Ашы? саба? К?шедегі к?ліктер


Сабақтың тақырыбы: Көшедегі көліктер.
Сабақтың мақсаты: Балалардың көлік туралы білімднрін толықтыру; жолда жүру ережесі туралы түсінік беру; жолда жүру ережесін қатаң сақтауға үйрету; сөздік қорын, тілін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Көлік түрлері, бағдаршам.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер:
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Мұғалім:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір қандай ай?
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-Балалар адамдар алыс қалаларға немен барады?
-Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Жұмбақ жасыру:
Арқасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Балалар сендер осы автобусқа мініп, Астана қаласына сапар шегесіңдер. Ол үшін сендер мен берген тапсырмаларды орындау керексіңдер.
Топтастыр. (Балалар көлік түрлерін топтастырады, сызық арқылы қосады)
Балалар Астана туралы жаттаған тақпақтарын айтады:
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Ел ордасы Отанның,
Мақтанышым Астанам!
Төкті оған нұрын дала,
Астана сұлу қала.
Біз оны анамыздай,
Сүйеміз шынында да.
Міне балалар сендер Астана қаласына да келдіңдер және де тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Ары қарай сапарымызды жалғастырайық.
Жұмбақ:
Қазша қанатын жаяды, үйрекше мойнын созады, құсша қонады. (Ұшақ)
Балалар сендер ұшаққа отырып Алматы қаласына барасыңдар.
Жұмбақ:
1.Оңға да бұрады, солға да бұрады,
Тәртіп сақтап әрқашан, жолды нұсқап тұрады. (Бағдаршам)
«Көшеде абай бол!»
-Балалар көшедегі жолда көліктер, адамдар жүреді, жолда сәтсіздікке ұшырамау үшін, жолда жүру ережесін сақтау керек.
-Балалар кім маған бағдаршам туралы жаттаған тақпағын айтып береді
2. Қызыл көзін ашқанда, сынық т сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, өте бергін жасқанба.
Ойын: «Қай түс нені айтады?»
Балалар келесі тапсырма: «Бағдаршам» бояу.
Ойын: «Бағдаршам»

Жасыл түс- Балалар бір-екі адым алға жүреді.
Сары түс-алақан соғады.
Қызыл түс-тыныштық сақтайды.
Ереже: Жол қиылысында аса абай бол!
Жолдан өтер кезде тек жаяулар өтпесі-арнайы жолақ жолдан өт.
Көшеде, жолда шанамен сырғанап ойнама.
Бағдаршамға қарауды ұмытпа!
Көшеде таныс емес адамдармен сөйлеспе, ілесіп кетпе.
Жолдан өтер кезде алдымен сол жаққа, содан соң оң жаққа қара.
Жолдан өтер кезде арнайы жаяулар өтпесімен өт.
-Балалар сендер маған Алматы туралы не білетіндеріңді және жаттаған тақпақтарыңды айтыңдаршы:
-Алматы қандай қала?
-Алматы қаласында қандай жеміс өседі?
Гүлзар баққа барғанда,
Күннен киген бөрікті.
Аққуындай таранған,
Алматы әсем көрікті.
Жап-жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы.
Ақ басты тауы бар,
Алматы қаласы.
4.Алма ағашына алмаларды жапсыру.
Балалар бұл жолы да тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Біздер Алматы қаласына да келдік.
Жұмбақ:
Күндіз-түні күрсінеді, жүрген жері сілкінеді. (Пойыз)
-Балалар енді әсем қаламыз Ақтөбеге барайық.
Ойын: «Толықтыр»
Егер жермен жүрсе-бұл... (жер) көлігі.
Егер сумен жүрсе-бұл...(су) көлігі.
Егер көкте жүрсе-бұл...(әуе) көлігі.
Суретті жина.
Балалар пойызды құрастырады.
-Балалар жедел жәрдем көлігі не үшін қажет?
(Жедел-жәрдем қолма-қол берілетін көмек)
Өрт сөндіргіш-өрт сөндіруге арналған техника.
Жарайсыңдар балалар.
Жұмбақ:
Тырылдап көкте инелік, инелік емес үй делік. (Тікұшақ)
Балалар тікұшаққа отырып Ақтау қаласына барайық.
«Мен тұратын көше»
-Балалар сендер көшеге шыққанда нені көресіңдер?
-Ненің дыбысын естисіңдер?
Мұғалім:
-Балалар жол жиегінде үйдің жанында отырғызылған жасыл-желек ағаштар мен гүлдер ауадағы оттегіні көбейтіп, адамның көңіл-күйін көтереді.
Балалар ағаштарды сындырып, гүлдерді жұлуға, керексіз қалдық заттарды: балмұздақ, кәмпиттің қағаздарын жерге тастау көшені ластайды, сәнін кетіреді. Көшенің тазалығы адамдарға яғни әр бір адам тазалық ережесін сақтау керек. Әркім өз көшесі әдемі болу үшін ағаш отырғыза алады. Үй жанына түрлі гүлдер отырғызып, оны суарып отыру керек.
«Тазалық саулық негізі»
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз, қанатымызды жаямыз.
Ұшақ болып ұшамыз, суда жүйткіп жүземіз.
Кемелерді түземіз, жол тәртібін сақтап, автобусқа мінеміз.
«Менің көшем» (әңгімелеу)
Жұмбақ.
Күндіз-түні көше кезіп зырлайды,
Жолаушыға қызмет етіп тынбайды. (Такси)
-Балалар біздер осы таксиге отырып өзіміздің қаламыз Алғаға барамыз.
«Сыпайы бол»
«Әдептілік әліппесі»
.Қарт ата автобусқа мінсе бос орын жоқ.
.Әже ауыр сөмке көтеріп автобусқа мінді.
.Қыз баланың екі қолында сөмке бар. Ол артқы есіктен кірмекші болды, бірақ бұл есік жабық тұр. Есікті ашайын десе қолы бос емес.
Мұғалім: Әжеге, қызға, қарияға көмектескенде сен нені сезіндің
Сондағы өзіңнің көңіл-күйіңді көрсет. (үш көңіл-күй)
Адамдар біреуге жақсылық жасағанда, қуанып рахаттанса кішіпейіл болса, ерекше қуаныш сезімге бөленеді, бұл денсаулыққа да пайдалы.
.Күлімдеп жүруді;
.Автобуста адамдарға орын беруді ұмытпа.
Үлкенге құрмет кішіге ізет.
Қортынды:
Балалар сыпайы және тәртіпті болу қандай жақсы.
Балаларды бағалау.
Сау болыңыздар.