Ашы? саба? К?ліктер Автобус


Ескелді ауданы Сырымбет аулы
«Айгөлек» балалар бақшасы
Тақырыбы: «Көлік түрлері » автобус.

Тәрбиеші Б.А.Жанаталинова
2017ж
Тақырыбы: «Көлік түрлері» автобус.
Мақсаты: Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Атқаратын қызметіне және  жүретін ортасына қарай, ауада,жерде,суда топтастыру. Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелерін түсіндіру. Ертедегі көліктермен таныстырып өту. Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен таныстыру. Автобустын атқаратын міндетін түсіндіру.   
Балаларды шеңберге тұрғызады. Балалар бір-бірімізге бұрыламыз, жымиямыз, күлеміз. Қолдарыңды беттеріңе ұстаңдар, күлкі сендердің беттеріңді жылытсын, қолдарымызды жүрегімізге әкелейік, өздеріңнің кішкентай жүректеріңді жылытып, алақанды алып өз достарымызға, келген қонақтарға қарай үрлеп жіберейік, қуанып қалсын. Сұрақ-жауап:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?-Қыс айларын атайықшы-Қазір қай ай?
Жұмбақ шешу:
Аяғы жоқ, қолы жоқ.
Не жүретін жолы жоқ,   
Мініп алсаң зулайды,   
Бірақ ізі қалмайды. (Кеме) Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көлік түрлері» автобус. Балалар таңертен адамдар жұмысқа барғанда қандай көлікпен барады? Автобуспен, автобус адам таситын көлік.
Балалар біз сендермен таңертеңгі уақытта адамдар жұмысқа автобуспен барады дедік.
Автобус қандай (көлемі)? Автобусқа кіргенде өзімізді қалай ұстаумыз керек? Айғайлап шулаймыз ба?
Үлкен кісі автобусқа кіргенде не істеуіміз керек?
Жақсы балалар.
Осы автобус, машина болмаған уақытта адамдар ат арбамен, атқа мініп баратын жерлеріне жететін.
Көліктердің мынадай түрлері болады екен: жүк машина, жолаушылар тасымалдайтын көліктер.Сондай-ақ арнайы көліктер:01-өрт сөндіргіш -02 егер адам ауырса -03 егер тәртіп бұзушылық болса,-әскери көліктер. 
Поезбен қайда барады?      Поездан да жылдам жету үшін неге отырады?          
Суда жүретін не?    Судың астында жүретін не?
-Сендер білесіңдер ме, осы көліктер немен жүреді?    Олар  жүрген кезде, түтін,газ бөлініп шығады. Осы газдардан ауа ластанып кетпес үшін жолдың бойына ағаштар,гүлдер, шөптер өсіреді.
1.жерде жүретін көліктер.
2.суда жүретін.
3.әуеде ұшатын.
Көліктерді бір-біріне қосу.
Шығармашалық жұмыс.
Балалар автобус жапсырады.
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық
Қолымызды жайайық
Ұшақ болып ұшайық
Орнымызға қонайық.
Көрініс :Балалар автобусты кім жүргізеді? Ал біз өзімізді автобуста қалай ұстаймыз? Жүргізуші айдайды. Аялдамаға тоқтағанда әже отырады.
Бала жылжиды. Д.О. «Орнын тап»
Балалар, қараңдаршы қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?
Бұлттың астына ауада ұшатын көліктерді,судың астына суда жүретінін, жолдың астына жерде жүретін көліктерді ілейік.
Қорытындылау. Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: көлік түрлерін, атқаратын қызметін.
Нені игереді: көліктердің пайдалы және зиянды жақтарын білуге деген қызығушылықтары.
Нені біледі: балалар өздерін көлік ішінде әдепті ұстауды.