Презентация к дню языков в Казахстане


1 жүргізуші: Армысыздар қадірменді оқушылар және ұстаздар!
2 жүргізуші: «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне арналған. «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне арналған «Абай, Жамбыл сөйлеген қазақ тілі» атты сабағымызға қош келдіңіздер.
2 жүргізуші: Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Содан екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қайта қабылданды.
1 жүргізуші: Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Тіл ұлттың тірегі.
2 жүргізуші: Осындай ұлы тұлғалардың атымен аталатын мектепте оқып жүрген біз бақытты ұландармыз. Олай болса ұлы ақындарымыз Абай мен жүз жасаған Жамбыл сөйлеген қазақ тіліндегі өлең жолдарын оқу сайысына қатысқалы отырған алғашқы НҰР тобына кезегімізді берсек.
( С.Торайғыров Сүйемін туған тілді анам тілін)
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген. (Найл)
1 жүргізуші: Ал СӘТ тобы не дайындап келген екен.
(Қ.Мырзалиев
Ана тілің – арың бұл
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! )
(Ж.Жабаев «Пірім менің, Сүйінбай»
Менің пірім, Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы сұлу сөздері,
Маған тартқан сыйындай.)
1 жүргізуші: ДОС тобының да дайындығы мықты секілді.
( Ана тіліне тағзым. М.Әлімбаев
Ана тілі – біздің туған анамыз.
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз.
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
«Анасынан безген ұл!» - деп қараңыз
2 жүргізуші: Өте керемет. Осындай өлең жолдарын оқыған әрбір топқа бір-бір ұпай беріп, шыршаны безендірсек. (шыршаға әр топтың бір-бір жапырағы ілінеді.)
1 жүргізуші: Ия, шырзамызды безендіргенше,
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй деп,
Абай атамыз жырлағандай, әдемі әннің әуенімен сусындап отырсақ. Сіздердің алдарыңызға «Анамның тілі» әнімен ортаға Адиля мен Сабинаны шақырсақ.
(Анамның тілі әні айтылады)
2 жүргізуші: Астың дәмін тұз келтіреді, Сөздің дәмін мақал келтіреді, дегендей тіл туралы қай топ көбірек мақал-мәтел білер екен. НҰР тобына кезек берсек.
Ана тілің алпыс тілге татиды.
Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.
Әдеп басы тіл.
1 жүргізуші: Жарайсыңдар. СӘТ тобы не дер екен?
Бас кеспек бар тіл кеспек жоқ.
Бал тамған тілден, у да тамар.
Малға кедей – жарлы,
Сөзге кедей сорлы.
2 жүргізуші: Сайысымыз қыза түсіп жатқан сияқты.
Ана тілім, туған тілім, бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым, дегендей тіл туралы ДОС тобы қандай мақал білер екен.
Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Өз тілің - бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.
Піл көтермегенді, тіл көтереді.
(Шырша безендіріледі)
1 жүргізуші:
Ана тілім – ана күтім арым менің,
Сәулетім – сая бағым, сәнім менің, - демекші, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін топ болып бірге шырқайық.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.
Пусть всегда будет солнце,
Пусть всегда будет небо,
Пусть всегда будет мама,
Пусть всегда буду я!
May there always be sunshine
May there always be blue sky
May there always be mummy
May there always be me!
(шырша безендіріледі)
2 жүргізуші: Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
1 жүргізуші: Тілім менің тірлігімнің айғағы, демекші бүгінгі сайысқа әр топ тіл туралы айтылған қанатты сөздер де дайындап келген екен. кезек НҰР тобында.
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
2 жүргізуші: Дүние жүзінде 3000 жуық тіл бар. Оның тек 95 ғана ресми тіл болып есептеледі. Соның бірі біздің тіл. Ал осы тілге байланысты СӘТ тобы қандай қанатты сөздер білер екен.
Қызыл тілмен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас. ( Төле би)
Ана тілім жойылар болса, мен бүгін өлуге даярмын (Р.Гамзатов)
1 жүргізуші: Тіл туралы қалам тербемеген бірде-бір ақын-жазушы жоқ та шығар. ДОС тобы қай ақынның қанатты сөздеріне қанық екен.
Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір (Баласағұн)
Шешеннің тілі, шебердің бізі (Абай)
2 жүргізуші: Білесің бе, «Ана тілін шекара қорғағандай қорғау керек» деп Вяземский айтқан екен. Ал енді өз туған тілін қорғап, сол тілде өлең оқығалы отырған Садыкова Миланаға неге кезек бермеске.
Ана тилим- дана тилим
Илья Бәктия
Улуқ ананиң жүрәк сөзини,
Аңлидим дәсләп ана тилимдин.
Көрдүм әс кирип хаят көзини,
Мени чоң қылған дана тилимдин
1 жүргізуші:
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілі ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
2 жүргізуші: Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда,
Хормен: Ана тілі жасау керек мәңгілік.
1 жүргізуші: Қадірменді оқушылар мен ұстаздар, осымен бүгінгі сабағымызды жабық деп жариялаймыз.
1 жүргізуші мен 2 жүргізуші: Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар.