Саба?ты? та?ырыбы: ?асым Аманжолов «?зім туралы» ?ле?і


Изтилеуова Асыл ЖайлхановнаХлебодаровка орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңіСабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, ақынның өзіндік мұратын таныту,өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашуДамытушылық: оқушылардың ой - өрістерін,сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл байлығын, сто технологиялары арқылы өз бетімен жұмысқа,шығармашылыққа дағдыландыру.Тәрбиелік: Ақын өмірін үлгі ете отыра балаларды өзіне сыни көзқараспен қарап, әр басқан ізіне есеп беріп, қорытындылап отыруға, жүйелі, мақсатты өмір сүруге баулу
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ассоциация, талдау, сұрақ – жауапСабақтың көрнекілігі. ақын портреті,қанатты сөздер, тірек-схема,автор туралы естелік Пәнаралық байланыс: музыка ,тарихІ. Ұйымдастыру кезеңі:а)амандасу б)оқушыларды түгендеу.ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:- Қасым Аманжолов туралы мәлімет өмірі, шығармашылығы, өлеңдерін жаттау,Қасым туралы ой-толғаулар)
Бейне таспадан ақын туралы мәлімет көрсету .
Ақын
Топтастыру. Қасым кім?

Әнші
Жауынгер
Қасым
Аудармашы
Сазгер

ІІІ. Жаңа сабақ:
Дәптермен жұмыс
Қасым Аманжолов
Туған жылы:1911
Туған жері:Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қызыл қыстау
Өлеңдері:«Өмір сыры», «Бар дауыспен», «Дауыл»
Поэмалары: «Бикеш», «Құпия қыз», «Боран» , « Ақын өлімі туралы аңыз»
Аудармалары: «Полтава» (Пушкиннен), «Маскарад» (Лермонтовтан)
Слайд. Өзім туралы
Сөздік қоржыны (дәптермен жұмыс)
Жасық - жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсызТымырсық – сыр ашпайтын,сөйлемейтін
Торқадай – ең қымбат жібек матадай
Мағынаны тану кезеңі1. Өлеңді мәнерлеп оқу (не айтылғанын сұрау)2. Өлең шумақтарындағы негізгі ойларды тауып мазмұнын ашу
Ән тыңдау (Өзім туралы)
Өлең құрылысына талдау(25 шумақ, 100 тармақ, 11-12 буынды, а а б а түріндегі қара өлең ұйқасы)ШумағыТармағыБуыныҰйқасы
Өлеңнің тіліне талдау
Теңеу, эпитет, метафораларды табуОй толғау кезеңі  Абай өлеңдері мен Қасымның «Өзім туралы» өлеңдерінің өзектестігі,үндестігін табу, пікір айту.Абай мен Қасым ойындағы ұқсастық туралы пікір айту. Қандай адам өлмейді?Қасым «Өзім туралы»Барым да, бақытым да осы өлеңім,Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін.
Абай «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес » (өлеңінен үзінді)Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,Ол бірақ қайтып келіп ойнап- күлмес...Көп адам дүниеге бой алдырған,Бой алдырып, аяғын көп шалдырғанӨлді деуге бола ма айтыңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Қасым «Өзім туралы»
Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік,
Сөз соғам құлашымды еркін керіп.
Суарып шынықтырам күйге малып,
Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.
Құя алман үгітілген балшық өлең,
Көңілімде көл жасаман тамшыменен.
Серінің семсеріндей сертке таққан
Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
Абай Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол-ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Бекіту
1)Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ
2)Қасым туралы естеліктер не дейді?(Бейне сюжет)
3)Суреттер сыр шертеді (слайд)
Үй тапсырмасы «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау
Бағалау