Саба?ты? та?ырыбы: Компьютердi? жады. Ма?саты: Компьютердi? сырт?ы ж?не iшкi жадтары ??ымдарын ?алыптастыру


«Тексерілді»
Мектеп директорының ОІЖО:
Сабақтың тақырыбы: Компьютердiң жады Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 3 «Б» Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Информатика –ғылым ретінде және өмірдің негізгі көзі ретінде және ақпаратты тасымалдаушы туралы түсініктер және компьютердiң сыртқы және iшкi жадтары ұғымдары қалыптасады, компьютер құрылғыларын қайталап еске түсiреді
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей
(білу, түсіну): Оқушылардың барлығы орындай алады:
Компьютердiң iшкi және сыртқы жадтары ұғымдары туралы біледі
2-деңгей
(қолдану, талдау): Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындай алады,белсенділік танытады
3 деңгей
(жинақтау, бағалау): Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Күрделі тапсырмаларды орындай алады
Тілдік мақсат:
Негізгі түсініктер мен терминдер:
Термин сөздермен сөйлей алады
Компьютердің жады, ақпарат, қатты диск, дискеттер, иілгіш дискі, тасымалдаушы
Компьютердің адам өміріндегі қажеттілігі
Ресурстар: стикер, дидактикалық материалдар, суреттер
Пәнар-қ байланыс: Бейнелеу, қазақ тілі
Алдыңғы оқу: Ақпаратты сақтау
С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және
қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут Психологиялқ ахуал қалыптастыру. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Стикерге құрылғының атын жазып, топқа бөлу ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ 5 минут
1-деңгей
(білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
«Кім жылдам» әдісі
Ақпарат түрлерін ата.
Ақпаратты қалай сақтауға болады? Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Адамның жады қандай ақпарат түрлерiн сақтай алады?
Есту, көру, дәм сезу, сипап сезу, иiс сезу.
Компьютердiң жады қандай ақпарат түрлерiн сақтай алады? Дыбыстық, көру.
Дұрыс жалғастыр.
Мәтiндiк ақпарат. - Таңбалар.
Дыбыстық ақпарат. - Сөз. Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): Артық затты тауып, сызып таста


Велосипед

Баспа құрылғысы Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
ЖАҢА САБАҚ
12 минут
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру);
«Түстер үлесімі» әдісі. Бұл әдіс жаңа сабақты түсіндіреді.
Компьютердiң жады iшкi және сыртқы деп екiге бөлiнедi. Компьютердiң iшкi жады оның негiзгi түрi болып саналады, өйткенi процессор осы жадпен жұмыс iстейдi. Компьютер iске қосылған соң iшкi жадта мәлiметтер мен программалар орналасады. Онымен адамдар компьютер iске қосылған кезде жұмыс жасайды. Бiрақ компьютер өшiрiлгеннен кейiн, ондағы барлық деректер де өшiрiледi. Сыртқы жады ақпараттарды ұзақ мерзiмде сақтау қызметiн атқарады. Оған қатты диск, дискеттер, лазерлiк дискiлер және басқа да ақпараттарды тасымалдаушы құралдар кiредi
Тiлсызық арқылы жалға.

3.Сызбаны толтыр

САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей ( білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
2429510257175«Сиқырлы кемпірқосақ» әдісі арқылы қажеттi сөздердi қой.
Iшкi жады компьютер жұмыс iстеп тұрған кезде қолданылады.
Ақпараттың үлкен көлемiн ұзақ мерзiмде сақтау үшiн сыртқы жады қолданылады.
Иiлгiш және қатты магниттiк дискiлер немесе лазерлiк дискiлер ақпаратты сақтау үшiн қолданылады
Жұптық жұмыс.
Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): Көрсетiлген суреттердiң алғашқы әрiптерi бойынша сөйлем құрастыр


ДИСКЕТА – АҚПАРАТТЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ
Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату)
Оқушыларға «Компьютердiң жады» тақырыбын оқып келу тапсырылады. Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Оқушыларға өтілген тақырып бойынша «Сөзжұмбақ» жасау тапсырылады. Тапсырманы орындағанға «4» баға қойылады.
3-деңгей
(Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) Оқушыларға өтілген тақырып бойынша эссе жазып келу тапсырылады. Тапсырманы орындағанға «5» баға қойылады.
БАҒАЛАУ
3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады.
6-8 балл жинаған оқушыларға «4» баға қойылады.
9-12 балл жинаған оқушыларға «5» баға қойылады. КЕРІ БАЙЛАНЫС Себет ,чемодан, еттартқыш (2 мин) Р Е Ф Л Е К С И Я
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды? Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды? Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? Тәлімгер: