Разработка урока по казахской литературе на тему: Н.Сералиев «А?сау» ??гімесі (5 класс)


Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар
№8 жалпы білім беру орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Н.Сералиев «Аңсау» әңгімесі

Дайындаған:Ахметова А.А
Ақтау-2014
«БЕКІТЕМІН»
Оқу ісінің меңгерушісі
Уақыты: Сыныбы:5 Пәні:Әдебиет

Н.Сералиев «Аңсау» әңгімесі

Сабақтың мақсаты. Білімділік.Ермек кімді аңсап жүр?Ата қалаға не үшін
келді?Атаға қандай құрметтер көрсетілді осы
жайттарға кеңірек мән беріледі.

Тәрбиелік: Кішіпейілділікке,адамгершілікке,үлкенді
құрметтей білуге тәрбиеленеді.

Дамытушылық:Жан-жақты болуға,ойын еркін айтуға
бағыт - бағдар беріледі

Сабақтың көрнекіліктері:Суреттер,шартты белгілер (көрнекілік стратегиясы ( ЖигСО-І =))
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,талдау,ой толғау,пікір-талас.
Сабақтың барысы.

1.Қызығушылығын ояту

топтастыру пайдалану.
2.Мағынасын
түсіндіру.
ЖигСО -І
-пайдалану.
3.Ой толғау.
=
-пайдалану.
Аңсау

армандау
қиялдау
сағыну
елестету
іздеу 111
123

1.Атаның қалаға келуі,қонуы.
2.Ермектің атасын аңсауы.
3.Атаға көрсетілген құрмет.
1.Баласының үйленуіне байланысты,құдалыққа ауыл дүкендерінен керек матасын таппағасын,базарға кіремпілен сынды маталарды алуға келген еді.Осылай мата алам деп ұшақтан кешіккен Қалымбет атай қалаға қонуға мәжбүр болады.Қонайын десе үй жоқ,содан атаға далаға қонайын деген ой туады.
2.Ермектің атасын аңсағаны соншалық,үй таба алмай отырған Қалыбет атайды келген сайын бауырсақ әкелетін атасына ұқсатып,атайдан баырсақ сұрап үйіне алып келеді.Атайды көрген анасы да,өзінің жарты жыл бұрын қайтыс болған қайны атасынан аумайтындығына таңғалды.Анасы осылай атайды төрге шығарып,атасының бауырсақ әкелетініне дейін айтып берді.Санда атай қоржынынан кемпірінің салып жіберген 4-5 құртын ұсынды,Бауырсақты ұшақта қалдырып кетіпті дей сал.Міне Ермек атасының өзін,оның бауырсағын,ауылды аңсаған еді.
3.Ермектің шешесі қалымбет атаны танымаймын деген жоқ,бірден үйіне кіргізіп,төрді ұсынды.Атаңа жақсыла шәйін берді.Жұмақ диванға төсек салып берді.Тіпті таңертең кететін кезе,атайдан бұрын тұрып,шәй қойып,шәйін беріп, біраз жолға дейін шығарып салды.
123

Әр отбасы тақырыпқа байланысты газет шығарады.
1.Қария қалаға неге келді?
Мата алуға
2.Қаладан қайта алмаған соң,қайда түнемек болды?
Далаға
3.Ол кімге жолықты?
Ермекке
4.Бала қартты неге үйіне ертіп келді?
Атасына ұсатты.
5.Бала кімді аңсап жүр?
Атасын
6.Баланың шешесі не себепті бөтен қарияның қасына жатуға рұқсат берді?
Ұлын аяғандықтан.
Үйге тапсырма: «Ата мен бала» тақырыбына 10 минуттық эссе.
Бағалау. Жауаптарына қарай барлық бала бағаланады.