О?ытуды бас?ару ж?не к?шбасшылы?


Коучинг сабақ жоспары №1
Коучинг сабақ
Сабақ тақырыбы: Оқытуды басқару және көшбасшылық
Жалпы мақсат: Оқытуда көшбасшылықтың маңыздылығын түсінеді.Оқытуды басқару және көшбасшылық жасаудың тиімді жолдарын үйренеді . Көшбасшылық табысты болуының 6 факторы жайлы біледі.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (17-24бет)
Мұғалімнің көшбсшылығын дамыту жұмысы(МКДЖ)
Оқудағы көшбасшылықты дамыту стратегиялары
Интернеттен қосымша мәліметтер алынды.
Ресурстар Бейнежазба «Құмырсқа», «Шаяндар» слайд, А3 форматты қағаздары, маркер, қайшы, желім, магнит.
Оқу нәтижелері: Оқыту мен оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік алады. Әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық мұғалімдердің барлық әлеуеттерін бөлуге болатындығына сенімді болады.
Негізгі идеялар: Топтық,жұптық жұмыста белсенділік таныту.Оқу үдерісінен қалыс қалмауы.
Сабақта қолданылатын материалдар: Флипчарт, стикер, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар, таратпа материалдары.
Оқыту әдістері: Жаңа әдістері.
1. Топтық жұмыс
2. Оқытуды басқару және көшбасшылық
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, постер салу және қорғау, рефлексия жасау,тапсырмаларды орындау.
Сабақ бойынша коучпен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.психологиялық ахуал туғызу Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Шаттық шеңбері Бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
ІІ. Топтық жұмыс Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Жыл мезгілдері арқылы топқа бөлу. 1)Топ ережесін құру.
2)II деңгей курс бағдарламасының мақсаты,маңызына қысқаша шолу.(Презентация)
3)«Құмырсқа», «Шаян» бейнежазбаларын көрсету. (Көшбасшылыққа байланысты)
4)Ой түрткі сұрақтары:
А.Көшбасшы сөзін қалай түсінесіздер?
Б.Қазіргі заманда көшбасшылары кімдер?
В. Көшбасшы туа біткен қаблет па,алде қалыптаса ма?
Г.Көшбасшы қандай қасиеттерімен ерекшеленді?
Д.Кез-келген адам көшбасшы бола алама?
Ж.Көшбасшыны қалай тануға болады?
5) Интерактивті тақтадан көшбасшылыққа берілген тапсырманы орындайды.Көшбасшыға түсініктеме.
Көп нүктенің орнына толықтыружаттығуларын орындауға беремін.
1)Топтың алтын ережесін шығарады.
2)Түсінік қалыптастырады,өз тәжірибиелерінде қолданады.
3)Бейнежазба арқылы ой түйеді.
4)Олар:дұрыс
бағыт-бағдар беруші, жақсы
ұйымдастырушы, құнды идеялардың иесі, топ
жетекшісі,сенімді дос, әділ басқарушы, тапсырмаларды реттеуші, жоғарыдан бақылаушы т.б.
5) Сөйлемдерді аяқтайды.Өздерінде ой қалыптасады.Жаттығуларды орындайды.

Қорытындылау Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
1) Көшбасшылыққа постер құрғызу.
2) Егерде көшбасшы болсам....(ойтолғау жазу)
1. Мұғалімдер постер салып, қорғайды.
2)Ойтолғау жазып,талдайды.
VII. Рефлексия Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Өткізілген коучинг сабақтан қандай әсер алғандары сұраймын. «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы ойларын білдіреді.