Еуразияны? ішкі сулары 7 класс


Тақырыбы: Еуразияның ішкі суларыГеография 7 сыныпСабақтың мақсаты:1. Оқушыларды Еуразия материгінің ішкі суларымен таныстыру.Олардың ерекшеліктері мен маңыздылықтарына тоқталу.2. Дамытушылық: Оқулықпен картамен жұмыс істей отырып, Еуразия материгінің ішкі сулары жайлы алған білімді қорытындылап, кесте арқылы олардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.3. Тәрбиелік: Оқушыларға адам өміріне ішкі сулардың пайдасы мен қандай зияны бар екенін тәрбиелік жолмен айтып түсіндіру.Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі:Саяхат сабақОқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмеліСабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның ішкі сулар картасы,оқулық, сұрақтар, балық суреттері салынған карточкалар, кеме, аялдамаларСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу2. Үй тапсырмасын тексеруБалалар біз бүгін кемемен саяхатқа шығамыз, ал кемеге отыру үшін біз билеттер сатып алу керекпіз сол үшін сұрақтарға жауап беру керек- Еуразияда қандай климаттық белдеулер кездеседі?- Бір белдеуден екінші белдеудің айырмашылығы қандай?- Материк көлемінің үлкендігі климатқа қалай әсер етеді?- Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?- Адам тіршілігіне және шаруашылық әрекетіне климат қалай әсер етеді?-Еуразияның аса ірі шөлдері қандай және олар қай белдеуде орналасқан?
-Адамдардың тіршілік етуі қай теңіз жағалауынан басталған?
-Климат дегеніміз не?
-Тайфундар Еуразияның қай жерлеріне апат әкеледі?Жауап берген балаларға балықтардың суретімен бейнеленген билет таратыладыЖаңа сабақ: Жұмбак су туралы
Аяғы жоқ, қолы жоқ,   Бiрақ тыныш тұрмайды.   Сақтамасаң – қорын тек,   Барша тiрлiк қурайды. СУ
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр)
«Су өмірдің нәрі» тіпті тіршіліктің өзі алғаш суда пайда болған, сусыз өмір жоқ. Бүгін біз Еуразия материгінің ішкі суларымен танысамыз! Ол үшін мына схеманы еске түсіріп қайталайық«Ассоциация» әдісі оқушылар постерге
Ішкі сулар түрлеріа) өзендерб) мұздықтарв) жер асты суыг) бөгендерд) батпақтаре) көлдерЕуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері жерасты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.
1-аялдама Солтүстік Мұзды мұхит алабы. Ең алғашқы сапарымыз Солтүстік Мұзды мұхит алабынан басталады. Ендеше сәт-сапар!
Солтүстік Мұзды Мұхит — Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит.Бұл алапқа Ресей жері арқылы ағып өтетін Енесей ,Обь,Ертіс,Ангара,Лена өзендері және Скандинавияның қысқа өзендері жатады. Қоректені көзі: қар және жазғы жаңбыр суымен қоректенеді. Көктем айында су қатты тасиды. Ірі өзендерінде кеме қатынасы жақсы дамыған.Бастауы таудан басталатын өзендерде судың құлама кұшін пайдаланып электр станциялары салынған. Мысалы Қазақстанды Ертіс өзенінде Бұқтырма СЭС салынған.
2-аялдама Атлант мұхиты алабы
Атлант мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Бұл алапқа Еуропалық бөліктердегі өзендер жатады.Ірілері-Дунай,Днепр,Рейн,Висла,Сена. Бұл өзендер таудан бастау алатындықтан, жоғары ағысында сарқырамалар мен шоңғалдар жасап ағады. Қоректену көзі-әртүрлі. Бұл алаптағы өзендерге халы жиі қоныстанған және өнеркәсіп орындары жақын шоғырланған. Сондықтан ластануға ұшыраған. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендері егістікке жарамды.
3-аялдама Тынық мұхиты алабы.Тынық мұхиты алабы өзендері биік таудан басталады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады. Ірі өзендеріне-Амур,Хуанхе,Янцзы,Меконг жатады. Солтүстік бөлігіндегі суларды қоспағанда барлығы жаңбыр суымен қоректенеді.
Алаптың ең ірі өзені-Хуанхэ сары түсті, сазды лесстен түзілген жазықпен ағатындықтан ,суы лайлы және сары түсті. Қытай тілінен «Хуанхэ» сары өзен деген мағына береді. Күшті муссондық жаңбырлар кезінде су деңгейі көтеріліп, тасиды. Тасқындар нәтежиесінде бөгеттерді бұзып адамдардың өміріне қауіп тудыруда. Қазір Өзенде күшті су тасқындарына төтеп беретін,бетондалған бөгеттер салынуда.
4-аялдама Үнді мұхит алабы. Ірі өзендеріне- Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Ефрат жатады.Қоректені типі: мұздық пен жаңбыр суларымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде деңгейі шұғыл көтеріліеді.
Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит
5-аялдама Ішкі тұйық алабы.
Шығыс Еуропа жазығының , Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта азия мен Қазақстан жері , Иран таулы қыраты, Арабия түбегінің аймақтары жатады. Өзендері: Еділ,Жайық, Әмудария,Сырдария,Іле яғни Қазақстан территориясынан өтетін өзендер жатады. Алатың ең ірі өзені-Еділ. Каспий теңізіне құяды. Өзен бойында 7 ірі бөгендер салынған.
6-аялдама Көлдер
Еуразияда көлдер көп, толардың қалыптасуы мен аумағы, суының қасиеттері таралу заңдылығы әркелкі.Материктің солтүстік батысында көлдер жиі шоғырланған. Ең ірілері-Ресейдегі Ладога,Онега, Скандинавиядағы-Венерн, Веттерн көлдері.
Жер қыртысындағы жарықтарда орналасқан көлдері-Байкал,Ыстықкөл,Зайсан, Женева жатады.
Байкал дүние жүзіндегі суы аса мөлдір,ең терең көл, 1620 м,мұнда жер шарындағы тұщы судың 20 пайызы тиеслі. Байкалға 336 өзен құйып,жалғыз Ангара ағып шығады.
Қалдық көлдерге-Касспий, Арал,Балқаш,Лобнор, т.б.
7-аялдама Батпақтар алабы
Батпақтар жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң таралған аудандарда кең таралған.Еуразияда жер шарындағы батпақтардың 80 пайызы орналасқан. Әсіресе Батыс Сібір жазығы менАмур бойы, Колхида, Балтық бойында көп.
Еуразия материгінде жер асты сулары көп. Жер асты сулары таза болғандықтан оларды ауыз суына пайдалануға болады.
Әлемдік курорттар мен демалыс орындарының орналасқан жері-Алтай, Тянь-Шань,Карпат,Солтүстік Кавказ,Оңтүстік Еуропа
Қазіргі заманғы мұз басу. Еуразида мұздықтар солтүстіктегі аралдарда Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф,,Жаңа жер аралында шоғырланған. Ең ірі мұздық-Памир тауында Федченко мұздығы ұз-77м. Бұлар болмаса шөлді аудандарды суландырып, дақылдар егуге мүмкіндік беретін өзендер де болмас еді.Прақтикалық жұмыс. Картамен жұмыс жасау. Берілген нысандарды картадан табу.
Сергіту сәті.Слайдпен
Топтық тапсырымалар
“Сен маған, мен саған” әдісі 3 топ бір-біріне тақырып мазмұны бойынша сұрақтар дайындап, жауап береді
«Серпілген сауал» әдісі оқушылар тақырыпты қаншалықты түсінгендігін анықтау үшін жүргізіледі
1.Хуанхэ өзені қай алапқа жатады? (Тынық)
2. Шығыс Еуропа жазығы мен Орал, Кавказдың едәуір бөлігін алып жатқан алап? Ішкі
3. Байкалдың ең терең жері неше метр? 1620м
4. Ежелгі мұхиттардың орнында қалып қойған көлдер не деп аталады?(қалдық)
5. Судың деңгейінің көтеріліп отыруы неге байланысты?(ағыстарға,муссондық жаңбырларға)
6.Мұздықтардың маңызы қандай?(Бұлар болмаса шөлді аудандарды суландырып, дақылдар егуге мүмкіндік беретін өзендер де болмас еді.)
7.Батпақтардың мол қоры қайда шоғырланған? (Батыс Сібір, Балтық бойы,Амур бойы)
Шығармашылық тапсырма топтарға тапсырма беріледі, шығармашылық тұрғыда орындайды.
1-ші топқа:Ой толғаныс (логикалық тапсырма)Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды?
2-топқа. Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ.Сұрақ- Неге көптеген елдерге тұщы су қоры жетіспейді? Жауабы-тұз еріп, мақта су тартады.
Жауабы- Тұщы судың азаю себебі табиғаттағы таза су көздеріне зауыт, фабрика, тұрмыстық мекемелер пайдаланған лас сулар, ауыл шаруашылығында пайдаланылған тыңайтқыштар және зиянкестерге себілген улы химикаттар қосылып, табиғи таза су ластанады. Әсіресе өнеркәсібі жақсы дамыған, халық жиі қоныстанған ЕЕуропа мемлекеттері тұщы суға зәру.
3-топқа.Табиғаттағы су қандай күйде кездеседі. Мысал келтір Жауабы-Қатты,сұйық, бу
Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)
2)Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (мұз , қатты күйі)
3)Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді (газ, бу күйі)
Қорытынды:
«Ия » «Жоқ » әдісі 
Бағалау
Балықтарға қорек жетондарын беру арқылы бағаланады.
Беріп жатқан қорек сендердің бағаларың болады, сол бағамен балықтарың қоректенеді Қане кім қаншалықты қорек жинағанын көрейік.
Үйге тапсырма. Еуразияняның ішкі суларын оқып, картаға түсіру. Слайдпен үлгісін көрсету.