Гимнастика. ?рмелеу жатты?улары. Ар?ан?а ?рмелеу


Дене шынықтыру мәдениетінің сабақ жоспары.
Күні: ___________________
Сынып: ___7_____
Сабақ реті: _____
Сабақтың өтетін орны: Спорт зал.
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Өрмелеу жаттығулары.
Сабақтың мақсаты:
1. Өрмелеу жаттығуларын үйрету.
2. Икемділікті, игілшілікті және күшті дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, жолдастыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: Ысқырық, сағат, доп, ілулі арқан, ағаш ат.

№ Сабақтың мазмұны. Уақыты
Мөлшері Ескертулер.
І Кіріспе бөлімі.
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Кезекшіден мәлімет қабылдау. Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақса-тымен таныстыру. 5 мин Арнайы спорт киімдеріне, оның тазалығына және денсаулығына на-зар аудару керек.
ІІ Дайындық бөлімі.
Залдың шетімен әр түрлі жылдамдықтармен жүгірту.
Оқушыларды шеңберге, 3-4 қатарға немесе созылған сапқа тұрғызып, жалпы дене жат-тығуларын жасату. (ЖДЖ):
1. Бастапқы қалып (БҚ), аяқ иық деңгейінде,
қолды белге қойып, басты оңға 4 рет,
солға 4 рет айналдырамыз.
2. БҚ аяқ иық деңгейінде, қолды кеуде тұсы-
на бүге ұстап, 1-2 дегенде шынтақты
артқа сермеп, 3-4 дегенде жартылай оңға бұрылып, қолды ашып (созып) артқа сермейміз. 1-2 дегенде шынтақты артқа сермеп, 3-4 дегенде жартылай солға бұры-лып, қолды созып артқа сермейміз.
3. БҚ аяқ иық деңгейінде, қолды белге қойып,
белді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдыра-мыз.
4. БҚ қол белде, аяқты алшақ ашып 1 деген-
де, оң аяқтың ұшына екі қолдың ұшын тигіземіз. 2 дегенде ортаға еңкейіп, екі қолдың алақанын жерге тигіземіз. 3 деген-
де сол аяқтың ұшына, екі қолдың ұшын тигіземіз. 4 дегенде БҚ тұрамыз.
5. БҚ аяқ иық деңгейінде қолды тізеге
қойып, ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз.
6. БҚ аяқ иық деңгейінде қолды алға созып,
оң аяқты сол қолдың ұшына, сол аяқты оң қолдың ұшына жеткіземіз.
7. БҚ қолды бірге ұстап және оң аяқтың
ұшын жерге тигізіп. Оңға, солға білекті және тобылықты бірге айналдырамыз.
10 мин
3мин
7мин
4-5рет
4-5рет
4-5рет
4-5рет
4-5рет
4-5рет
4-5рет Оқушылардың дұ-рыс жүгіруін қадағалау.
Жаттығуды дұ-рыс істеуін қад/у.
Қолды түзу ұстауын және
дұрыс бұрылуын қадағалау.
Басын қозғалт-пауын қадағалау.
Тізені бүкпеуін және жаттығуды дұрыс істеуін
қадағалау.
–– // ––
Қолды түзу ұстауын және тізені бүкпеуін қ/у.
Тобылықты дұрыс
айландыруын қадағалау.
ІІІ Негізгі бөлім.
Оқушыларды арқанға өрмелеу және ағаш аттан тіреліп секіру жаттығуларын үйрету.
1-жат-у. Арқанға аяқтың көмегімен өрмелеу.
2-жат-у. Арқанға аяқты тоқсан градусқа көтеріп өрмелеу.
3-жат-у. Ағаш атқа екі қолды тіреп, бір орында, аяқтың ұшымен жоғары секіру.
4-жат-у. Ағаш атқа екі қолды тіреп, жоға-ры секіріп, ағаш аттың үстіне, екі аяқпен отыру.
5-жат-у. Ағаш аттан тіреліп секіру жат-тығуын толық орындау.
Қозғалмалы ойын ойнату.
25мин
4мин
4мин
2мин
2мин
3мин
10мин Оқушылар жат-тығуларды дұрыс орындауын, сапты бұзбауын, өрме-леуін және осы жаттығуларды орындаған кезде техникалық қауіп-сіздік ережелерін сақтап қадағалау керек.
ІV Қорытынды бөлім.
Оқушыларды сапқа тұрғызып. Организмді бастапқы қалыпқа келтіруге арналған, жаттығулар жасату.
Сабақты қорытындылау және бағалау.
Үйге тапсырма. (Денені көтеру, жүгіру, секі-ру және дене жаттығулары.
5мин Сапта дұрыс тұруын, тәртіп сақтауын қадаға-лау.