Саба? жоспары Тере? су. Н.Сералиев


Сабақ № 1-9                  16.09.16
Сабақ тақырыбы: Терең су. Н.Сералиев
Сабақ мақсаты: - Мәтіннің мазмұнын оқушыларға меңгерту,өз ойларын ашық айтуға және сабақта ашық сұрақтар қоюға үйрету.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;
Танымдық белсенділіктерін арттыру, қорытындылай алу, талдау жасау қабілеттерін дамыту;
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Модульдер: СТОү, ТжДОЖ, , ОЖЕСО, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Әдіс-тәсілдері: «Ыстық үнтаспа»
Көрнекіліктер: оқулық, маркер, А4 қағаз, бағалау парағы
Түрі: жаңа білімді меңгерту. Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап. 
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері» \бір-біріне жақсы тілек айтады\. ІІ. Қызығушылықты ояту. 1. Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Қызығушылықты ояту. 
ДЖИГСО тәсілімен топқа бөлу.
Тақырыпқа шығу үшін «балық, көл» туралы жұмбақ жасырылады
Сабақпен байланысын анықтауға бағытталған сұрақтар қоямын:
-Кім балық ұстап көрді?
-Балықтың түрлері қандай?
-Көлге шомылғандарын бар ма?
Арық деген сөзді естігендерін бар ма?
ІІІ.Мағынаны тану
а) Мәтінді «Болжау» стратегиясы арқылы оқыту.э) Мәтінді төрт бөлікке бөліп алу:1-бөлім. Ақбөпенің арыққа баруға кұмартуы.2-бөлім. Сапаштың Ақбөпеден мезі болуы.3-бөлім. Тұраштың қайық жасап беруі.4-бөлім. Балалардың Ақбөпені құтқаруы.Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізу.Мәтінді оқып болған соң, болған оқиғаға баға беру.Балалардың әрқайсысының әрекетіне сын көзбен қарау.Басты кейіпкерлерге сипаттама беру.Сұрақ:
- Егер өзің осындай жағдайға тап болсаң, кімнің орнында болғанды қалар едің?
Сенің әрекетің қандай болар еді деп ойлайсың?
Бұндай жағдайларда нені естен шығармау керек?
Қауіпсіздік ережесін сақтау деген не? (Ол ережелерді көбінесе қандайсабақтарда естисіңдер? (Еңбекке баулу, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі).
Ақбөпенің суға кетіп қалуына кім кінәлі? (Баға беру.)
Әртүрлі қиын жағдайларға түсіп қалмас үшін, нені естен шығармаукерек?
Сергіту сәті:
Табиғат ғажаптарыТабиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,Сен - Күнсің, көтерілген күліп қырдан.Сен - Көлсің,Сен - Ормансың,Сен - Бұлбұлсың,Адамға сұлулықты шын ұқтырған.
Дәптермен жұмыс:
Келесі сабақтағы «Суға жүзіп үйрен, балам» өлеңі мен оқыған мэтінді«Шығарма кестесіне» салып салыстыру:
Мәтіндегі балалардың кұтқару жұмысына баға беру арқылы достықкөмек, туыстық көмек, ағайын-туысқа, т.б. деген көмек ерекшеліктерінетоқталу.
- Су туралы қандай ырым-тыйымдар білесіңдер?
Қажет дерек
Тыйым сөздер:
Суды сыпырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Шелектегі суға аузыңды батырма, т.с.с.¥лағатты ұлттық ұғымдар:
Үш көз: Су анасы -бұлақ. Жол анасы - тұяқ. Сөз анасы -құлақ.
Төрт тұлға: От. Су. Жел. Жер.
Жеті амал: 1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғамы.
«Венн диаграммасы» арқылы алғашқы көмек пен құтқару жұмыстарынасалыстыру жасау.
Сабақты қорытындылау мақсатында сөзжұмбақ шешу.
Тіршілік көзі не?
Судан не аулаймыз? т.с.с.
Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.
Үйге тапсырма. «Терең су» мәтінін оқу, мазмұндау
Су туралы мақал-мәтелдер жазып келу.
Су сөзімен сөз тіркестерін құрау. (Мысалы: терең су, ағынды су, т.с.с.)