Топты? т?саукесерге ?атыст?аны туралы бір есеп.


Топтық презентацияға қатыстқаны туралы бір есеп.

1“Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» деп Қытай мақалында айтылғандай, балаларды сабақтарға қызықтырған өте маңызды. Осыған байланысты, шағын топта балалар өздері бірін бірі қызықтыра алады. Мұғалімнің айтқаны балаларға үйреншікті жағдай, ал өз сыныптастарынан білім алу сабаққа ынтасы жоқ балаларды қызықтырады, ал жақсы оқитын балалардың әрі қарай дамуына ықпал жасайды.
3910330354330000-57150461010003429037725350039757358248650050609501784985 Еламан
00 Еламан
11366501527810 Мұратбек
0 Мұратбек
-1466851527810 Әлішер
0 Әлішер
9861551003935 Шахназар
Шахназар
Бірінші «Бетпе-бет» кезеңнен кейін сабақ беру әдіс-тәсілдер мен сабақ беру формаларын ауыстырдым. Ең алдымен балаларды топқа отырғызудан бастадым. Топта отырудың басты мақсаты балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелейтіні түсінікті. Топтық жұмыстын пайдасының нәтижелілігі түсінікті. Өйткені оқушылар арасында байланыс болады, бір біріне деген қарым-қатынас іс әрекет жасай отырып әлеуметтік ойлану болады. Бірінші сабақта тақырыпқа байланысты өлең жолдарымен балаларды шағын топтарға бөліп алдым.
Бірінші сабақта балалар дұрыс жұмыс істегілері келмеді, өйткені шағын топтағы жандарында отырған балалардың отырғанын қаламады. Кейіннен басқа сабақтарда балалар өздерінің қалауларынша отырды. 2«Топ құрамын өзгерту арқылы топ мүшелерінің жынысына және мүмкіндіктеріне қарай басқалармен жұмыс ісстеуінен пікірталас арқылы шешуді талап ететін күрделендірілген есепті шығаруға дейін стандартты емес жұмыстың арқасында бұндай сабақтардың сапасы артып отыр». Кейіннен басқа сабақтарда балалар өздерінің қалауларынша отырды, балаларға еркіндік бердім. Сондықтан балалар шағын топтарда сапалы жұмыс жасағандарын байқадым.
Мысал ретінде топтық тұсаукесерге мен «Қазақстанның сәулет өнері ескерткіштері» өткізілген сабақты алдым. Сабаққа 16 бала қатысты, төрт топқа бөлінді. Топтарға әдейлеп бөлген жоқпын, өздері қалай отырғысы келді солай отырды. Балаларға мәтінмен жұмыс жасау мақсатында ЖИГСО-1 әдісін алдым, бұл әдіс бойынша отырған топтары жанұя тобы болып саналады. Балалардың арасында ерекше ынтымақтастық көрдім.. Оқушыларға бұл өте ұнады, көздерінде қызығушылық оттары көрінді, сабаққа жақсы көңіл күйлерімен кірісе бастады. Бұл әдіске келтіру үшін белгілі төрт кесене туралы мәлімет бердім. Жасайтын әрекеттері слайдпен көрсетіп отырдым. Таратылған мәтінді жақсылап оқып алып, жұмыс топтарына барып білгендерін бір біріне айтты. Барлығы мұқият оқып, білгендерімен бір бірімен бөлісті, шағын топта барлық балалардың белсенділігі бірдей болды. Сабақ оқуға ынталары төмен балалар топтағы басқа балаларға қарап берілген мәтінді оқыды. Бұл жерде Мұратбек оқығысы келмеді, бірақ жұмыс тобына барып басқа балаларға түсінгенін айтатын болғандықтан мәтінді оқыды да жұмыс тобына барып білгенімен бөлісті. Оқушылар жұмыс тобында жақсылап тұрып пікір алмасып алды. Содан кейін жанұяға оралып білгендерімен бөліседі. Шағын топтардағы лидерлер жеке, тұйық балаларды жұмыс процессіне тарта алды. Муратбек әдетте тұйық бала сыныпта ешкіммен ашық қарым-қатынас жасамайтын, сабақтарға қатысуда ешқашан белсенділік танытпайтын.
3238564325500368236533274000 Дәстүрлі сабақтарда өз қалауымен отырады және қойылған сұрақтарға да жауап бермейтін. Енді осы сабақтарда, шағын топтарда отырғанда оларға өзара әңгімелесу, пікір алмасу ыңғайлы екенін түсінді. Балалардың өзара қарым қатынастарының жақсаруына шағын топта бірлесіп жұмыс жасауы көп ықпал тигізді. Слайдтармен кесенелердің суреттері көрсетіледі. Балалар ол суреттерге қарап ойланып, не үшін қойылғанын сұрады, ойлануға қарсы сұрақ қойдым, балаларға сыни тұрғыдан ойлануға бағыт бердім, балалар топтың ішінде бір бірімен ақылдасып, суреттің мүсін екеніне көздері жетіп, сабақта рельеф жасайтын шығармыз деген пікір білдірді сол арқылы балалар сабақта жасайтын іс-әрекетке келді. Оқушылар топпен мүсіндеп рельеф жасай бастады. Топтағы барлық бала жұмыс істеуге белсенді қатысты, көңіл күйлеріне, әрекеттеріне қарағанда жасап жатқан жұмыстары өздеріне ұнап отыр. Мұратбек пен Шахназар бір топқа түсіп қалыпты, бірақ екеуі де сабақ процессіне белсенді қатысты, пікірлерін айтты, жұмыстары ұқыпсыздау бірақ нақты болды.
