?аза? тілі п?нінен Зат есімні? жекеше ж?не к?пше т?рі(3 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және
көпше түрі. 400-403 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты: 1. Зат есімнің жекеше және
көпше түрі туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды әдемі,мәнерлі жазуға дағдыландыру,
оқушыларға әдемі жазу-өнер екенін ұғындыру.
3. «Пікір алысу» стратегиясын пайдаланып,оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, өнерге құштарлықтарын эстетикалық талғамдарын
қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, тест, сөз жұмбақ,
кесте, ұлттық қазақи сәлемдесу, интер тақта
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабаққа қол әдісі: Ой қозғау, мақал-мәтел,сөз жұмбақ, талдау-жинақтау, «Венн диаграммасы»
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Қызығушылықты ояту
Ә) «Пікір алысу» стратегиясы бойынша сұрақ беру
-Ал балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше болмақ.
-Себебі, бізге кімдер келіп отыр?
-Қонақтар.
-Біздің қазақ халқы қандай халық болған?
-Қонақжай халық.
-Олай болса бізде бүгін қонақжайлылығымызды
көрсетеміз.
-Ондай болса балалар қонақжайлылығымызды
қалай көрсетеміз?
Тәртіптілігімізбен, білімділігімізбен, алғырлығымызбен.
-Ия, өте дұрыс.
-Ал, балалар сабағымызды бастамас бұрын, тәттіден дәм татқызып, шашу шашқан.
-Олай болса біз білімділігімізбен шашуымызды
шашайық.
Үй тапсырмасын анықтап тексеру.
399-жаттығу жалқы,жалпы есімдерді топтап жазу
-Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
-Жалқы есімдер дегеніміз не?
-Жалпы есімдер қалай жазылады?
-Кісі аттары,мамандық иелеріне қандай сұрақтар қойылады?
-Жер су аттары жан-жануарларға берілген атаулар қалай жазылады?
3. Жаңа сабақ: Зат есімнің жекеше және көпше түрі. 400-403 жаттығулар.
4.Сөз жұмбақ шешу арқылы жаңа анықтап алу.
. ЗАТ ЕСІМ
Қазақстан Республикасының президенті кім?
Түн ұйқысын төрт бөлген абзал жан.
Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі.
Білім есігі не?
Әбілхан Қастеев кім?
Иесі оның сәби
Әрі төсек, әрі үй.
7)Ұлыстың ұлы күні қай мезгілде келеді?
З А
Т Е С І М
5.Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
а) Суретті көрнекілік арқылы зат есімнің жекеше,көпше бөлінуін меңгерту
ә) Көркем жазу минуты
6.Сызбамен жұмыс.
Зат есім
Жекеше Көпше
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Ата,құс,түйе Аталар,құстар,түйелер
7.400-жаттығу «Ауызша орындалады.»
8.401-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу.


9. Сергіту сәті:
Шаршадым «УҺ!» дедім,
Ренжідім «Туһ!» дедім,
Қорықтым «Ой!» дедім,
Өкіндім «Аһ!» дедім,
Шарасыз «Еһ!» дедім,
Таңырқап «О!» дедім,
Кейідім «И!» дедім,
Біліп ап «Е!» дедім,
Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.
10.Мақал-мәтелдер сайысы «тақырыпқа байланысты»
11. Тест тапсырмалары:
1-қатарға
Көпше зат есімді жекешеге айналдыр.
Балалар-бала ,кітаптар-кітап
2-қатарға
Жекеше зат есімді көпшеге айналдыр.
Гүл-гүлдер, дәптер-дәптерлер
3-қатар
Жекеше зат есімді тап?
а) Балалар б) Балапандар
ә)Алма в) Кітаптар
12. 402-жаттығу.Көптік жалғауларының тиістісін қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.
13.Бекіту «Венн диаграмасы» арқылы оқушылар сөздер тауып жазады.
Зат
есім Көпше
Жекеше

14.Үйге тапсырма беру. 403-жаттығу.
15.Бағалау,мадақтау.