Биология п?нінен ашы? саба? ?сімдіктерді? ?сімді м?шелері


Пәні: Биология Тексерілді
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің өсімді мүшелері. Мұғалімнің аты-жөні: Г. Паримбекова.
Күні: 11. 10 . 2016 ж.
СЫНЫП: 6
Қатысқан оқушылар саны: 16
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
Оқушыларға өсімдіктің өсімді мүшелері туралы түсінік беру. Топтық және жұптық тапсырмаларды орындауда белсенді болуға үйрету.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Тапсырманы оқып, түсінік айта алады. Өсімдіктердің өсімді мүшелері туралы ережені біледі.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
.Өсімдіктердің өсімді мүшелерінің негізгі ерекшелігін талдайды.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Алған білімдерін жинақтап талдау жасай алады.
Тілдік мақсат: .Қосалқы, кіндік, шашақ, жанама.
Ресурстар: Стикерлер, маркер, А4 формат, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: Химия, дүниетану, физика.
Алдыңғы оқу. Тұқымның ішкі, сыртқы құрлысы.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3- минут Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жүректі бір-бірлеріне ұсына отырып, бір-бірлеріне жылы тілектер айту арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.
Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінді.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
10 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
«Диалог» түрткі сұрақтар.
1. Өсімдік қаңқасын құрайтын ұлпа?.
2. Өсімдікке жасыл түс беретін пластид?
3. Бөліп шығарушы ұлпа өсімдіктің қай жерінде кездеседі?
4. Өткізгіш ұлпа деп не үшін аталады? 1-2 ұпай. Жұптық.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
«Миға шабуыл» әдісі бойынша топтық жұмыс.
І-топ. Су тұқымның өнуіне не үшін қажет?
ІІ-топ. Тұқымның өнуі үшін қоректік заттарды қайдан қалай алады? 2-3 ұпай.топтық жұмыс.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Сәйкестендіру.
Өсімдіктердіңтаралу жолдары:
Шоңайна өздігінен таралу.
Қараған өздігінен таралу.
Жауқазын құстар арқылы.
Таңқурай өздігінен таралу.
Бөрібұршақ жануарлар арқылы.
Айдаршөп өздігінен таралу. ЖАҢА САБАҚ
10 минут
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру)
«Айналмалы бекет» әдісі бойынша жаңа сабақты ашып аламыз. Бұл әдіс ЖИКСО әдісінің бір түрі.
4-5 ұпай.топтық жұмыс.
САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
«Жұптас ойлан»
1. Тамыр дегеніміз не?
2. Мүше дегенді қалай түсінесің?
3.Қандай мүшелер болады?
4. Вегетативті мүшелерді атаңдар?
5. Тамырдың қызметін атңдар?
6. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? 1-2 ұпай
2-деңгей
(қолдану, талдау):
«Ой түрткі» дәптермен жұмыс.
Алдарына берілген асбұршақ немесе қауынның т.б. өсімдіктің тамырын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратып суретін салып аттарын жазыңдар.. 2-3 ұпай жеке жұмыс.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
«Балық қаңқасы» әдісі бойынша тақырыпты жинақтап пысықтаймыз.
4-5 ұпай немесе «5» баға.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
7 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасатуға тапсырма беру)
Тақырыпты оқып түсінік айту. 2-деңгей
(қолдану, талдау):
Сөзжұмбақ жасау. 3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) Тест сұрақтарын дайындау. БАҒАЛАУ
Бағалау.
Түрлі-түсті жапырақтар түрімен формативті бағалау.
Жасыл толық түсіндім.
Сары жартылай түсіндім.
Қызыл мүлдем түсінбедім. Топтық, жеке..
КЕРІ БАЙЛАНЫС
.Не ұғындым? Не ұғынғым келеді? Не ұсынамын? Деген сұрақтарға жауап бергізіп кері байланыс орнату. Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?