384492515113000012700070421500Балалар бірінші күндері суреттерін қорғауға шағын топтағы жақсы оқитын балалар шығып жүрді, ал басқа балалар көлеңкеде қалып отырды. Кейінен, сабақ жоспарларын сәл өзгертіп құрастырғанда суреттерін қорғауға барлық бала бірдей шығып өз үлестерін салған суреттер туралы пікірлерін айтуын қарастырдым. Жұмыстарын қорғауға топпен шықты. І топта балалар дұрыс қорғай алмады, камерадан қысылып айтатындарын ұмытып қалды, қағаздан оқыды. Екінші топ Әнел, Айнұр, Арайлым, Айдана суреттерін жақсы қорғады. 4 топ Аида, Еламан, Кенжебек, Әділбек Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазарын қорғады, Кенжебек аузыша айтты қалғандары қағаздан оқыды. 3 топта Мұратбек, Құралай, Әлішер, Шахназар болды мұнда да Әлішер ауызша айтты да қалғандары оқып берді. Бағалауды барлық балалар суреттердің астына қойған ұпайларын жабыстырды. Кері байланыс жүргізді. Балаларға топпен жұмыс жасау ұнайды. Ұйымшылдыққа үйретеді. Балалардың айтуы бойынша топпен істеген жұмыс жақсы болады деп санайды. Суреттер сапалы болады, мәтінді оқығанда бірін бірі толықтырғанда жақсырақ меңгеретіндігін айтты. Әлеуметтік жағынан қарағанда да балалардың қарым-қатынастары нығаяды. Топпен жұмыс жасағанда өздеріне деген сенімділіктері артады.
Курстың екінші «Бетпе-бет» кезінде әріптестерімнің алдында топтық тұсаукесерді қорғадым. Әріптестерім топтық тұсаукесерді көргеннен кейін келесі пікірлер мен ұсыныстарды айтты: Толқын «Тұсаукесердегі топтағы жұмыс анық көрсетіліп тұр» деді. Алмагүл: «Зерттеген бала ашылды» деген пікір білдірді. Нағима: « Ерекше жұмыс жасап жатқанын байқадым» деді. Салтанат «Балалар түгел жұмыс жасағанын көрдім» деді. Әріптестірімнің осы пікірлеріммен толық келісемін, ойткені балалар сабақ бойы қызығушылықпен жұмыс істеді, сабғым нәтижелі өтті. Сабақта барлық балалар сапалы жұмыс істеді, топтық жұмыстарда балалардың ұйымшылдықтары анық көрініп тұрды. Зерттеуге алған бала ашылды, сабаққа деген қызығушылығының артқанын байқадым.
Тренердің сұрағы: «Қорғаған кезде зерттеуге алған оқушыға не әсер еткенін айта аласызба?», «Топтың жекеге әсері қандай болды?» деген сұрақ қойды. Топтың жекеге әсері келесідегідей 3«Нұсқаулықта» берілген ЖАДА, Выготскийдің айтуы бойынша «Оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интерактивті вербалды алмасу нәтижесінде біртіндеп сыртқы, әлеуметтік жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетімен ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады» маған сабақтарымда осы балаларды жақсы оқитын дарынды және талантты балалармен отырғызу арқылы оларды сабақтағы жұмыс процессіне қосуым керек болды. Сабақтарда мен оларды жақсы жұмыс істейтін топтпрға отырғыздым. Шағын топтардағы жақсы оқитын балалар оларды, қарым-қатынас арқылы жұмысқа тарта білді, мәтінді талдауға қатыстырды, осы балалардың айтқандарын да тындай білу арқылы оларға өзіне деген сенімділік туғызды. Сурет салуда шағын топтағы барлық балалардың пікірлері тындалды және сурет салуға барлық балалар үлестерін қосты. Ол шағын топтардағы дұрыс құрылған қарым-қатынастар арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары пайда болды деп айтуға болады.
Сабақтарда балаларды шағын топтарға бөліп сабақ бергенде келесі нтижеге жеттім, жақсы оқитын балалар сабаққа ынтасы жоқ балаларды (Мұратбек, Еламан, Шахназар) өздерінің ынталарымен сабақ барысына тартып қызықтыра алды. Төмендегі айтылған нәтиже көрдім:
екінші сабақта аталған балалар сурет салуға үлес қоса бастады;
үшінші сабақта жауаптарын қағаздан оқыса да сабақта жауап берді;
төртінші сабақта, мәтін оқығанда, суретті салуға, қорғағауға үлес қосты;
1911352038985Балалар топпен шығып қорғауға барлығы үлес қосты.
Балалар топпен шығып қорғауға барлығы үлес қосты.
-469905911850036296606680200011868153900805Еламанның суретті қорғауға қатысқаны
0Еламанның суретті қорғауға қатысқаны
1633855244856000бесінші сабақта шағын топтағы барлық балалар шығып салған суреттерін қорғады, барлық балалар өздерінің пікірлерін айтты.
Сілтемелер:
Қытай мақалы
Мұғалімге арналған нұсқаулық: «Акселерация» «Топтпғы жұмысты құрылымдау» (Seal,2006) 76 бет.
Мұғалімге арналған нұсқаулық: «Жақын арадағы даму аймағы» 28 бет.
/1017 сөз/