«О?у ?дерісінде бас?ару ж?не саба?ты сапалы жоспарлау» та?ырыбы бойынша ?ыс?а мерзімді коучингты? рефлексиялы? есебі


«Оқу үдерісінде басқару және сабақты сапалы жоспарлау» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі
1-бөлім: Тақырыпты негіздеу
Ынтымақтастық оқу – бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады ( МАН 134 бет, 2 деңгей)
Сондықтан да коучинг өткізу барысында деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен мектепішілік қоғамдастық отырысында пікірлесіп, коучингтің тақырыбын анықтадық. Іс-әрекет тобындағы мұғалімдермен пікірлесіп,
«Оқу үдерісінде басқару және сабақты сапалы жоспарлау» тақырыбына шықтық.
Бұл тақырып біз үшін маңызды, себебі сабақта топ арасында ынтымақтастық және әрекеттестік орнату ең маңызды және жаңашылдық тәсілдер.
Мектеп тұрғысынан қарағанда, бұл тақырыптың маңыздысы: Оқу үдерісінде қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді.
Коучинг сабағымызға екі топты біріктіріп, қатысқан 31 мұғалім қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, математика, тарих, химия, дене шынықтыру, физика пәнінен беретін әріптестеріміз қатысты.
2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау
Коучингке «Оқу үдерісінде басқару және сабақты сапалы жоспарлау» тақырыбын алған себебіміз, топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.
Осы себепті назарға ала отырып, коучинг сабағына қойған мақсатымыз - мектеп педагогтарына ынталаныру үшін жағдай жасау және сабақтың «SMART» мақсатын нақты сөйлеуін мұқтаждау, сабақтың уақытын тиімді қолдану, сонымен бірге мұғалімдер мақсатты қоюға тарту.
Күтілетін нәтижеміз: Мұғалімдер сабақтың «SMART» мақсатын әр этапқа талдау жүргізу.
Коуч - коучингке келген қатысушылармен амандасып, топтарды ұйымдастыруда үстелдің үстінде «Смайлик» түрлері таңдап отырды. Коуч қатысушыларды тақтаға назарларын аудартты. Әр смайликтер өзінің аты болды, олар: арқылы: күштілер, ақылдылар, қарапайымдылар, жақсылар смайликтері, 4 топ құрастырдық.

Нәтижесінде: коучинг қатысушылары смайлик арқылы өздеріне мінездеме алды.
Топқа бөлгеннен соң топта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатымен тренинг ұйымдастырдық. «Үстелдің жиынтығы» 5 бөлімен құралды:
1.Үстелдің үстінде отырған адамдардың тізімін құрастыру.
2.Үстелде отырған адамдардың жастарын қосып, жалпы санын шығару.
3.Топтағы білім саласында жұмыс өтілін қосу.
4.Топтың ішіндегі ата-аналарды, балаларын, немерелі, әжелер мен аталардың санын санау.
5.Үстелдегі адамдардың көңіл-күйлерін түсте немесе суреткесалып көрсету.
Нәтижесінде: қатысушыларымыз сандарын қосып, ең үлкен сан қандай топ болғанын біліп, көңіл-күйлерін көтерді.

Топтарға: Мақсатқа жету үшін қандай қадам жасау керек? - деген түрткі сұрақ қойылды.
Нәтижесінде: әр топтан өздерінің ойларын ортаға салды. Содан коуч төрт қадамды айтып шықты.
Бірінші қадам. Алдымен қандай нақты нәтижені алғыларын келетіндерін ойластыру.
Екінші қадам. Мақсат белгілі. Енді мүмкіндіктерді іздей бастаймыз.
Үшінші қадам. Ойландың. Қолдандың.
Төртінші қадам. Кірісеміз. Қателесеміз. Ойланамыз. Қайтадан кірісеміз.

Осы ой қозғаудан соң, коуч бүгінгі коучингтың тақырыбы «Оқу үдерісінде басқару және сабақты сапалы жоспарлау» екенін жеткіздік. Сабақты сапалы ұйымдастыру үшін, сабақта оқу үдерісімен басқару үшін критериалды бағалауды білу қажет. Он дескриптор критерийлерімен бағаланады. Мектепте сапалы сабақ беру үшін «Сабақты сапалы ұйымдастыру» критерийлері құрастырылды. Егер сабақ дұрыс құрастырылса, онда критерийдің бәрі қаралады.
«SMART» мақсаттарына презентация көрсетілді. «SMART» - оқыту әдістерін оқыту арқылы, жаттауға емес түсінушілікке бағытталған оқыту. Ол нақты (Specific - қарамай бастыруды үйрену), өлшенетiн (Measurable - алған сабақтар саны), әрекетке негiзделген (Action-oriented - күнделiктi онлайн сабақ алу), жетiмдi (Realistic - сөзсiз) және уақытпен шектелген (Time-bound - екi аптада бiтiру). Бұл да сондай: нақты (Specific - ағылшын тiлiн жетiлдiру), өлшенетiн (Measurable - оқыған кiтаптар саны және қараған сериалдар саны), әрекетке негiзделген (Action-oriented - кiтап оқу немесе сериал қарау), жетiмдi (Realistic - иә) және уақытпен шектелген (Time-bound - мысалы күнде кешке кiтап оқи отырып және апта соңы сериал қарап жарты жылда бiтiру). Бұны бiрнеше SMART мақсаттарға бөлуге болады.

Тәжірибелік бөлімде «Сабақты сапалы ұйымдастыру» критерийлерін сабақ жоспарына қалай дұрыс салу керектігін, керемет немесе жақсы сабақ болу үшін не істеу керектігін талқылады.
Нәтижесінде: сабақтарын ортаға салып, әңгімеледі.

3бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау
Коучингті қорыту үшін «Мен қайдамын?» әдісі алынды. Қорыту рефлексияда әр топ 4 минут ішінде коучингты қорытындылауға тақтадағы сөздердің жанына түрлі түсті маркерлермен сурет салуды өтінді. Олар: күту, рахаттану, ағарту, белгісіздік, түсініспеушілік және қуаныш.
Нәтижесінде: суреттер арқылы бүгінгі көңіл күйлерімізді байқадық.

Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы