«MS Excel кестесіні? графикалы? м?мкіндіктері»


ЮНУСОВА КУЛЗИРА АШТАЕВНА
информатика пәнінің оқытушысы
Алматы экономикалық колледжі

Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы шығарманы алдыңда отырған студенттерге игерту де оңай шаруа емес. Ол үшін оқытушының біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, шебер ой-өрнегі болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылықтары жоғары болған сайын студенттерді оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Оқытушының әр сабағы студенттің сезіміне, ынтасына әсер етуі керек. Ол үшін сабақ құрылымы түрлі оқыту әдістерімен, оқытушының дайындығы мен ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Студенттерге білім негізін меңгертудің әдіс-тәсілдері сан-алуан. Оны таңдап алу оқытушының шеберлігіне байланысты. Өз тәжірибемді шыңдау мақсатымен «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» (ОҮӘЖ) педагогикалық технологиясын қолданып жүрмін. Тәжірибе тарату мақсатында осы технологияның талаптары бойынша дайындалған сабақтың жұмыс дәптерін ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: «MS Excel кестесінің графикалық мүмкіндіктері»
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі
«Көпір» тапсырмасы (өткен тақырып-тарды қайталау) 1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Excel программасының негізгі атқаратын қызметтері?
ә) Excel-дегі негізгі ұғымдарды атаңыз?
б) Электрондық кестеде неше баған бар? Қалай белгіленеді?
в) Excel-де ұяшық қалай және не үшін форматталады?
г) Блок немесе диапазон дегеніміз не? Қалай белгіленеді?
ғ) Ұяшық адресі дегеніміз не?
д) Excel-ге қандай мәліметтер енгізуге болады?
к) Excel электрондық кестесінде мәліметтерді график немесе диаграмма түрінде көрсете аласыз ба?
ІІ кезең. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту тапсырмалары
Теориясы:
«БІЛУ» мақсатына жету үшін
Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек.) Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтырыңыз:
1. _____________ – мәліметтерді көрнекті түрде бейнелеудің бір тәсілі болып саналады. Ол кесте ішінде орналасқан сандық мәндерді _____________ немесе __________ түрінде көрсетеді. 2. Диаграммадағы мәліметтер оның типіне қарай _________, ___________, ________ және басқада элементтер арқылы көрсетіледі. 3. ______________ жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьекті. Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан _________ ____________ болады. Егер ____________ _____________ болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді. 4. Диаграмманы құру үшін оған қажетті ______________ белгілеп алып, диаграммалар шеберін ___________ _________ іске қосу жеткілікті.
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себе-бі? Не үшін? Неге? Түсіндір т.с.с. сұрақтар қойылады. Сұрақтарға түсіндере отырып жауап беріңіз:
Excel-де диаграмма не үшін құрылады?
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
2. Дөңгелек диаграмма не үшін қолданылады.
_______________________________________________________________
3. Диаграммаларды редакциялау не үшін керек?
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз, - деген тапсырмалар болу керек.)
21621751569085031432517157700033337512928600021602701198880031432592138500216344580772036195053086000216344545529536322090805Диаграмма құрудың қадамдары
00Диаграмма құрудың қадамдары

Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек)56197554610Диаграмманың типтері
00Диаграмманың типтері

14001751517650021621751517650040005016129000216217516129000216344515430500
383857510414000287591511366500192404912319000971550123190001905012319000
42354505334000326390053340001387475533400042545043815003797300533400021304253746500
384746514605002875915146050019234151460500951865146050088902222500
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады) Excel прграммасын іске қосыңыз:
1. Excel кестесіне төмендегі мәліметтерді енгізіңіз.
2. Қажетті мәліметтерді белгілеп алып, дөңгелек диаграмма құрыңыз.
3. Диаграммаға түсініктеме мәтін, тақырып және т.б. қосыңыз.

