8?Организмні? ішкі ортасы, ?анны? ??рамы мен ат?аратын ?ызметі , аурулары оларды? алдын алу.


«Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен»
КММ
Сабақтың тақырыбы:
Организмнің ішкі ортасы, қанның құрамы мен атқаратын қызметі , аурулары олардың алдын алу.
8 « ә» сынып .
Пән мұғалімі: Шапиева Б.М.
Қаскелең қаласы 2015-2016 оқу жылы
Сыныбы 8ә
Уақыты 11.11.15
Сабақтың тақырыбы : Организмнің ішкі ортасы, қанның құрамы мен атқаратын қызметі , аурулары олардың алдын алу.
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік : Оқушыларды өзара түсіністікке, сыйластыққа, ұжымшылдыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, санитарлық гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу.
Білімділік : Организмнің ішкі ортасы және организмнің өздік қорғаныш механизмдері , қан құрамы мен қызметі, туралы түсінік беру .
Дамытушылық : Оқушылардың ақыл-ой еңбегіне үйрену дағдыларын дамытуды жалғастыру, салыстыру, талдау,қорытындылау,кітаппен жұмыс істеу , өзін – өзі бақылау.
Сабақтың типі : жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі : Қалыпты сабақ
Пайдаланатын көрнекіліктер : «Адам қанының жасушалары» кестесі, И.И.Мечниковтың портреті, «Адам» электронды оқулығынан үзінді. Электронды атлас.
Оқыту нәтижелері:
Ағзаның ішкі ортасы қанның құрылысы, атқаратын қызметі маңызы мен ерекшелігін толықтай түсініп, талдау жұмыстарын жасай алады.
Креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын,топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізеді.
Жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамытады.
Оқушыларды алға мақсаттар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етеді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер : « Ойлан , жұптас, талқыла » , «Рольдік ойындар» «Интервью әдісі» , «Стикердегі әңгіме», «Топтастыру, «Түрткі» болу, сұрақ қою,қайта бағыттау»
Қолданылатын модульдер: сыни тұрғыдан ойлау, дарынды балалармен жұмыс, АКТ; оқыту және оқу үшін бағалау, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер,диалогты оқыту.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Уақыты Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу,оқушылардың назарын сабаққа бағыттау, бүгінгі сабақтың ерекшелігін ескерту, психологиялық ахуал қалыптастыру. Түстер бойынша топқа бөлу. -Сәлеметсіңдерме,
балалар! Мен сендерді көруге өте қуаныштымын. Менің алдымда ақылды, мейірімді балалар отыр деп ойлаймын. Сендердің бүгінгі көңіл күйлеріңді білгім келіп отыр. Егер сендердің көңіл-күйлерің жақсы болса, маған қарап жымиыңдар. Енді бір-біріңе қарап жымиыңдар. Бағалау парақшаларын тарату . Сабаққа зейін аудару, жұмыс ережелерін қабылдау.
2мин. түрлі-түсті карандаштар, стикерлер,электронды оқулық
Білу
« Стикердегі әңгіме»
Актуализация знаний учащихся.
Ағзаның ішкі ортасы дегенді қалай түсінесіңдер?
(ішкі орта- сұйықтықтың бірегей жүйесі, ол жасушалардағы су негізінің табиғи жалғасы болып табылады.
Ағзаның ішкі ортасы қандай құрам бөліктерінен тұрады?
Ағзаның ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, қан және лимфа сұйықтығы құрайды.
Ағзаның ішкі ортасының бірі қан екені белгілі.Ол қандай ұлпадан құралған? және оның ерекшелігі неде ? Қан дәнекер ұлпасына жатады ағзада маңызды роль атқаратын плазмадан және онда қалқып жүретін формалы элементтерден эритроцит, лейкоцит, тромбоцит тұрады.
Қан басқа ұлпалармен байланысады ма? Неліктен? Қан басқа ұлпалармен байланыспайды себебі,қан салатамыр,көктамыр, қылтамырлар арқылы тұйық шеңбермен үздіксіз қозғалады. Қылтамырлардың қабырғасы дене ұлпаларымен қанның арасында газ және зат алмасу жүреді.Қылтамырлардағы артерия қаны қоректік заттарды , оттекті беріп, ұлпалардан газалмасу өнімдерімен көмірқышқыл газын алып кетеді.
Лимфа дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады? ( Лимфа – ақшыл , сары түсті сұйықтық . Қаннан айырмашылығы : эритроциттер мен тромбоциттер болмайды , лейкоциттердің бір түрі – лимфоциттер көп болады. Лимфоциттер- иммундық жүйенің құрылымдық элементі.
Қан мен лимфаны не байланыстырады?
(Ұлпа сұйықтығы – қанмен лимфаны байланыстырады.Яғни организнің ішкі ортасы.
