О?ушылар?а ж?ріс аралы? ж?ріс «Рентген» т?сілдерін ?йрету.


Тақырыбы: Жүріс аралық жүріс «Рентген»
Мақсаты: Оқушыларға жүріс аралық жүріс «Рентген» тәсілдерін үйрету.Көрнекілігі: Шахмат тақтасы, оқулық, сағат.
Сабақтың түрі: теория, практика
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Жаңа тақырып. 3. Қорытындылау. 4. Үйге тапсырма.
Жаңа тақырып: Комбинация жасау жасау үшін түрлі варианттарды мұқият есептеп шығу керек. Себебі дұрыс есептемеу бүкіл жоспарыңды жоққа шығаруы мүмкін. Мысалы: Ақтар: Кре1, Фе2,Л d1, Кв5, Се4, а2,в2,с2, f 3, g2, һ2
Қаралар : Кре8, Фв6,Лв8, Лһ8, К g7, Сс8,С g8, а5,с5, d7, f 7, g6, һ7
Ақтардың ойы комбинация жасау: 1. Л d6 ... егер қаралар пешкімен ладьяны алған жағдайда, келесі жүрісте ақтар Сс6 – ға жүріп мат жариялау вариантын, ал ферзімен в5 – тегі атты алғанда, ферзілер ауыстырылып, ақтар ладьяны ұтып алады. Қаралар бұл нұсқалардың дұрыс есептелмегенін өз пайдасына шешті. Демек, олар бірінші жүріске берер жауабы: 1... Сс3+ пілдің осы қарқынмен жасаған шабуылына «жүрісаралық жүріс» деп атаймыз. Және қаралар g7 шаршысын өз короліне босатып береді, бұдан кейінгі жүрісінде ладьяны ұтып алып, басымдылыққы ие болады.
Келесі мысал: Ақтар: Кр е2, Ла1, Сс1, Ке4, а2,в2, с3, f 2, f 3
Қаралар: Кр с8, Л d8, С g7, Ке5, а7,в7, , f 4, һ5, һ3
Һ3 – тегі пешкінің ферзіге шығу мүмкіндігі бар ма? Немесе ақтар оны тоқтата ала ма? Осы сұрақтарға жауап іздейік: Бірінші жағдайда пешкі һ2 шаршасына жүрді, бұл кезде піл f4 - тегі пешкіні жеп, тоқтады. Рентген сәулесіне ұқсас, байқалмайтын жүрісті қара жағы жасады! Ол жүріс Л d8- дегі ладьяны d1 –ге жүріп ақтың королін бірінші горизонтальды иелеуге мәжбүрлейді. Бұдан кейін пешкі ферзіге еркін шығады.
Қорытындылау кезеңінде тақырыпқа байланысты жаттығулар жасау арқылы бекіту.
Үйге тапсырма: Жүріс аралық жүріс «Рентген»