Ашы? саба?. К?ркем ?дебиет.К?ліктер.Мектепалды даярлы?


Көркем әдебиетОқу іс - әрекетінің тақырыбы: КөліктерОқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету.Сөздік жұмыс: баған, аспалы, сым жол.
Оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: Көлік түрлері, суреттері бағдаршам, жол белгілеріОқу іс - әрекетінің барысы:Ұйымдастыру кезеңі: балалар бір - біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді/Шаттық шеңберіне тұру/.Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін пысықтау жұмысы:- Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктерменжүреміз?/әңгімелесу/Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан автобусқа мінеді. Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз. Қандай сезімде болдыңдар?Дәптермен жұмыс: М. Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.Бағанға ілінгенАспалы сым жолы бар,Көшелерде жүгіргенТроллейбус жолығар.Сым жолымен зулайды,Басқа жаққа бұрмайды.- Троллейбусқа мініп көрдің бе?- Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?- Сым жолымен қалай жүреді?Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,қанатымызды жаямыз.Ұшақ болып ұшамыз,Суда жүйткіп жүземіз,Кемелерді түземіз.Жол тәртібін сақтап,Троллейбусқа мінеміз. (Қимылмен көрсетеді).Дидактикалық ойын: «Жолдан өте білесің бе?»Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншілер.Бірінші топ көліктерге мінеді, екінші топ жаяу жүргіншілер бағдаршамға, жол белгілеріне қарап, жолдан өтуі керек.Жұмбақ шешу: Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет. (Тік - ұшақ)Табанында жолы бар,төбесінде қолы бар. (Трамвай)Қорытынды:- Қандай көлік түрлерін білесің?- Алыс жол жүріп көрдің бе?- Өзің қандай көлікті ұнатасың? Суретін салып, әңгімеле.Жақсы белсенділік көрсеткен балаларды мадақтау.