Неліктен организмнің ішкі ортасы салыстырмалы түрде тұрақты болады. Бұл нені білдіреді? Себебі: әртүрлі заттардың концентрациясы қанда,лимфада, ұлпа сұйықтығында бірдей болады . Организм ішкі ортасының құрамымен қасиеттердің тұрақтылығы гомеостаз деп аталады. Бағалау паракшалары таратылады. Оқушыларға стикерлер таратылады . Стикердегі сұрақтарға оқушылар жауап береді.
5 мин. Мақсат қою кезеңі
Постановка
учебный проблемы и целеполагание Бүгінгі сабағымызда адам ағзасында кездесетін таңғажайып әлемімен танысамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Организмнің ішкі ортасы, қанның құрамы мен атқаратын қызметі , аурулары олардың алдын алу .
Қан туралы құпия өте көп.Кез-келген құпия адамды қызықтырады.Бүгінгі сабағымызда аңшының роліне еніп,бір тамшы қанның құпиясын ашамыз.
Әйгілі бір физиология оқулығында былай деп жазған: «Қызыл теңізде» әрбір секунд сайын миллиондаған кеме апатқа ұшырап, су түбіне шөгеді. Ал миллиондаған кеме тас айлақтардан шығып, жүзуге аттанады. «Кемелер», «Тас айлақтар» деген не? Бұл қандай қызыл теңіз деп ойлайсыңдар? Қандай кеме туралы әңгіме қозғалуда? Қандай кеме тас айлақтардан шығып, жүзуге аттанады? (Бұл сұраққа жаңа тақырыпты өткеннен кейін, жауап табасыңдар деп ойлаймын). Осы жерде сабақтың мақсаты айтылады. Бүгінгі сабағымызда қосымша біздің ағзамызда әскер жасушалардың бар екендігі, яғни біздің ағзамызды қорғаймын деп өздері өледі екен. Сондай – ақ ағзамызда төтенше жағдайдан құтқарушы, жасушалардың бар екендігін білеміз. Қосымша әдебиеттермен , сұрақтарға нақты жауап беру,іздену жұмысын жалғастырамыз. Оқушылар,бүгінгі тақырыптың атын болжап, айтуға талпыныс жасайды
2 мин. Түсіну
Мағынаны тану
«Жағдаяттан шығу жолдары»
Жаңа тақырыпты меңгеру. Интербелсенді тақтадан «Қан » туралы видео , анимация көрсетіледі.
Қанның құпиясын ашу үшін, 5- зертхана жұмыс істейді.
1-зертхана. «Қан плазмасы» (сары папкадағы тапсырмалар)
2-зертхана. Лейкоциттер (ақ қағаздағы тапсырмалар
3-зертхана. Эритроциттер (қызыл қағаздағы тапсырмалар)
4-зертхана. Тромбоциттер (күлгін қағаздағы тапсырмалар)
5-тапсырма – қан аурулары.
Оқушыларға мәтін таратылып беріледі.
Оқушыларға постерлер таратылады.
Оқушылар постерлерін қорғайды.
« Ойлаудың 6 қалпағы арқылы» арқылы талдау. 15 мин. Қолдану
Диалог
Рольдік ойын
«Дәрігердің қабылдауында». Қанның құрамына қарай отырып, ағзаның жағдайын білуге болады. Оның сәл ғана өзгерісі ауру туғызады. Бір тамшы қаннан көп нәрсені көруге болады. Бүйрек,бауыр, өкпе, аппендицит, тұмау аурулары тіпті ісікті де табуға болады.
1- оқушы. Зертханалық талдаудың қорытындысы бойынша, ауру адамның қанында гемоглобин нормасынан өте төмен. Бұл ағзаға қалай әсер етуі мүмкін? ( Көмірқышқыл газының құрамы көбейеді, оттегі жетіспейді, тез шаршайды, есінен танады)
2-оқушы. Қан құрамында қанттың жетіспеуі гипогликемия ауруына ұшыратады екен. Неліктен? Дәрігер. Глюкоза- энергияның негізгі қоры. Әсіресе, жүйке жасушаларында глюкозаның жетіспеушілігінен жасушалар өледі. Ол есінен тану немесе өлімге душар етеді.
3- оқушы : Зертхана сараптамасының талдауы бойынша, ауру адамның бір мм3қанында 20 мың лейкоцит бар. Ал қалыпты норма 6-8 мың болуы керек. Себебін түсіндіріңізші?
Дәрігер. Әйелдерде қалыпты СОЭ- 7-12 мм/ч,
еркектерде 3-9 мм/ч Егер СОЭ -80 мм/ч болса, ол адамға қатты суық тиген деген сөз.
Сонымен балалар, біз қанның құрылысы мен құрамы, плазманың маңызымен таныстық енді барлығымыз бірігіп, қанның атқаратын қызметіне тоқталап оған ат берейік .
