Конспект по информатику Графикалы? режім


Пән аты: Информатика
Сынып: 9Сабақтың тақырыбы: Графикалық режим.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Паскаль тілінің мүмкіндіктерімен таныстыру. Графикалық режимге көшу адаптерлері, CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушыларға графикалық режимге көшу адаптерлері, CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат бере отырып Паскаль тілінен алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Оқыту әдістері: Сөздік, көрнекі
Сабақтың көрнекілігі: ДК, дәптерлер, оқулықтар, интерактивті тақта.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-Оқушылар назарын сабаққа аудару. 
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ауызша, сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексеру.
III. Жаңа сабақ:
Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылатын төртбұрышты аймақ болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Графикалық режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.
Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland Internationalфирмасы GRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған болатын, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.
Экранға мәлімет шығаруды аппараттық жағынан сүйемелдеу екі модуль – бейнеадаптер және бейнемонитор арқылы қамтамасыз етіледі. Бейнемонитор немесе дисплей - мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы, ол электрондық сәулелік түтікшеден немесе сұйық кристалды тақтадан тұрады. Дисплей теледидар сияқты жұмыс істеп, экрандағы бейне секунд сайын 25 рет жаңаланып отырады. Экрандағы бейнелер кішкене нүктелерден (пиксельдерден) тұратын қатарларға біріктірілген. Сондықтан экранның басқарылатын ең кіші элементі пиксель болып табылады. Экрандағы кез келген бейне осы пиксельдер арқылы салынады. Экран бетіндегі қатарлар саны бір қатардағы нүктелердің саны пайдаланылатын бейнеадаптердің жұмыс режиміне байланысты болады. Бейнеадаптер – экранды басқару блогы, оны дисплей адаптері немесе адаптер деп те атайды. Бейнеадаптер екі бөліктен –электрондық – сәулелік түтікше контроллерінен (CRT контролері ) және бейнебуфердентұрады.
Қажетті драйверлерді қолдану арқылы кез келген адаптерді графикалық режимде пайдалануға болады. Драйверлер деп дербес компьютердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы программаны айтады.
Турбо Паскальдің мәтіндерді енгізіп – шығаруды жетілдіретін бірнеше стандартты мен процедуралары бар, олар кітапханалық GRT (Cathode ray tube Display – электрондық сәулелік түтікшедегі дисплей) модулінде жинақталған.Мәтіндік режимде процедураларды пайдалану үшін алдымен GRT модулін іске қосу керек. Ол үшін программа тақырыбынан кейін арнай жол жазылуы тиіс: Program <программа аты>; Uses grt: GRT модулін пайдалана отырып, экранға шығарылатын символдардың түсін, мөлшерін, экранның түсін де өзгертуге болады.. Сонымен бірге экранда терезе жасауға, оны өшіруге, курсорды автоматты түрде жаңа орынға көшіруге, оның жаңа орнын анықтауға, жолдарды өшіруге және жалғастыруға т.б. көптеген әрекеттер істеуге мүмкіндігі бар. Мәтіндік режимді орнату үшін Text Mode (Mode:word); процедурасы пайдаланылады. Экранға шығарылатын символдың түсін ТехtСоlor (Color:Byte);ал экранның түсін өзгерту үшін (ТехтBackground Color:Byte); процедурасы пайдаланылады.
Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз – бұл экранға шығарылатын бейненің дәлдігі. Мысалы, экранға графикалық бейнелерді шығару мүмкіндігі қаншалықты жоғары болса, функциялардың графигін соншалықты дәл тұрғызуға болады. Палитра (бояулар) дегеніміз – бұл графикалық режимге арналған түстер жиынтығы. Режимге арналған бірнеше палитралар бар, бірақ әдетте стандартты 16 түс пайдаланылады.
Black -0 -қара DrackGray - 8 -қара - сұр
Blue -1 - сұр LightBlue -9 - ашық көк
Green - 2 - жасыл LightGreen -10 - ашық жасыл
Cegan -3 - көгілдір LightCegan - 11 - ашық көгілдір
Red -4 - қызыл LightRed -12 - алқызыл
Magenta -5 - күлгін LightMagenta -13 - таңқурай
Brown -6 - қоңыр Yellow - 14 - сары
Light Gray -7 - ақ – сұр White -15 - ақ
Экранды тазалайтын процедуралар:
ClrScr – экранды немесе терезені тазалап, курсорды экранның сол жақ жоғарғы бұрышына көшіреді, тек мәтіндік режимде ғана жұмыс атқарады;
ClrEol – курсордан жол соңына дейінгі символдарды өшіреді;
DelLine – курсор орналасқан жолдағы символдар түгел өшіріледі де, төмендегі жолдар бір қатар жоғары көтеріледі;
InsLine – курсор орналасқан позицияға жаңа жол енгізіледі де, төменгі символдар бір қатарға төмен түседі.
GotoXY(x,y:byte); - курсорды координаталары X,Y келетін экран нүктесіне көшіреді. Х сол жақ шеттен оң жаққа қарай, ал Y жоғарыдан төмен қарай берілген қашықтықтар бірлігін көрсетеді. Егер экран толық ашылған терезе деп қарастырылса, онда 25 жолдан және әр жол 80 символдан тұратын дисплей адаптерлерінің мәтіндік режимінде X=1..80, Y=1..25 мәндеріне сәйкес келеді. Экранның сол жақ жоғарғы бұрышының координаталары – (1,1), оң жақ төменгі бұрышы үшін (80,25) болып келеді.
Window (x1,y1,x2,y2:byte); - экранда терезе құру процедурасы Х1,Y1,X2,Y2 – терезе төртбұрышының сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі төбелерінің координаталары.Ең кіші терезе бір символды ғана қоршаса, ең үлкен терезе (1,1,80,25) мөлшерінде бүкіл экранды алып тұрады.
Мысалы:
Program tereze;
Uses crt;
Var k:integer;
begin;
textbackground (5);
window (4,3,36,18); textcolor (14);
for k: 1 to 100 do writln:
goto XY (8,8);writeln (‘Enter пернесін басыңдар’);
readln;
textbackground (12); textcolor (15);
window (39,3,71,18);
for k:= 1 to 100 do writeln;
gotoxy (3,8);
wrіteln (‘Жақсы Enter – пернесін басыңдар’);
readln;
textmode (Co80)
end.
Сабақты бекіту сұрақтары* Бейнемонитор қандай құрылғы? * Пиксель дегеніміз не? * Бейнеадаптер қандай құрылғы?
* GRT модулінің қызметі қандай? * Драйвер деп нені айтады?
Үйге тапсырма: 7.1, 7.2 тақырыптарды оқу