?аза?стан тарихы. 10 сынып.ХХ ?асырды? со?ы ХХІ ?асырды? басында?ы ?аза?стан м?дениетіні? дамуы.


Сабақ: ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы. Мектеп: №1 ОМ
Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары) ХХ ғасырдың соңы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы туралы біледі.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
-Тарихи сананы қалыптастыру шаралары туралы біледі;
-Абай, Жамбыл, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев сияқты мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларының аталып өтілгендігі туралы біледі;
-Сорттағы жетістіктер туралы біледі;
-Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы туралы біледі;
Оқушылардың басым бөлігі:
-Тарихи санадағы өзгерістер туралы біледі;
-Ұлы тұлғалардың мерейтойлары туралы біледі;
- Ғылымның жағдайы, көркем өнердің дамуы туралы біледі;
-Олимпиадалық спорттың дамуы жайлы біледі;
-Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы туралы біледі;
Кейбір оқушылар:
-Тарихи сананы қалыптастыру шаралары туралы біледі;
-Рухани өмір өзгерістері туралы біледі;
- «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы біледі;
-Кино өнерінің аяқалысы туралы біледі;
-Олимпиадалық спорттың дамуы жайлы біледі;
-Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы туралы біледі.
Тілдік мақсат Оқушылар: Оқушылар Тәуелсіздік жағдайындағы мәдени құрылысты түсіндіре алады;
Негізгі сөздер мен тіркестер: ЮНЕСКО; Құрылтай.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Тарихи сана және оны қалыптастыру дегенді қалай түсінесіңдер?
Абай, Жамбыл, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев сияқты мәдениет қайраткерінің мерейтойларын атап өтуде қандай мән бар деп ойлайсыңдар ?
Мәдениет пен ғылымның дамуындағы іркілістер қандай әлеуметтік салдары болуы мүмкін?
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылар қандай мақсаттар көздеп, ізгі ниеттерін алға тартты?
Алдыңғы оқу Қазақстан Республикасының білім жүйесін реформалау және ғылымды дамыту.
Жоспарланған
уақыт Кезеңдері Жоспарланған жаттығулар, әдіс-тәсілдер Оқушылардың әрекеті Ресурстар
2 мин. Ұйымдастыру кезеңі:
Сергіту сәті. Психологиялық ахуал туғызу
Сәлемдесу,түгендеу;
Топқа бөлу:
Сынып оқушыларын 1- 5 санау арқылы топқа бөлу.
Сергіту сәті:
Кәне,достар,тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық! Оқушылар 1-5 саналып топқа бөлінеді.
Оқушылар гүл шоқтарын беру арқылы бір-біріне жақсы тілек білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін,бес ал, жақсы жауап бер» Гүл шоқтары
5 мин. Білім
Қызығушылықтарын ояту
Үй тапсырмасын сұрау:
«Серпілген сауал» ойынын пайдалану арқылы сұрақ-жауап сәтін өткізу. Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы сұрақтар қояды, топтық жауаптар арқылы бағалау. Доп
4 мин. Түсіну
Жаңа сабаққа дайындық.
Топтастыру әдісі: «Мәдениет» сөзі.
- Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады, топтастырады. Оқушылар өз ойларын айтып топтастырады, бір оқушы тапсырманы оқиды. Интерактивті тақта,
А3,маркер
14 мин. Қолдану Жаңа сабақ:
«Үш қадамды сұқбат» әдісі
Әр топқа сұрақ беріледі.
І топ. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы.
ІІ топ. Тарихи санадағы өзгерістер.
ІІІ топ. Ұлы тұлғалардың мерейтойлары.
ІҮ топ. Спорттағы жетістіктер. Оқушылар жұптасып, яғни топтар жұптарға бөлініп, бір-бірінен сұқбат алады. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі. Бірін-бірі бағалайды. А4, маркер
3 мин. Сергіту сәті
«Балапандар биі» атты жаттығу жасау Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. Интерактивті тақта
5 мин. Талдау «Сәйкестендіру» әдісі
..........-«Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»
.........-«Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы»
........-«Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»
1998 жыл
1999 жыл
1997 жыл
Оқушылар берілген тапсырманың сәйкесін тауып, түсіндіреді. Интерактивті тақта
5 мин. Жинақтау
Шығармашылық тапсырма (Сурет арқылы тақырыпты жинақтау) Оқушылар берілген суреттерді жинақтап, өз ойларын сурет арқылы жеткізеді, суреттерді сипаттайды. А3, маркер, суреттер, желім
5 мин. Бағалау
«Соңғы бес минут» әдісі. Тақтаға бір оқушы шығып, топтағы оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді. 2 мин. Рефлексия
Сабақта не ұнады?
Сабақта не ұнаған жоқ?
Өзіңді қалай бағалайсың?
Неліктен?
Оқушылар сабақта алған әсерлерін кері байланысқа жазады, өзіне баға қояды.
Стикер