Халы? педагогикасыны? ?рпа? т?рбиесіндегі ма?ызы


Халық педагогикасының ұрпақ өміріндегі маңызыКоптилеуова Жамила Ганибаевна
№5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы
Адам баласы дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеуді талап етеді.
«Жас бала-жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»-дейді қазақ халық. Жерге отырғызған жас көшетте өркен жайған жасыл ағаш болып, тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Олай болса ұстамды, көргенді, парасатты, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі адамға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгілі, ішкі-сыртқы адамгершілік, эстетикалық саналары биік дәрежеде болуына барлығымыздың да ат салысуымыз қажет. Бізге белгілі қазіргі қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ХХІ ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Мұның бәрі тікелей ғылым,білім саласына байланысты. Сондықтан да білім беруді жетілдіру жөнінде маңызды реформалар, жаңа техналогиялар мен ғажап идеялар пайда болуда.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер арасында көрсете алады.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі мектеп алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары саналы,белсенді, бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені сапалы шеше білетін тұлғаларды талап ету , қоғамның даму жылдамдығына және тез өзгеріс жағдайында адамдарды өмірге дайындай білу керектігіне байланысты. Сондықтан біз әр сабағымызда алдымыздағы балаға ертеңгі күн, болашағымыз деп қарай отыра оларды саналы азамат етіп шығару басты мақсатымыз. Яғни бүгінгі таңда мұғалімдер алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да білім беру жүйесінің негізгі міндеті - баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интелектісін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкүндіктерін ашу екендігін ерекшелеген еді. Осы орайда мектеп қабырғасынан басталатын жеке тұлға қалыптастыру бәсекеге қабілетті болудың қайнар көзі.
«Тұлға» - адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында үш негізгі факторлардың ықпалы зор .Олар:
-тұқым қуалаушылық(ішкі жағдайлар саласы)
-орта
-тәрбие(сыртқы әсерлер саласы) екенін жақсы білеміз.
Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық–психологиялық тұрғыдан келгенде «қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек» деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру жүзеге асыру еш уақытта ескерілмейтін қайта күн озған сайын жаңарып әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Демек, осы тұлғаны дұрыс қалыптастыруда жан-жақты көңіл бөлу қажет екендігін ғалымдар дәлелдеп отыр. Соның ішінде біздің сөз етейін деп отырған ''Көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен дамытуда халық педагогикасынан пайдалану» өзекті тақырыптардың бірі.
Қазақстан - көп мәдениетті , көп ұлтты мемлекет. Мұнда 130-ға жуық ұлт пен ұлыс достастықпен өмір сүріп жатыр. Көп ұлттың бір-біріне деген ықпалы, мәдениетінің ұқсастығы мен ерекшелігі көңіл аударуға тұратын мәселе. Кешегі Ресейдің боданында болдық деген кезеңнің өзінде де ұлтымыздың мәдениетіне деген жақсы жақтары болды. Халықтар достығы аясында өмір сүру, білім алу мен тәрбие мәселесі ескерілетін.
Ұлттар арасындағы достастық-мемлекеттің бірлігі. Еліміздегі халықтардың ынтымағын сақтау қазақ халқына үлкен міндет жүктейді. Басқа ұлттар мен ұлыстардың мәдениетіне құрметпен қарауымыз керек. Олардың ұлттық тәрбиесіндегі өзіндік ерекшелігі мен тәлім-тәрбиесін зерттеп зерделеуді, қазақ этнопедагогикасымен салыстырмалық тұрғысында қарастыруды қолға алуымыз керек.
Қазақ этнопедагогикасы деген не?
Қазақ этнопедагогикасы - жалпы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі, оның саласы, ол қазақ этнофилософиясының, этносаясатының, этномәдениетінің, тарихының, этнографиясының, фолклорының, этнопсихологиясының, этнопедагогика тарихының тоқайласуы арқалы педагогика ғылымының аясында қалыптасқан, біртұтас жүйелі этнопедагогикалық білім беретін дербес оқу пәні, оның өз пәні -қазақтың ұлттық тәрбие үдерісі .Біздің басты міндетіміз -оларды ұлтжанды тұлға етіп дайындау, яғни олардың ұлттық санасы мен ұлттық дүниетанымын өз халқының тіліне, тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне біртұтас етіп қалыптастыру.
Этнопедагогикалық білім беру әдісітеріне: әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, пікірлесу, көрсету, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап т.б жатады.
Этнопедагогикалық білім беру құралдары: ұлттық тіл, ұлттық әдеп-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер ,ауызекі халық шығармашылығы, халық тарихы, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер,ұлттық ойындар, ұлттық өнер т.б жатады.
Ұлттық білім мен тәрбие мазмұны жинақтала келе бүгінгі ғаламдасуға бет алған тұста жергілікті халықтың мәдениетіне басымдылық беру қажет. Себебі, қазақ халқының мәдениетін дамытатын қазақ жерінен басқа Отаны жоқ. Қазақтың тілі , өнері, мәдениеті, әдебиеті, тарихы өз жерінде ғана лайықты дәріптеледі. Еліміз көп ұлтты мемлекет және жаһандану жағдайында барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтай отырып ұлтаралық қатнастардың үндесуіне ықпал етіп отыр. Бұл тұрғыдан алып қарағанда Республикада тұрып жатқан ұлттардың ұлттық мәдениетінің танымдық және тәрбиелік мәні зор. Өкінішке орай бұл жеткілікті дәрежеде насихаттауды қажет етеді. Ұлттық мәдениетінің танымдық және тәрбиелік мәні зор.
