?асым Аманжолов ?зім туралы 8 сынып


Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Қасым Аманжолов туралы, оның
шығармалары туралы түсіндіру. «Өзім туралы» өлеңінің
тақырыбы мен идеясын ашу, өлеңнің тіліне, құрылысына
талдау жасау.
ә) Өнерді, өлеңді, өмірді сүюге тәрбиелеу. Ақынмен
сырласа отырып, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
б) Ой-өрісін, тілін, шығармашылық қабілетін
дамыту.
Сабақтың әдісі: Оқыта отырып түсіндіру, мағынаны тану, шығармашылық
тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, видео-роликтер, кеспе қағаздар
Сабақтың жүрісі: а) Ұйымдастыру кезеңі, топқа бөлу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. Иса Байзақов кім?
2. Оның қандай шығармаларымен таныстық?
3. «Құралай сұлу» поэмасы не туралы?
4. «Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» шығармасын оқу.
б) Жаңа сабақ түсіну.
1. Экраннан Қасым туралы видео-роликті тыңдау.
Қасым кім?
Қасым – ақын, әнші, сазгер, актер, қоғам қайраткері.
2. «Жигсо» әдісі. Мағынаны тану
1- топ «Ақын» тобы: «Өзім туралы» өлеңінің 1-8-шумақтарын оқып, түсіндіру.
2-топ: «Өлең» тобы: «Өзім туралы» өлеңінің 9- 16-шумақтарын оқып, түсіндіру.
3-топ: «Сыр» тобы: «Өзім туралы» өлеңінің 17-25- шумақтарын оқып, түсіндіру.
3. «Ассоциация» әдісі. Кейіпкерлерге талдау, шығарманың мазмұнын ашу.
1-топ «Ақын» тобы: Қасым қандай?
2-топ «Өлең» тобы: Қасымның өлеңі қандай?
3-топ «Сыр» тобы: Қасым келер ұрпаққа қандай сыр айтты?
4. Видео-ролик. Дінислам Жайлаубаев «Өзім туралы» әні
5. Өлеңнің құрылысына, тіліне талдау.
1-топ: 9-16-шумақтарға талдау жасау.
2-топ: 17-25-шумақтарға талдау жасау.
3-топ: 1-16-шумақтарға талдау жасау.
6. «Венн» диаграммасы.
1-топ
Қасым Абай Менің ойым
Немесе бастармын ба екінші өмір,
Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес 2-топ
Қасым А.С. Пушкин Менің ойым
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,
Шірімей, жасаңғырар денем мүлде. 3-топ
Қасым Мұқағали Менің ойым
Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды,
«Досың да, туысың да біздерміз» деп Том-том боп сөрелерде тұрмасақта,
Шаң басқан архивтерден табылармыз. 7. Шығармашылық тапсырма «Өлеңім-өнерім» ойтолғау.
8.Бала Жамбылжың Қасымға арнауы
9. Бекіту: 1.Қасым кім?
2. «Өзім туралы» өлеңі не туралы?
3.Ақын кімдерге сырайтты?
10. Үйге: Өлеңді оқу, үзінді жаттау.