Коуч туралы рефлексивті есеп


«Өрлеу» ұлттық біліктілікті
арттыру орталығының
ІІ деңгейлі үш айлық курс тыңдаушысы
Керейбаева Гульбану Муратбекқызы
топ
Тренерлер:Құдайбергенова Гульзада Сайековна
Рысқұлбекова Құралай Қалдыбаевна
(мерзімі: 1 қазан -25 желтоқсан, 2012 жыл )
Коуч туралы рефлексивті есеп
Есеп мазмұны Ескертпе
Мұғалімдердің пікірі:
1.Сабақта адамның ойлауына көп түрткі салынды. Бұл сабақта әр адам өз ойын еркін жеткізді.Ұйымшылдықпен,бірлікпен нәтижелерге қол жеткіздік. Назардан тыс қалған ешқандай адам болмады. Сабақтың өмірмен байланысы көп болды.
2.Мұғалім мектептің жүрегі, әдістеме оның тірегі демекші біз бүгінгі отырысымызда өзімізге қажетті жаңа идеялармен таныстық. Оқушының оқуына әсер ететін факторлардың тиімділігін ажыратып, дәлелдемелер айттық. Сабаққа қолайлы оқушының іс- әрекетіне байланысты бағалау критерийлерін анықтап алдық. Формативтік бағалаудың мазмұнына терең үңілдік. Бұдан түсінгенім, формативтік бағалауда оқушы да, мұғалім де үнемі оқу үрдісін дамытуда білімін жетілдіріп отыруы қажет екен. Бұдан адам өзінің бағасын білмей, біреуді бағалай алмайды деп айтқым келгені. Барлығымызға ой салып отырған Кембридж университетінің бағдарламасындағы жеті модульдың мазмұнын білдік. Осы технологияларды сабағымызда кеңнен қолданамыз және тиімді болады деген сенімдемін.
3. Бірінші коучинг сабағына қатысушы мұғалімдердің рефлексиясынан үзінді:
Біріншіден, осы кочинг сабағы аудан орталығында өткені мен үшін өте ыңғайлы болды.Осы өтіп жатқан курс бағдарламасы туралы үшінші деңгей тыңдаушыларынан еміс -еміс естідік, тіпті сабақтарына да қатыстық. Дегенмен көзбен көріп, қолмен ұстап, ресурстармен жұмыс жасағанымыз әлде қайда әсерлі де, түсінікті болды. «Әлем өзгеруде, біз де өзгерудеміз» фильмін көргеннен кейін осы курсты оқып келуге қызығушылық танытып отырмын. Бүгінгі коучинг сабағынан өзіме көп мәлімет алдым. Әсіресе оқытудағы жаңа тәсілдердің тиімділігін өзім топта отырып жұмыс жасағанда сезіндім. Топтарда ауысып отыру барысында мен басқа әріптестеріммен де тығыз жұмыс жасауға мүмкіндік алдым. Топ ережесіне бағына отырып жұмыс істеу әрі тиімді, әрі топ мүшелерінің бір-біріне деген құрметімен ерекшеленеді екен. Постерлармен жұмыс жасауда топ мүшелерінің қасиеттері анықталып жатты. Осы әдісті өз тәжірибемде қолданамын. Әртүрлі психологиялық тренингтер сыныпта жылы атмосфера туғызды. Өзімді оқушының орнында сезінген кезде ғана өзгеруім керек екенін түсініп отырмын. Гульбану Муратбекқызы, сабағыңызға көп рахмет, жұмысыңыздың жемісін көріңіз!
Коучинг сабағына қатысқан мұғалімдерімнің, тәлім алушыларымның пікірлерін оқи отыра өзіме деген сенімділігім арта түсті. Коучинг сабағын қалай өткізсем екен деген толғанысым сейілді. Ендігі сабақтарымды аяғымнан нық тұрып өткізе аламын, дегенмен теориялық білімімді үздіксіз жетілдіріп отыруым керек. Жеті модульдың тақырыбын ашуда көбінесе бірінші бетпе- бет кезеңінде дайындаған презиртацияларыма сүйене отырып аштып. Көбінесе қарапайым өз сөздерімді қолдандым. Келешекте коучинг сабақтарын өткізуде теориядағы нақты анықтамалармен жеткізуге тырысамын. Сабақ барысындағы ресурстармен жұмыс кезіндегі олардың әрбір қимылын бақылай отыра келесіде мен не істеймін деген алдағы жоспарыма кедергісіз көшіп отырдым. Алдымда отырған әр түрлі санаттағы мұғалімдердің топ ережелерін сақтай отыра, ынтымақтастықта шешім қабылдағандары, тіпті кей кезде балаша қылық танытқандары олардың кеуделеріндегі қаншама проблемаларын ақтарып тастағандай көрінді. Оны мен екінші коучингтегі қойылым кезіндегі әрекеттерінен көрдім. Осы қойылымның мазмұны бүгінгі таңда оқу үдерісінде кездесіп жатқан кемшіліктерді толық ашып берді. Мысалы: Екінші топтың тапсырмасы уақытым өтсе болды деген мұғалімдердің іс әрекетін ашуда өте сәтті болды. Осындай мұғалімдердің арамызда әлі де кездесетінін көпшілігі мойындады. Оқу үрдісінде кездесетін кемшіліктерімізді осындай отырыстарда ашық айта білуіміз керек. Көкірегінде санасы бар адамға осының өзі де жеткілікті болар деп ойлаймын. Коучинг сабағын өткізуде оқу үдерісінің нәтижесін арттыруда әріптестерімнің жеке мақсаттарын айқындауда көмек бере алдым. Тәлім алушыларыма, коучингке қатысқан әріптестеріме сабақты жопарлауда көмек бердім. Оларға құлақпен естігенше, көзбен көргендері тиімді болар деп өзімнің өзгерген сабақтарыма шақырдым. Жаңаша сабақтардың алдына мақсат