Статья по теме Логопедиялы? саба?тарда Монтессори педагогикасыны? элементтерін ?олдану тиімділігі


ЖСТД (Жалпы сөйлеу тілі дамымауы) бар балаларға логопедиялық түзету процесі барысында Монтессори педагогикасының элементтерін қолдану маңыздылығыТіл адамның психикалық қызметінің ең маңызды құралы болып саналады. Сондықтан сөйлеу тілінің негізінде пайымды ойлаудыңөзіне тән ерекшелігімен жасалынатын қарым-қатынас арқылы адамдардың арасында әлеуметтік байланыс орнатылады және соның арқасында танымдық қызметінің ең жоғарғы түрі дамып жетіледі. Бала тілі негізінен мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Тілдің қалыпты даму жағдайында 5-6 жасқа келген балалардың сөздік қоры физиологиялық жағынан жақсы қалыптасады.
Жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар балалармен жұмыс барысында басты назарға мына бағыттар алынады:
Артикуляциялық сөйлеу аппаратының қимыл-қозғалысын белсендіру;
Сөйлеу барысынды дұрыс тыныстауды қалыптастыру;
Дыбыстарды түзету, машықтандыру және қою;
Сөйлеудің әуезділігін, интонациясын қалыптастыру;
Фонематикалық есту қабілетін дамыту;
Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;
Белсенді және енжар сөздік қорын дамыту;
Осы бағыттарды басты назарға ала отырып , өзімнің тәжірибемде күнделікті түзете-дамыту жұмысын қажет ететін балаларға Монтессори педагогикасының элементтерін әр бағыттың өзіне тән ерекшелігіне сәйкес қолдана отырып жұмыс жасаймын. Жалпы бала психикасының дамуы барысында тілдік біліктілікті қалыптастыруда М. Монтессори педагогикасының маңыздылығы зор. Монтессори педагогикасының негізгі аймақтарындағы материалдар баланың ақыл-ойына, танымдық қабілеттерінің артуына және сөйлеу тілінің дұрыс қалыпасуына ықпал етеді. Мысалға алатын болсақ, баланың сөйлеу барысында дұрыс тыныстауын қалыптастыруүшін сенсорлы аймақ материалдарымен жұмыс жасау – көпіршікті түтікшемен үрлеу, сезім мүшелеріне арналған иіс сезу құтыларымен жаттығуы, фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған шулы цилиндрлермен жұмыс, музыкалық аспаптармен жұмыс жасау жақсы нәтиже береді.
Сондай–ақ баланың сөйлеу тілін дамытуда Монтессори педагогикасындағы тіл аймағының алар орны ерекше. Бұл аймақтағы суретті карточкалар, жазба әріптер, түрлі тақырыптағы муляждар, фонематикалық қораптар, металликалық рамкалар, кедір – бұдырлы әріптер, жылжымалы әліппе, оқуға арналған түрлі-түсті сериялар жиынтығы түзете-дамыту процесінің нәтижелі болуына ықпал жасайды. Күнделікті ЖСТД бар балалармен логопедиялық түзету процесі барысында тіл аймағындағы материалдарды қолдана отырып жұмыс жасаймын. ЖСТД III деңгейі диагнозы бар4 жастағы Д.Н. есімді баламен «Жемістер» тақырыбындағы жеке түзету сабағымда суретті карточкаларды пайдалана отырыпжемістердің шынайы және суретті бейнесін салыстыру арқылы баяндау тапсырмасында бала жемістерді атауды, олардың күнделікті өмірдегі түр – түсін, пішінін, иісін және дәмін ажыратып меңгерді. Балаға тақырып бойынша берілген тапсырмаларды түрлендіріп отыру оның нәтижелігін арттырады. Ринолалия диагнозы бар 5 жастағы С.Д есімді баламен түзету-дамыту процесі барысында сенсорлы аймақтағы - көпіршікті түтікшемен үрлеу материалын қолдануда жаттығуларды біртіндеп күрделендірудің арқасында баланың сөйлеу барысындағы тыныстауы жақсарды. Фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі диагнозы бар 4 жастағы Д.Н есімді баламен жеке түзету – дамыту сабағында сенсорлы аймақ материалы – шулы цилиндрлермен күнделікті жұмыс жасау арқылы балада фонематикалық есту қабілетінің деңгейі жоғарлағаны байқалды.
Сонымен қатар ұсақ қол моторикасын дамыту жаттығулары да баланың сөйлеу тілінің дамуына қозғалыс импульстері мен сөйлеу зоналарының қалыптасуына әсер етеді. Баланың миының қыртысына қолдың әр түрлі әрекеті және саусақ қозғалыстары әсер ете отырып, ақыл-ой және сөйлеу процесін қозғалысқа түсіреді. Монтессори педагогикасының әрбір материалымен жұмыста баланың саусақтары, қолдары қимыл жасайды,яғни бұл - баланың ұсақ қол моторикасы даму үстінде деген сөз. Қорыта келгенде, Монтессори педагогикасын қолдану арқылы баланың өздігінен жан-жақты қалыптасуына, яғни, жеке ерекшеліктері қалыптасқан жеке тұлға болып дамуына жол ашамыз.