1. Асқорыту жолынан түсетін қоректік заттарды барлық мүшелердің жасушаларына жеткізеді; оттекті өкпеден ұлпа жасушаларына,ал көмірқышқыл газын жасушалардан өкпеге тасымалдайды; заттардың ыдырау өнімдерін бүйрекке және басқа да сыртқа шығару мүшелеріне жеткізеді ( эритроциттер) тасымалдау қызметі.
2.Гормондар мен басқа биологиялық белсенді заттарды тасымалдайды. Бұл заттар арқылы әртүрлі мүшелер мен жүйелердің жұмысының гормондық реттелуі жүреді;
( гуморальдық қызметі)
3.Қан дене температурасын реттеп, оның тұрақтылығын сақтайды.
( жылу реттеу қызметі)
4. Ауру тудыратын микроорганизмдерді зиянсыз етеді.Лейкоциттер
( қорғаныштық қызметі )
5. Қанның ұюын қамтамасыз етеді; тромбоциттер
6. қан антиденелеріне байланысты иммунитет қалыптасады. ( антитела ) Оқушылар бүгінгі сабақтың мазмұнын өз бетімен түсініп, қанның құрылысы мен қызметін рольдік ойындар арқылы талқылайды.
10 мин. Сергіту сәті
Дене мүшелері арқылы 10-ға дейін санау.
Оқушылар қимыл іс-әрекеттер жасайды
мин. Талдау
1.Тапсырма
Дұрыс тұжырымды табыңдар.
Берілген мәтінді оқи отырып,кестеге сәйкес сандарды жазыңыз
Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Қарсылас жұбымен тапсырманы алмасып, бірін-бірі бағалайды.
А. Эритроциттердің пішіні оның қызмет атқару беткейінің жалпы ауданын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Ә. Ересек адамның эритроциттерінде ядро болмайды және 4 ай тіршілік етеді.
Б.Эритроциттердің негізгі қызметі организмді инфекциядан қорғау.
В. Оксигемоглобин- иіс газымен байланысқан гемоглобин.
Г.Иіс газы гемоглобин байланысып, улануға немесе тұншықтыруға себеп болады.
Ғ. Қаназдылық кезінде қандағы лейкоциттердің мөлшері күрт төмендейді.
Д.Лейкоциттердің 1 мм3қандағы қалыпты мөлшері 5-9 мың.
Е. Лейкоциттер фагоцитозға қабілетті.
Ж.Фагоцитоз құбылысын И.И.Мечников ашқан.
З.Лейкоциттердің тіршілік ұзақтығы эритроциттерден жоғары.
И.Қаназдылық кезінде құрамында темірі бар дәрілерді қабылдайды
К.Асқынған жұқпалы аурулар кезінде лейкоциттердің саны күрт төмендейді.
5 мин. Жинақтау
Викториналық сұрақтар .
Топтағы оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін қорытындылап, викториналық сұрақтар арқылы бекітеді.
Сандар сөйлейді:
1р00-5 л 1,5 ?
200-55-60%, 90-92%?
300- 4,5-5 млн , 6-8 мың, 120 ?
400- 175мың км 3800м2 ?
Қан жасушалары
100 - Тынысалу пигменті деген не ?
200- Қан ненің есебінен біркелкі қызыл түске ие болады ?
300-Қанның неше минутта ұйығаны едәуір оңтайлы болып саналады ?
400-Тұрмыстық газ бен пештегі отын толық жанбаған кезде түзілетін иіс газы гемоглобинмен берік химиялық қосылыс түзеді. Осы газбен ұзақ уақыт тыныс алғанда, адам неліктен өліп кетеді. ?
Мақалды жалғастыр.
100-Қотырды қаси берсең...?
200-Дұшпаныңнан бір сақтан...?
300-Арық малды асырасаң,
Аузы-мұрныңды май етер.
Жаман адамды асырасаң...?
400- Қасқырдың ауызы ...?
Терминдерге тіл бітсе
100-Тромб
200-Тромбопластин
300-Фибриноген
400-Гемофилия Анемия Лейкомия 10 мин. Рефлексия Столдың үстінде қызыл, сары, жасыл түсті қағаздар жатыр . Бүгінгі сабақтағы өздеріңнің жұмыстарыңды бағалаңдар.
Қызыл- мен сабақта белсене қатыстым,сабақта естігендірім мен үшін маңызды мен өзіме ризамын.
Сары – мен өзіме онша сенімді емеспін . аз жұмыс істедім, сабақта естігендерім мені ойландырды.
Жасыл – мен көп нәрсені түсінбедім, өзіме ренжіп отырмын.
Оқушылар столдағы қағаздарды алып , рефлексия ағашына жапсырады.