қойған мұғалімге ешқандай қиыншылығы жоқ екеніне жетелегім келді. Коучинг жүргізудегі мақсатым да әріптестерімнің дағдыларын жетілдіру, құзыреттіліктерін арттыру еді және алған теориялық білімдері, қолданған әдіс тәсілдері арқылы оқушылардың білім деңгейінің жетілуіне әсер ете алдым. Бұны мен олардың дәстүрлі сабақтары мен өзгерген сабақтарын бақылауда айқындадым. Бұған дәлел әріптестеріммен тікелей жұмыс кезіндегі және оқушылармен сұхбат кезіндегі олардың жауабы айғақ. Мысалы: Коучингке қатысқан география пәнінің мұғалімі өзгерген сабағында жеті модульдың барлығын кіріктірген. Осы сабақтың бір көзге түскен кемшілігі мұғалім тарапынан үстемдік байқалып тұрды. Оқушылардың ойын жеткізуге және бір бірімен кері байланысқа түсуге мүмкіндік бермеді. Сабақ соңындағы сұхбат кезінде ол уақытының тығыздығына алаңдағанын айтты. Әріптестерім теориялық білімдерін тәжірибелеріне енгізуде дәстүрлі сабақтары мен өзгерген сабақтарының айырмашылығының нәтижесін бағалай бастады. Осы міндеттерді орындау барысында көп еңбектенді. Осы еңбегінің жемісін менен емес, тікелей оқушыларынан естісін деген мақсатпен әріптесімнің оқушылар сұхбатына қатысуын сұрадым. Оқытуда осы әдістерді тиімді пайдалануда оқушылардың қызығушылықтарын туғызу, ақыл ойын дамыту, жаңа білімді түсінуде ықпал етуде оқушы мен мұғалімнің танымдық жұмыстары бір арнаға құйып жатты. Өтетін сабақтың тақырыбының мазмұнын оқушы өзі ашуда, түсіндіруде сабаққа деген ынта, жігерлері артты.Оны мен тәлім алушымның төртінші сыныпта өткізген өзгерген сабағынан байқадым. Оқушылар бейнеролик көре отыра және мұғалімнің жетелеуші, қайта бағыттау сұрақтарына жауап бере отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері айқындап алды. Тәлім алушымның оқытудағы жаңа тәсілдердің бірі диалогтық оқытуды терең түсінгендігі сабақ барысындағы сауаттылығынан байқалып тұрды. Сабақтың басынан аяғына дейін сыныпта жылы атмосфера желі есіп тұрды. Топпен жұмыс жасау үдерістері жетілді. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз қарым- қатынас орнауда сенімділік орнады. Тапсырмалар орындау барысында оқушылар өздеріне оң баға бере отырып мұғалімнің өз жұмысын бағалануына ықпал етті. Кембридж университетінің ғалымдары дайындаған бағдарламасы бойынша алған теориялық мағлұматтан кейін, өзімнің бойымнан көп өзгерістерді байқадым. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру курсына келген бетте- ақ тәжірибеме үлкен өзгерістер енгізу керек екеніне болжам жасағамын. Келешекте сабақтарымды жаңаша жоспарлап, сабағымда әр түрлі технологияларды қолдана отырып қызықты да, әселі етіп өткізуге тырысамын.Үйткені менің мектептегі міндетім басқа әріптестеріме тәлімгерлік ету. Әр жұмыс өз талабын, шығармашылық тәсілін талап етеді.
Әріптестерімнің арасында қажетті мақсаттардың орындалуы үшін коучинг сабақтарын өткізуді әлі де жалғастырамын. Жалпы коучинг дегеніміз сенімді орта құру деп түсінемін және мұғалімдердің өзіне керекті әрекеттер тәсілін таңдауға, дербес білім алуға көмектеседі.
Коуч ретінде менің алдыма қойған мақсатым:
- Мұғалімнің сабақ жоспарының дұрыс құрылуына ықпал ету;
- Оқушылардың бойындағы дербес қасиеттерін анықтау;
- баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу үдерісінде қолдану;
- қарым-қатынастың дағдыларын пайдалану;
- тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау;
- тәлім алушының мүмкіндігін толық ашып ,мотивациясын арттыру ;
- оқытуда оң нәтижеге аз ғана уақыт ішінде қол жеткізуіне ықпал жасап бағыт-бағдар беру.
Міндетім : - оқушылардың оқуына әсер ететін факторларды анықтау;
- оқушылардың оқуға ынтасын арттыру үшін бірнеше тәсілдерді қолдану;
- тәлім алушының өзіне деген сенімділігін арттыру;
- тәлім алушының жоғары жетістікке қол жеткізуіне ықпал ету.
Білім сапасын арттыру мақсатында тәлімгерге қажетті құндылықтарды іске асырып , білім беру саласында қазіргі жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде жоғары жетістіктерге қол жеткізуге, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға өз үлесімді қосу міндетім деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, «Мұғалімге арналған нұсқаулық», 2012 жыл.
2. Үлестірмелі материалдар (2 апта)
3. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, «Мұғалімдерге арналған бағдарлама» 2012 жыл.
4. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар»,
2012 жыл.
5.cpm.kz