Саба?ты? та?ырыбы: Графикалы? объектілерді ж?не к?ркем жазуларды кірістіру


Сабақтың тақырыбы: Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктерімен жұмыс жасай білуді, сурет енгізуді, фигуралық мәтін енгізуді, wordart мәтінімен жұмыс жасауды, және т. б жұмыстарды жасап үйренуге баулу;Дамытушылық: Оқушыларды Word редакторымен жұмыс жасау барысында ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру және жұмыс жасай білуге дағдыландыру;Тәрбиелік: Оқушыларды жеке тұлға ретінде бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру;Сабақтың түрі: аралас сабақСабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі парақтар, слайд, видео жазбалар;Сабақтың өту барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу;Оқушыларды тізім бойынша тексеру;Оқушылардың сабаққа дайындалуы;II. Үй тапсырмасын тексеруҮй тапсырмасын тексеру / үлестірме қағаздар/
ІІІ. Жаңа сабақ
Word 2010 мәтіндік процессорында құжатқа клиптер жиынтығындағы суреттерді , графикалық редакторды пайдаланушыларының құрған суреттерін, фигуралы мәтінді, түрлі автофигура мен олардың жиынтығын кірістіруге және процессор құралдарымен графикалық иллюстрацияны құруға болады.
Дайын суреттер кітапханасынан суретті кірістіру мысалын қарастыруға болады:1. Мәтінді енгізіп алу қажет 2. Вставка – Рисунок – Картины командасын орындау

Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері:1. Мәтін ішінде кез келген суреттер мен кескіндерді қоюға;2. Басқа бағдарламалар ортасынан суреттерді импорттауға;3. Clipart коллекциясынан суреттерді алып орналастыруға;4. Қалауыңыз бойынша сурет салуға;
Автофигуралар
Автофигуралар- бұл ұсынылатын тізімдегі дайын фигуралар (сызықтар, негізгі фигуралар, фигуралы бағдаршалар, блок-сызбалар, сілтемелер, жұлдызшалар және ленталар).

WordArt мәтіні
WordArt- бұл берілген жинақтағы сәндік мәтін. WordArt нысанын құру үшін Лентаның кірістіру қосымша бетіндегі Мәтін тобынан WordArt қаріптер жиынтығы командасын шақырамыз.

Жазбаны қою
Ресми қағаздарды безендіру кезінде жазбаларды қолдануға тура келеді.

SmartArt суреттерін кірістіру
SmartArt графикалық элементі мәліметтерді көрнекі түрде көз алдына елестетуге, оларды түрлі макеттер негізінде оңай және тез құруға мүмкіндік береді.

ІҮ.Бекіту сұрақтары:
1.Суретті, картинканы қалай кірістіруге болады?
2. WordArt мәтінін қалай кірістіруге болады?
3.Жазбаны, автофигураны қалай кірістіреміз?
Ү. Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: §4.13