қарым-қатынаста болуға толық мүмкіншіліктері бар.Олар балаларының электронды түрдегі журналымен,күнделігімен таныса алады.Бұрын ата-аналар жұмыстан босай алмайтындығын себеп етіп жиналысқа келе алмаса,енді мектептің электронды поштасы арқылы үйінде жұмыстан тыс уақытта ақ жиналыста не болғаны,не айтылғаны туралы мағлұмат ала алады.Бұл желі арқылы ата-аналар,оқушылар мен мектептің ұйымдасқан түрдегі жұмысына,оның ішінде білім сапасын арттыру мақсатында өте тиімді екендігіне, баласының,сабақтан тыс уақытта немен айналысқанын қадағалау мақсатында да тиімді екенін көрсетті.Маған мектептегі іс-тәжірибемде жан-жақты қолдау көрсеткен тәлім алушым Х-қа және коучерлер М.А. және А.Ж-қа,Ө.И-ге өз алғысымды білдіремін.
Мен енді өзімнің мектеп ішінде бастаған желілік қауымдастығымды одан ары кеңейткім келіп отыр.Оны бір жылға лайықтап жоспарладым. Өзіме қоғамдастыққа тартам деген құрылымдардың қатарына Кентау қаласының биология пәні мұғалімдерімен және Х. Қ. Т. У –дің экология факультетін,Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми зерттеу бөлімінің ғалымдарымен оқушылардың ғылыми жобалармен айналысуы үшін желі көлемін арттыруды мақсат етіп отырмын. Кездесу жиілігі мектеп ішілік зерттеуші топтармен және пән бірлестігіндегі жұмыс топтарымен аптасына бір реттен кездесіп отыруға мүмкіндігім болады деп есептеймін,сондай-ақ ол жұмыстарды топ басшыларын сайлап ,солар арқылы бақылауға болады.Кентау қаласының биолог мұғалімдерімен ,Қаратау қорығының ғалымдарымен айына бір реттен кездесу мүмкіншілігіміз бар.Топтардың негізгі мақсаттарына тоқталатын болсам Республикалық,облыстық деңгейде әріптестеріммен кәсіби байланысқа түсіп,біліктілік арттыру .Мектептегі «Экоклуб» мүшелері мен оқушылардың зерттеу топтарының университет ғалымдарымен биология, экология , химия,физика пәндері мұғалімдері арасында кәсіби байланыс, Қаратау қорығының ғалымдарымен оқушылардың ғылыми зерттеу жобалары бойынша байланысты нығайту.Бұл байланыстар бұрын да болған оқушыларымыздың ғылыми жобалардан Республикалық деңгейдегі табыстары да бар,бірақ ол байланыс жүйелі түрде жүргізілмеген болатын.