Технологиялы? карта бойынша а?аштан б?йым жасап шы?ару


Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Сабақтың тақырыбы: Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығаруСабақтың мақсаты: Ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясына түсінік беру.Білімділігі: Материалға технологиялық карта бойынша өлшем бірліктерін түсіру және біріктіру тәсілдерінің дәлдігін анықтау жолдарына үйрету.Дамытушылығы: Ағашты механикалық тәсілде өңдеу технологиясын қолдана отырып материалдарды станокта өңдеу жұмыстарын меңгерту.Тәрбиелігі: Механикалық өңдеу станоктарында қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаужолдарына үйрету.Көрнекілігі: Тақтаға ілінген ағаш балғаны құрастыру сызбалары.Сабақтың типі: Білімді қалыптастыру.Сабақтың түрі: Аралас сарамандықСабақтың өтілуі: 1. Сабақтың барысы мен таныстыру2. Көрнекілік пен жұмыс3. Ағаш өңдеу станогында сарамандық жұмыс4. Сабақты қорытындылау.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың сарамандық жұмыс формасын тексеру, құрал жабдықтардың қауіпсіздік ережелеріне сай болуын тексеру.ІІ. Өткен сабаққа шолу.1. Технологиялық карта бөлімдері мен танысуІІІ. Жаңа сабақ.Ағаш өңдеуге арналған токарь станогында қауіпсіз еңбек ережелерін орындау.1. Станоктың электр торабына қосылу желілерін тексеру.2. Өңдеу құралдарының ақаусыз болуын қарап шығу.3. Токарь станогында құралды пайдалану жолдарын еске түсіру.Бұрғылау станогындағы қауіпсіздік ережесі.1. Станоктың тоққа қосылуын тексеру2. Тесуге арналған бұрғы пышағын орнату3. Қосу, ажырату түймелерінің дұрыстығын тексеру.Ағаш балға ағаш ұстасының басты құралдарының бірі. Ағаш бетіне өрнек түсіру кезінде қашауды ағаш балға мен ұрады. Егер темір балға мен ұрса қашау сабын жарып жіберуі мүмкүн. Ағаш балғаның диаметрі:1. сабы 350 – 40 мм2. басы 150 – 100 – 50 мм болады.Сарамандық жұмысАғаш балғаның басын әмбебап станокта өлшем бойынша өңдеу жұмысы.1. Дайындаманы таңдау2. Өлшем бойынша станокта кесу3. Сыртын жонуАғаш балғаның басының тесігін орындау.1. Өлшем бойынша бұрғы мен үш жерден тесу2. Тесілген жердің дұрыстығын тексеру3. Дөңгелек түрпі мен тазалау.Ағаш балғаның сабын дайындау жұмысы1. Ағаш өңдеу токарь станогына дайындаманы бекіту2. Дайындаманың қырларын түрпі мен тегістеу3. Станокты іске қосып түрпі мен жону4. Құм қағазбен тегістеуАғаш балғаның басына сына және ағаш шеге дайындау1. Сынаның өлшемі 5 – 2 мм2. Ағаш шегенің қалыңдығы 10 мм3. Сына мен шегені ағаш материалынан өлшем бойынша түрпі мен жасап шығаруАғаш балғаның біріктіру басын ара мен кесу және бұрғылау станогында ағаш шегенің орнын тесіп дайындау.Құрастыру жұмысы1. Ағаш балғаның сабына және киілетін басына ПВА желімін жағу2. Балғаның сабын басы мен біріктіру3. Ағаш шегенің орнына желім жағу4. Шегені ұрып кіргізу5. Сынаны желімдеу және қағу6. Ескерту: ПВА желімі жағылған бұйымды 24 сағаттан кейін қолдануға болады.Қорытынды: Ағаш балғаның түрлері көп. Қолданылуына қарай үлкен, орташа және кіші балға деп бөлуге болады. Ағаш балғаны сынып кетуі мүмкін заттарды түзету кезінде немесе қашау мен майда жұмыстарды орындаған кезде көп қолданады.Ағаш балғаның кәде сыйлық түрлері де бар. Олардың өлшем бірліктері кіші болады.Балғаға материал таңдағанда қатты, жарылмаған, көздері жоқ ағаш таңдап алынады.Жұмсақ ағаштан жасалған балға тез мүжіліп сынып кетеді.Үй тапсырмасы: Ағаш балғаның кіші өлшемдегі сызбасын сызу