?аза?станда?ы машина жасау ?нерк?сібіні? салалы? ??рамы


Тақырыбы: Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібінің салалық құрамы
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстан  территориясында  машина  жасау  өнеркәсібінің  орналастыруда  негізге  алынатын  факторлар  туралы  түсіндіру.
Тәрбиелік: отансүйгіштікке  баулу, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу
Дамытушылық: картамен  жұмыс  жасау, өз  бетінше тапсырмалар  орындауға  дағдыландыру
Сабақ  типі: аралас  сабақ
Сабақ  әдісі: картамен  жұмыс, өз бетінше  тапсырмалар  орындау, тест
Көрнекілігі:  Қазақстан  Республикасының  экономикалық  картасыСабақ  барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылармен  амандасу, олардың  сабаққа  қатысын  тексеру. Оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару.
Үйге  тапсырманы  тексеру..І топ
Машина жасау өнеркәсібінің шикізаттары
ІІ топ
Машина жасау өндірісінің сатылары
ІІІ топ
Машина жасау кәсіпорындарының орналасу факторлары
ІУ топ
«Теңге ілу» ойыны
Мамандану түрлері
Мамандану және кооперациялану
Икемді технология
Металлургия түрлері
Түсті металдар тобы
Отын энергетика кешеніне нелер жатады?
Машина жасау кешені дегеніміз не?
Сенің  көзқарасың:
Дүние  жүзінде  халқының  өмір  сүру  деңгейі  жоғары, бірақ  машина  жасайтын  өндірісі  жоқ  елдер  бар (Сауд  Арабиясы, Біріккен  Араб  Әмірліктері, Кувейт). Олар  барлық  қажеттіліктерді  мұнай  сату  арқылы  өтейді.Мүмкін  Қазақстанға  да  сондай  ету  керек  шығар. Сен  қалай  ойлайсың? 
Жаңа  сабақ:
Жоспар:
Ауыр  машина  жасау  саласыХимиялық  және  мұнай  машина  жасау  кәсіпорындары
Көлікті  жасау  туралы  түсінік
Теміржол, кеме, авиациялық  машина, электротехникалық  машина  жасау  өндіріс  орындары.
Қазақстан  машина  жасау  өнімінің  2/3  астамын  3  негізгі  орталық  береді: Астана, Алматы, Өскемен.Ірі  аймақатар: Солтүстік  Қазақстан, Оңтүстік  және  Шығыс  Қазақстан  ерекшеленеді.
Машина  жасау  кешендерін  орналастыру  ерекшеліктері:
металлургия  орталықтарына  жақын  орналастырылады.
Тұтынушыға  жақын  орналастырылады.
Жол  торабы  бойында орналастырадыАуыр  машина  жасауҚарағанды Шахаталарды  бекітуге  арналған  құрастырма, көмір  қазатын  машина, вагонетка, бу  қазандықтары
Өскемен Түсті  металлургия  кәсіпорындары  мен  кен  байытуға  арналған  құрал  жабдықтар
Павлодар Кран
АлматыТМД  бойынша  мыстан, болаттан  сымдар  жасайтын  прокатты  станок  шығарады
Химиялық  және  мұнай  машина  жасауАлматыМұнай  және  газ  сақтайтын  алып  резервуар, цистерналар, үлкен  тереңдіктен  мұнай  өндіруге  арналған  насостарПетропавлүлкен  тереңдіктен  мұнай  өндіруге  арналған  насостарАтырау Насостарды  қозғалысқа  келтіретін  тербелмелі  станок
Ақтөбе, Өскемен Құбырларды  бекітетін  жабдықтар  шығаратын  арматура
Көліктік  машина  жасауТәуелсіздік  алған  соң  пайда  болған  жаңа  сала, әзірге  құрастырушы  кәсіпорындар  болып  саналады. Елдегі  көптеген  машина  жасау  зауыттары  оларды  бөлшектерін  шығарумен  айналысады.
Өскемен «Азия  Авто»  кәсіпорыны- нива, Шкода, Шевроле, Киа  құрастырады.
Қостанай Корейлік  жеңіл  автомобильдерКөкшетау Жүк  автомобильдері, Камаз  құрастырады.
Семей ДЭУ  компаниясымен  бірлесіп  автобустар  құрастырады.
Теміржол  машиналарын  жасауАстана АҚШ-пен  бірлесіп  тепловоздар  шығарады.
ШуШағын  тепловоздар  шығарады.
Екібастұз Көмір, кен  тасымалдайтын жүк  вагондар  шығарады.
ПетропавлАстық  тасымалдайтын  вагондар  шығарады.
СтепногорПодшипник  зауыты  еліміздің  локомотив  және  вагон  шығаратын  зауыттардың  қажетін  қамтамасыз  етеді.
Кеме  жасауОрал әскери  кемелер  шығару  бағытында, жылдам  жүретін  ракета  катерлеріКаспий (Баутино) Кеме  жөндейтін  азаматтық  кеме  жасау  құрылуда
Құрықтаболашақта Толық  масштабты  верфь  салу  жоспарлауда.
Авиациялық  машина  жасауҚазақстанда ТУ  маркалы  Ресей  ұшақтарына  жекелеген  бөлшектер  шығарады
Астана «Еурокоптер»   әскери  тікұшақтарын  шығарады.
Қарағанды «Фермер»  деп  аталатын  шағын  ауыл  шаруашылығы  ұшақтарын  шығаратын  зауыт  құрылған
Павлодар Трактор  зауыты «Қазақсельмаш»
Астана «Целинсельмаш» трактор  зауытыСемей Белорусь  тракторлары  құрастырылады.
Қостанай «Есіл  астық  жинау»  комабайндары  шығарылады
ПетропавлТеледидарАлматыТеледидар, компьютер
Электротехникалық  өндіріс
Талдықорған Автомобиль  аккумуляторы
Өскемен Конденсатор
КентауТрансформатор
Алматытөменгі  вольтті  аппаратура: электр  есептегіш, сөндіргіштер
Ақтөбе Рентген  аппаратурасы, автомобильдік  флюрографиялық  зертханаларКөкшетау Оттегімен  дем  алу  аппаратураларыҚорғаныс-өндірістік   кешенҰлттық  «Қазақстан  Инжиниринг»  компаниясы  құрамында
ПетропавлЖаппай  атылатын  «Найза  ракеталық  жүйесі»
Семей Бронетанктық  техника
АлматыБарлық  соғыс  кемелерінің  құрал-жабдықтары
Астана әскери  тікұшақтар
 Картамен  жұмыс:Оқулық  мәтінімен  жұмыс  жасай  отырып:1)автобус; 2)жүк  машинасын  құрастыру; 3) рентген  құрал  жабдықтары;4)троллейбус  шығаратын; 5)астық  жинайтын  комбайндар  өндірісі  бойынша; 6)мұнай  құралдары; 7)тау-шахталық  құрал-жабдықтар  зауыттары  орналасқан  қалаларды  картаға  түсіру.
Білімді  бекіту:
Машина  жасау  өнеркәсібін  не  себепті  ерікті  орналасу  саласына  жатқызады?
Машина  жасау  зауыттарын  орналастыруға  қандай  факторлар  әсер  етеді?
Қазақстандағы  келешек  машина  жасау  өнеркәсібін  қалай  елестетесің?
Консервациялау, бұйымдық, тетіктік, бөлшектік, технологиялық  мамандану  деген  не?
Үйге  тапсырма:§29-30 Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары  оқу.