Бастауыш сынып?а арнал?ан 8 наурыз


Жүргізуші:
Құрметті асыл аналар,
Қадірлі ұстаздар, оқушылар.
Көгімізде көктем шуағы төгілгенде мейірім мен әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі. Ендеше бүгінгі 8 наурыз мерекесі құтты болсын. Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде де ананың ақ сүтімен нұр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі дүние абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Ол «Ана» Үш - ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез - келген салалы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тәрбиеленіп, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама. Баласының ақылды, саналы, әдепті болып өсуін кез - келген ана қалайды. «Ананың алдында асқар тау да аласа» деген халық сөзі бекер айтылмаса керек.
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар қасиетті аналар.!Қадірлі аналар,ұстаздар,оқушылар бүгінгі 8ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Асыл аналар» атты концерт сайысына хош келдіңіздер.
Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме , анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Абуғалиева Ақмарал апайға береміз.
Жүргізуші:
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім дей келе мерекелік кешімізді шағын орталық тобынның Ақ мамам әнімен басаймыз.1
Жүргізуші:
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
1-оқушы:КәусарӘжем менің алтын ғой,
Тұнып тұрған асыл ғой.
Әжемді жақсы коремін
Айтқанына көнемін
2-оқушы:АянаШашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам
3-оқушы:ИсмайлСен жалықпай жетектеп;
Мен арманға жетермін
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін
4-оқушы:АйаруАқ сүт беріп аялаған
Менен бәрін аямаған
Жанашырым саялаған
Ол менің-аяулы анам
Жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті Шағынорталық тобының оқушыларының «шужаларим» биін тамашалаңыздар2
5-оқушы:ӘминаАйналайын анашым;
Асқар таудай панасың
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағыңа аласың.
6-оқушы: Арманбек
Ұн қатасың бар тілмен,
Еркелеймін әр күнмен.
Құттықтаймын анашым;
Сегізінші наурызбен
7-оқушы:АяулымҚош келдіңіз, аналар
Ән-жырымыз арналар
Тек бақыт тілейді
Сіздерге балалар
8-оқушы:ҚуанышАйналайын анашым,
Бәрімізге панасың.
Құтты болсын мереке
Құттықтаймын мамашым
Жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға МАД мен ШО тобының орындауында"Құттықтаймын мама" әнімен.3
Жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.-деп кезекті МАД тобының оқушыларына береміз.
9-оқушы:ЕралыСабағымнан калмаймын,
Бес аламын бәрінен.
Озат оқып әрдайым,
Қуантамын анамды.
10-оқушы: Армангүл
Ойнаймыз, күлеміз,
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз
10-оқушы:АйнараҚамқорсың ана өмірде,
Қуатым сенсің көңілге
Әлпештен мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгінде.
Жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған ШО тобының бишілері Қамажай биімен №4
11:АйданаӘлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым,
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
12:МаликаБойға қуат береді,
Әй,жарайсың дегені
Мен анамнан әр кезде
Соны естігім келеді
13:АйзаАқыл құйған санама,
Күннен артық расында
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда
14:ЕрсұлтанДостықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз
Жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы – деп алдарыңызға МАД тобының оқушысы Набидоллаева Армангул мен Ш О тобының тәрбиеленушісі Жәнібекұлы Арманбектің орындауында "Бал балалық"әнін қошеметпен қабыл алыңыздар.5
15:ЖанесенАнам менің тірегім
Жайдары жаз күніндей
Ән айтқанда үні оның
Нағыз бұлбұл үніндей
16:ЖантөреАқ сүт беріп аялап,
Өсірген ақ анашым,
Түнде ұйқыдан оянып,
Жұбатқан сен данасың
17:ЕрболсынӘжем менің әдемі
Тойға барса кәделі
Кәмпит әкеп береді
Мені жақсы көреді
Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп кезекті 1-сынып оқушыларына береміз
18:ЖанеркеАна деген асқақ ән
Орындайтын әрқашан
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан
19:ЖанайымАна деген ақылшың
Анаң барда батырсың
Қасыңда кім болса да
Тек анаңа жақынсың
20:ИсрафильЕркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
"Құлыншағым,күнім"дейтін
Жүргізуші:
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы әсем биін тамашалаңыздар№6
21:АманжанАйналайын әжем,
Мәпелеген жастан.
Менің қымбат данам,
Көңілі көк аспан.
Балдай тәтті әжем,
Сіздей жан жоқ маған.
Қуантса екен сізді
менің бестік бағам
22:БегаліҰл-қызыңа ерген,
Немерең біз әже.
Немереңнен ерген,
Шөберең біз әже.
Жүргізуші:
Әке асқар тау, ана бұлақ, бала жағасындағы құрақ демекші алдарыңызда 1 сынып оқушылары Тұрғанбай Гүлгүл мен Ғайсақызы Жанеркенің орындауында «Қос бәйтерегім» әнін қабыл алыңыздар
23:ГүлгүлЖылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен
24:АсылжанМейірім нұр төгілген
Күн көзіндей жанары
Ойымды оқып өңімнен
Дірілдейді қабағы
Жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті 2-сыныптың байсалды да байыпты ұлдарының "Әкелер" әнін қабыл алыңыздар.№7
25:Ерасыл26:Расул27:ӨтегенЖүргізуші:
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Расул Қапсих «Анашым» әнімен№8
Жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып 3сынып оқушылары "Анашым"әнімен№9
Жүргізуші:
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым-деп 3 сынып оқушыларының өлең-шумақтарын тыңдайық
28:Данабек29:Айбибі30:СұлтанЖүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып 3сынып оқушыларының әке- аналарға арналған "Әке-ана" атты әнін тыңдайық№10
Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Ару ана» орындайтын 4 сынып оқушылары Серікбайұлы Әділхан және Мұхаммедияров Нұржігіт.№11
жүргізуші:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. -дей отырып мерекелік кешімізді сөзді ата-аналар комитетинің төрайымы Ақмарал Жұбановаға береміз.
1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.