Калькулятор жады (5 сыныптар?а арнал?ан)


Пән мұғалімі Күні ПӘНІ Информатика СыныбыТАҚЫРЫП Калькулятор жады.
МАҚСАТЫ Оқушылар калькулятор батырмасының қызметімен танысады.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ Оқушылар калькуляторда жұмыс жасауды үйренеді.
КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ
І. Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут) Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлемін.
1 топ «блокнот»
2 топ «калькулятор»
3 топ «инженерлік»
Амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
3мин
Үй тапсырмасы «кім шапшаң» сурақтардың жауап табу.
1.Мәтінмен жұмыс жасауға арналған программа? (блокнот)
2. сандық ақпаратты енгізуге арналган стандартты программаны ....деп аталады? (калькулятор)
3. Калькулятордың түрлері қандай?(қарапайым, инженерлік)
4. 8*8+6 = мәнін есептең (70) Оқушылар сұрақтарға тауып оны А4 формат ақ параққа жапсырады.
ІІ. Мағынаны тану
(12минут)
Калькулятордың пернелерінің қызметі:Backspace – соңғы цифрды өшіруСЕ – индикация өрісінде жазылған санды өшіредіС – барлық ендірілген ақпаратты өшіреді/ - енгізілген мәнді бөледі* - енгізілген мәнді көбейтеді+ - қосу- Азайту= - орындалған амалдың нәтижесін шығарады.
МС – жадтағы мәндерді өшіредіMR – жадтағы мәндерді индикаторға көшіредіMS - индикатордағы мәнді жадқа жазадыM+ - санды жадтағы мәндерге қосады.
M- - санды жадтағы мәндерді айырады.Пернетақтаның сандық блогынан сандарды енгізу үшін NumLock пернесін басамыз. Калькулятордың кейбір нәтижелерді сақтауға арналған ішкі жады бар. Егер жадта нөлден өзге бір сан (мән) болса, онда индикатордың астында, сол жақ терезешеде М әрпі пайда болады. Ал егер жадқа жаңа мән енгізсе, онда алдыңғы мән өшеді. Оқушылар дәптерлеріне керек жерлерін жазып алады
Практикалық жұмыс
20 мин Калькулятор пайдаланып есептер шығарайық.1863-558= 1305331*17=5627315+19=334188-25*3=188-75=11386:25=3.44
55+(68-35)=55+33=88(45-8)+(25-5) =37+20=57 Әр оқушы компьютерде орындайды.
Психологик жаттығу (4минут) Информатикалық терминдерді дұрыс айту.
Shift - (шифт)
Delete - (дилите)
Enter - (энтер)
Caps Lock - (кэпслук)
Num Lock- (намлукс)
BackSpaсe - (бекспейс)
Windows -(виндовс)
Paint - (пэинт)
WordPad - (вордпад)
Progrom – (програм)
End – (энд)
Mouse – (маус)
Exit – (эксит)
Calculator – (калькулятор ) Әр топ терминдерді дұрыс айтып жарысады
Бағалау
2минут Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағалау Бағаларын күнделікке қойдырады.
Үй тапсырмасы
2 минут 1)Сыныпта 28 оқушы бар. Олардың 16-сы “4” және “5” бағаларға оқиды. Сыныптың сапа көрсеткішін табыңыз.
117538530416516*100:28 = ж: 57 %
Оқып келеді