Саба? жоспары, зат есім (?айталау саба?), 3 сынып


Күні: 05.02.2016
Сынып: 3 «А»
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары ( қайталау сабағы)Мақсаты:
Білімділік: Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңейту. Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып,оған сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін сабақ барысында дұрыс пайдалана білуін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау сабақ. Сабақтың әдісі: Ой қозғау, түсіндіру, әңгімелесу, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт презентация, интерактивті тақта, бағалау плакаты, конверт, көгершіннің суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Психологиялық дайындық: «Көгершінге хат» алдарыңызда тұрған конверттерге тілек жазу арқылы, конвертке салу керек. Мысалы:
-Мен анамның ауырмағанын тілеймін!
-Ұстазыма зор денсаулық, бақыт тілеймін.
-Келген қонақтарға еңбекте табыс тілеймін т.б.
-Жақсы балалар, отырыңыздар!
-Балалар біз бүгін сабақта не істейміз деп ойлайсыздар? Оқушылардың жауабы. Сендер келіп отқан қонақтарды көрдіңдер, сондықтан өз білімдерінді ортаға саласыңдар! Жаңа сабаққа көшпес бұрын сабақтың мақсатымен танысып алайық.
ІІ. Жаңа сабақ. Қазір біз ребусты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз. «Сөз таптары» сөзі шығады.
Ережені қайталау. Сөз таптарын еске түсіру. Мысал келтіру.
Сіздерге сөз таптарына байланысты қалталы жануар тапсырма дайындап қойыпты. Соны бәріміз бірге орындасақ. Кенгурудың қалтасындағы сөздерге сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастыр.
Зат есімЕтістікСын есімСан есімЖұлдыз, ата, ақын, адам, құс оқыды, жуынды, жүзді Көк, үлкен, биік, жасыл. Екі, жеті, отыз.
Күн ретін жазу. Көркем жазу. Ережені естеріне сала кетейін, дәптерімізді көлбеу қоямыз.
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Тақтамен жұмыс: 4-жаттығу, 143-бет.
Сөздерді оқы. Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта. Зат есім мен етістікті тіркестіріп жаз.
Қайық жүзеді, бала жүреді, бақа секіреді, доп ұшады, құс ұшады, ұшақ ұшады, ағаш өседі, балақай жүреді.
Сергіту сәті: «Мен қазақпын» әніне бой сергіту жаттығуы.
Келесі тапсырма кітабымыздағы 5-жаттығу.
Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
Сөздерді қай сөз табына жататынын анықта.
Деңгейлік тапсырма:
Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті. Тапсырма: Зат есімнің астын сыз, сұрақ қой.
ІІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Білгендерімізді сәйкестендіру тестін орындау арқылы тиянақтай түсейік.
Келесі тапсырма сөздер мен сөз топтарын сәйкестендір.
Зат есім әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл
Етістік жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың.
Сын есім аққу, емен, оқулық, ауа
Сан есім биледі, өсті, тазалады, ұшты.
Тапсырма: Суреттердің аттарын ата, тиісті сұрақты жанына қой.
Көбелек (қандай) әдемі, мысық (қандай?) ала, құс (қандай?) кішкентай, мұғалім (қандай?) ұлағатты, аспазшы (қандай?) шебер.
Тест жұмысын орындату
1)      Зат есім қандай сұраққа жауап береді?
А) неше? нешінші?
Б) кім? не?кімдер? нелер?
В)не істеді? не қылды ?қайтті?
2) Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
А) неше? нешінші?
Б) кім? не?кімдер? нелер?
В)не істеді? не қылды ?қайтті?
3) Сын есім қандай сұраққа жауап береді?
А)не істеді? не қылды ?қайтті?
Б) қандай? қай?                               В) кім?не?
4) Етістік қандай сұраққа жауап береді?
А)не істеді? не қылды ?қайтті?
Б) қандай? қай?                               В) кім?не?
5) Зат есімді тап:
А) қалам         б) қызыл         в) жүгірді
6)Сын есімді тап:
А) қалам         б) қызыл         в) жүгірді
7) Сан есімді тап
А) үй               б) ойнады       в)жеті8)Етістікті тап:
А) үй               б) ойнады       в)жеті Үйге тапсырма: 6-жаттығу, борсық туралы берілген мәтінді оқу, бастапқы бөлігін көшіріп жазу.
Оқушыларды бағалау: плакатта ілініп тұрған жұлдызшалар арқылы бағалау.