Ұлттық мәдениет ұлтқа деген қызығушылықты, патриотизмді гуманистік идеяларды насихаттайды .
Жалпы көп мәденилік білім беру ісінде ұлттық мәдениеттің қайнар көзі тіл , халықтық педагогика ең маңызды рол атқарады. Қазақ халқының
аса бай мұраларының бірі - халық педагогикасы .Өкінішке орай ,бұрынғы озбыр саясаттың арқасында көптеген жылдар бойы осы асыл мұраны жас ұрпақтың тәрбиесіне пайдалана алмадық. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында осы кемшіліктерден арылып, жас ұрпақтарымызды ғасырлар бойы жинаған гуманистік, демократиялық, киелі салттар мен дәстүрлер рухында тәрбиелеу қазіргі басты міндет. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіне арналған өте құнды, өте пайдалы өсиеттер, мақал-мәтелдер, қағидалар мен пікірлер көп. Біз оларды отбасында, бала-бақшада, мектептерде кеңінен пайдалануымызға болады. Жас жеткеншектерді халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге міндеттіміз. Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында, ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесінде бала, ұрпақ, жастар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде, тұрмыс-тіршілікте батырлық пен батылдық, әділдік пен адамдыққа , махаббат пен ізгілікке, инабаттылық пен имандылыққа үздіксіз тәрбиелеп отырған. Еңбекке, төзімділікке, ептілікке, шеберлікке, шыншылдыққа, ар-ұят, әдеп, үлкенді сыйлау секілді қасиеттерді үй ішілік қарым-қатынастарда, тұрмыста ұрпақ зердесіне сіңіре білген бабаларымыз. «Сіз-деген сыпайылық , біз-деген көмек», «Сыйға –сый ,сыраға бал», «Жаным десе жан семірер»деген мақал мәтелдер арқалы игілікті істерге бастаған. Қай заманда болсын есті де еңбексүйгіш, қайрымды ұрпақ тәрбиелеуді парыз санаған. Баланың сабақта ынтасын арттырып халық педагогикасын қолдана отырып қызығушылығын тудыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу өз нәтижесін береді. Сабақта ұлттық «Моншақ тізбек», «Көкпар», «Бәйге», «Орамал тастамақ», «Қоржын» т. б ойындарды қолдана отырып ұлттық тәрбиенің негізін жастардың бойына сіңіру.
Қай сабақта болмасын ұлттық ізгіліктер ұмытылып қалмауы керек. Кез келген тақырыпты өзіңнің шығармашылығыңа қарай халық педагогикасымен ұштастыруға болады.
Елдің келешегі де, болашағы да бүгінгі мектеп қабырғасындағы жас ұрпақ. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады»,- деп Абай атамыз бекер айтпаса керек. Адамгершілік ұстанымдары берік тұлғалар қалыптастыруда ұлағатты ұстаздар қызметіне баға жетпейді. Осындай мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін мен кейбір жұмыстарыммен ортақтасқым келіп отыр. Мысалы: 5-сыныпта халық ауыз әдебиетінің нұсқалары берілген. Осы сабақта «Кім көп біледі»(зерделілер сайысын) өткіздім. Ондағы мақсатым оқушылардың білімдерін тексере отырып, көп мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру, мәдениеттілікке, білімділікке, бірлікке, шешендікке, шапшандыққа баулу. Оқушылардың шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Ойын 5 турдан тұрады. 1-ші тур «Бәйге», 2-ші тур «Ұяшық таңдау», 3-ші тур «Жорға», 4-ші тур «Дода», 5-ші тур «Қиял әлеміне» бөлінді. Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елендесіп.
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
-деп ойыншылар өздерін таныстарып өтсе, «Батылдық – балалық шақтан шыңдалады» десек бала ететін тәрбие құралдарының бірі – ойын екендігі белгілі. Әрбір турда он сұрақ берілді. Соңғы «Қиял әлемі» турында шығармашылық жұмыс бердім . «Кім болам?» Кезекпен оқушылар ойларын ортаға салады . Осылай жеңімпаз анықталды. Мақсат жеңу емес, сабақты түрлендіріп өту , оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру. Және Ғ.Мүсіреповтың «Жапон балладасы» әңгімесін өткенде оқушыларды үшке: тасқа ,көзге , арқаға бөлдім. Тапсырмалар бердім. Үш қасіретті тағдырды баяндау, сурет салу арқылы , диалог түрінде, манолог түрінде т.б. Маратова деген оқушым Айконың бейнесін салып келіпті. Сондай сұлу қыз, әп сәтте көзі көрмей қалады. Шығармашылықтарын қорғаған соң пікірталас ұйымдастырдым.
- Қалай ойлайсыңдар, осы ащы шындыққа кімдер кінәлі?
- Бейкүнә өмір иелерінің , жазықсыз жапа шеккендердің соңы не
болмақшы? Осылай сұрақ тастап,олардың бойында әділдік, мейрімділік шуақтарын оятуға, қалыптастыруға болады.
Қорыта айтқанда біз тәрбиелеген жас ұрпақ саяси бостандықты баянды ету үшін оның жан дүниесі мен жүрегі ұлттың терең тарихынан өрбіген білім мен тәрбиеге сусындап, өзін өзгеден кем көрмейтін, өз мәртебесін түсінетін болып өскені, өзін-өзі толық танығаны, мына жаһандану заманында ұлттық білім мен тәрбие мазмұнын ертеңге интелектуалдық ұлттың меңгеруі, дағдарысты еңсеруге даяр болуы бірден бір төте жол болса керек.