Та?ырыбы: Жол т?ртібін жады?да ?ста! сайысы.


Тақырыбы: «Жол тәртібін жадыңда ұста!» сайысы.
Мақсаты:
Білімділік:  Жас ұрпақтың көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу шеберлігін, ойлау қабілеттерін, сұрақ - жауап арқылы тіл байлықтарын, шығармашылық ізденістерін және танымдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, зейінділікке, мәдениеттілікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, кеспе қағаздар, плакаттар, т.б.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесу, топпен жұмыс, сұрақ - жауап, пікір -
талас.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім:
Мұғалім: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», - деп Бауыржан Момышұлы айтқан болатын.
Қазіргі таңда жол – көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі, көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның 3 – жексенбісінде жол – көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіл әлемдік күні атап өтіледі. Соған байланысты балалар біз бір минуттық үнсіздік жариялаймыз!
Ендеше, балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды.
Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді.
Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды.
Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды.
Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған.
1 - топ. "Бағдаршам"2 - топ. "Жол белгілері"3 - топ. "Жүргізуші"
4 – топ. «Тәртіп сақшылары»
5 – топ. «Жедел жәрдем»
6 – топ. «Басымдылық белгілері».
І – кезең: Көше ережесін білесіңбе?
Жаяу өтпе
Тұруға тыйым салынады
Басты жол
Бағдаршам
Өрт сөндіру қызметі
Басып озуға тыйым салынады
Жер асты өтпелі жол
Аялдауға тыйым салынады
Тегіс еме жол
10)Кіруге тыйым салынады
11)Жедел жәрдем қызметі
12)Аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады
13) Ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынады
14)Автобуспен троллейбустың аялдау орны
15)Велосипед жолы
16)Тұрақ орны
17)Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады
18)Тік қозғалыс
19)Жол беріңіз
20)Кері бұрылуға тыйым салынады
21) Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады
22) Полиция қызметі
23) Қауіпті бұрылыс
24) Алғашқы медициналық көмек пункті
25) Жеңіл таксилердің тұрақ орны
Мұғалім: Биг – бен сағаты Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды.
Қызыл алаң. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.
ІІ – кезең: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 4 - дана болу керек.
ІІІ – кезең: Қимылды ойын: «Бағдаршам». Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткеде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтайды. (суретті тапсырма)
Ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлерінің мінген көліктерін еске түсірейік.
 1.Пошташы Печкинге дядя Федяның ата-анасы қандай сыйлық сыйлады? (Велосипед)
2. Жалмауыз кемпір көлігі?(келі, сыпырғыш)
 3.Ертөстіктің жанындай жақсы көрген көлігі? (Шалқұйрық)
 ІV – кезең: Видеоролик. Ой - толғаныс
Қорытынды: Әлем бойынша жол бойында жыл сайын 1 млн 200 мың адам, 1 күнде 3500 адам осы себептен бақилық болады.  Ал Қазақстанда жылына 2500 жан қайтыс болады. Ойлап қарасаңыз, бүкіл бір ауылдың халқы емес пе? Жантүршігерлік көрсеткіш. Ауған соғысында 10 жылдың ішінде Кеңес үкіметі 13 мың солдатын жоғалтқан болса, біздің ел соңғы 10 жылда жол апатынан 25 мың азаматынан айырылып отыр. Ресми мәлімет бойынша, жол апаттарының саны жағынан ОҚО 1-орында, одан кейін ШҚО, Алматы және Ақтөбе қаласы тұр. Сайысымызға белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткендеріңізге көп – көп рахмет! Сау болыңыздар!