Практикасы:
«БАҒА БЕРУ» (сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма шартында болу керек) Диаграмманы құру үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып, диаграммалар шеберін іске қосу жеткілікті.
Сен қалай ойлайсың? Қажетті мәліметтерді белгілеп алмай, диаграммалар шеберін іске қоссақ, экранға не шығады?
Жауабы:
Менің ойымша,
_____________________________________________________________
ІІІ кезең. Кері байланыс кезеңі.
І деңгей (5 балл)
Теориясы:
«БІЛУ» мақсатына жету үшін
Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Тест тапсырмасын орындаңыз:
1. Excel бағдарламасында кiтапты құрайтындар
формулалар
суреттер
парақтар
мәтіндер
жазбалар
2. EXCEL бағдарламасында диаграммалар қоятын мәзір
Мәліметтер (данные)
Кірістіру
Формулалар
Көрініс
Бет белгісі
3. Excel бағдарламасында кесте ауқымдарының бейнеленуі
А:В2
А1:В2
1А:В2
А:В
А1:В
4. Excel бағдарламасында диаграмма ... үшін қолданылады
бағандарды немесе жолдарды құрастыру
ақпаратты сызбалық түрде ұсыну
сандық деректер мен өрнектерді енгізу
бағандарды сызбалық түрде кескіндеу
есеп шығару
5. Excel ұяшықтарына қандай форматтауды қолдануға болады?
деректер типінің ені және биіктігі
нұсқалардың бәрі дұрыс
мәтінді туралау
қаріп форматы
қоршау және бояу
6. MS Excel. Диаграмманы жою үшін, оны жеке объект ретінде белгілеп, содан соң қайсы пернені басамыз:
Delete
Shift
Pause
Insert
Enter
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(2-кезеңнің қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
Тапсырма. Функция шеберi арқылы у=х2 және у=х3 функцияларының мәнiн табыңыз. Аргументтерi берiлген:
х -5 -4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5
у =х2                     
у =х3                      
Формула енгiзу арқылы функцияның мәнiн табыңыз. График тұрғызып, графиктi бөлек бетке орналастырыңыз.
Алатын балы Тапсырма толық орындалған жағдайда 5 балл (сынақ немесе 3)
ІІ деңгей (5 балл+4 балл=9 балл)
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге? Түсіндір т.с.с. сұрақтар студентның жоғарыда берген жауаптарына қойылады. ) Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Мәліметтер қатарының не үшін қолданылатынын түсіндіріңіз?
______________________________________________________________
2. Мәліметтер қатарын қалай қосып немесе өшіруге болады?
______________________________________________________________
_______________________________________________________________3. Диаграмма түсініктемесі (легенда) не үшін қолданылады?
_______________________________________________________________
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
Диаграммаларды орналастырудың екі мүмкіндігі бар. Олардың айырмашылығы неде?
Бос орындарға тиісті сөздерді жазыңыз:
Себебі, қатар орналасқан ___________ құруға болады. Мұндай ________ ___________ мәліметтер енгізілген кесте тұрған бетке орналастырылады. Екінші мүмкіндік – диаграмма орналасатын ______ ________ қолдану. ____________ және ___________ жеке беттерде орналасуы _________, ____________ түсіру қажет болған кезде ыңғайлы.
Практикасы:
«Қолдану»
(2-кезең қарапайым тапсырмалары-ның өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады) Тапсырма
Excel кестесінің келесі жұмыс парағына Y=x^2, Y=-x^2, Y=2x^2, Y=x^2/2 функцияларының графигін бір координаталық жүйеде салу керек. -5<X<5 , қадам 0,5.
Алатын балы Тапсырма толық орындалған жағдайда 5+4 =9 балл (4 жақсы)
ІІІ деңгей (5 балл+4 балл+3 балл =12 балл)
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында
болу керек ) Сәйкесінше әріптерді орнына қоя отырып, жасырылған сөзді тап.
А-1 Г-2 С-3 Д-4 Ы-5 Р-6 Е-7 Қ-8 И-9 У-10
І-11 М-12 К-13 З-14 Ө-15 Б-16 Т-17 Н-18 П-19 Ш-20
4 9 1 2 6 1 12 12 1 3 1 18 4 5 8 4 7 6
7 13 17 7 6 8 1 17 1
6 5 18 3 5 14 16 1 19 11 20 11 12 11 18 4 7 13 15 6 3 7 17 10
Жауабы: _______________________________________________________
Практикасы:
«Баға беру»
(Сен қалай ойлайсын? Не істер едін?) Өзіңіз жасаған диаграмма мен графиктердің ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Алатын балы Тапсырма толық орындалған жағдайда 5+4+3 =12 балл (5 өте жақсы)