?аза? тілі п?ні бойынша рефлексивті есеп


2015-2016 оқу жылының
қазақ тілі пәні бойынша рефлексивті есеп1 тоқсан
2015-2016 оқу жылынан бастап қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Кембридждік бағдарлама бойынша жұмыс істеуді бастадым. Кембридждік модулдері ( білім берудегі және білім алудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауды үйрету; білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау; білім беруде АКТ-ны пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту; білім берудегі басшылық және көшбасшылық) негізінде оқытуды сабақ барысында үнемі қолданудамын.
Бағдарламаның негіздерін жүзеге асыру мақсатында оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, өзара қатынас жасай алуына тәрбиелеуге кірістім. Сабақ мақсатына орай білім алушыға дайын білімді бермей, оның ізденушілігін оятуға тырысамын, өз бетінше жұмыс жасауды талап етемін.
Сабақтарды жоспарлаған кезде мен ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында психологиялық тренингтерді өткізуден бастадым, оқушылардың ахуалдарын жақсартамын. Мысалы, оқушыларға жақсы ахуал беретін тренингтің бірі «Саған сыйлаймын...», «Достық торы», «Тілек айтамын», «Жылы лебіз». Бұл тренингтерден кейін оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болады, сабаққа қызығушылықтары оянады. Нақты сұрақ қойып, оған тез жауап алуға үйретудемін.
Оқушыларды топқа бөлу кезінде мен әр түрлі сыни тұрғыдан ойландыратын тақырыпқа сай тапсырмаларды үнемі дайындауға тырысамын. «Мақал-мәтелдер лотосы», «Қанатты сөздерді табу», «Өлеңді ұйқастыру» «Мозаика», «Домино», кима суреттер арқылы оларды сыни ойлануға итермелеймін. Өз жығымнан мен топқа бөлуге арналған тапсырмаларды түрлендіріп отырамын. Топтың жұмысы тиімді болу үшін әрдайым топ ережесін естеріне түсіріп отырамын. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бірігіп жұмыс жасауға, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Кембридж технологиясы бойынша жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, критериалды бағалау жүйесімен бағалап,оқушылар арасында жұмыс жүргіздім. Оқушылардың шығармашылық, ізденіс,ойлау қабілеттерін дамыту үшін сыныптарда көбінесе «Топтастыру», «Венн диаграмма», «Кубизм», «Синквейн», «INSERT», «РАФТ», «Жигсо» , "Еркін жазу”, "Семантикалық карта”, "Үшеу қонақта, біреуі үйде”, «Ротация», «Алты қалпақ»,тағы басқа стратегияларды пайдаландым. Аталған әдістер бойынша дайындалған тапсырмалар баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап қолдандым. Мысалы 5-6 сыныптарға арналған тапсырмалар пайданылатын әдістер оқушылардың жастарына сай болатынын ескеріп отырамын. Сонымен қатар,осы технология стратегияларының оқушылар бойында адамгершілік, тұлғалық қасиеттер қалыптастырудағы атқаратын рөлі маңызды.
Менің бақылауымша топтық жұмыс барысында оқушылар өзара диалогтық қарым-қатынасқа түседі, тыңдауға, бірігіп жұмыс жасауға, өз ойларын ортаға салуға, идеяларды ұсынып, талқылауға үйренді. Сабақта қолданған тәсілдері оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсіреді, оқушы тұлға ретінде ашыла бастайды, сын тұрғысынан ойланады. Сабаққа ынтасы жоғары деңгейдегі, білімдері терең оқушылар да көзге түскені байқалады. Мысалы, 6 «А» сынып оқушылары Токаренко А., Токаренко Д., 10 «А» класс оқушылары Айткулова А., Менденова Д. «Эссе жазу», «Ротация», «Алты калпақ» «Сатылау», «Зерттеушілік конференция» тәсілдері бойынша орындаған тапсырмалары арқылы олардың шығармашылық қабілеттері, сауаттылығы, сөйлеу мәдениеті, ақпаратты терең меңгергендері байқалады. Сонымен қатар топтық, жұптық жұмыс барысында бұрын сабаққа белсенділігі мен білімі төмен «үнсіз» оқушының қызығушылығы оянады, сыныптастарының көмегімен сабаққа белсене қатысып өз білімін ортаға сала бастағанына көз жеткіздім. Мысалы 6 «А» класс оқушысы Русановский А, 5 «Б» класс оқушылары Кухта Е., Иргалиева К., 10 «А» класс оқушылары Прокопьев И., Сундутова Д. тапсырмаларды орындаған кезде өз қабіліеттерімен көзге түсе бастады. Аталған оқушыларға жұптық, топтық тапсырмаларды беру арқылы әрі қарай белсенді сабаққа қатысуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, білімдерін тереңдетуге жұмыс жүргізудемін. Топтық жұмыс –оқытудың өте ықпалды, тиімді тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл оқушыларға сонымен қатар уақытын ұтымды пайдалануға, алған білімдерін өмірлік тәжірибемен байланыстыра алады.
Оқушыларды бақылау барысында байқағаным:
Сабаққа қызығушылықпен қатысатын және тапсырманы тез орындауға тырысатын оқушылар: Яковенко В., Ярошенко В.,(6 а класс ), Фокин Д., Самойленко И. (6 в класс), Кузмицкая В. (5 в класс). Аталған оқушылар мұғалімнің және сыныптастарының сұрақтарына өз бастамасымен жауап береді.
Бағдарлама бойынша диалог құрастыру барысында оқушы мен мұғалім тең құқылы серіктестер болып табылады. Әңгіме-дебат, топтық, зерттеушілік әңгімелер, диалогта оқушы сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, өз сезімдерін ашық білдіре алады. «Туған күнді тойлау», «Электронды пошта», «Мүшел жас», «Кино мәдениеті» тақырыптарын өткенде «Ашық микрофон», «Автор орындығы» «Соңғы сөзді мен айтамын», «Зигзаг», «Тоғысқан пікірталас», «Эссе жазу» әдістерді нәтижелі болып табылды.
Сын тұрғысынан оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері сонымен қатар сабақта қолданған бағалау түрлері, өзімнің тәжірибем көрсеткендей, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады және «үнсіз» оқушылардың ашылуына мүмкіндік жасайды. Тоқсан бойынша өткізілген сабақтар барысында мен оқушыларға үнемі бақылау жүргіздім. Әр жұмыс тапсырмасына бағалау парақтары кесте түрінде даярланды, олардың ішінде оқушылардың білім жетістіктері белгіленді. Табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе отыра құрастырдық.
Алғашқы кезеңінде критериалды бағалау (өзін, өзара, жұпты, топты) қиынға соқты, оқушылар бір-біріне жоғары балл қойып, бағалау өз деңгейінде болмады. Бұл қайшылықтарды жою мақсатында мен дұрыс бағалауға оқушыларды бағыттадым. Қазіргі уақытта оқушылар бағалауға сыни тұрғыдан қарап, әділ баға беруде.
Оқушылардың білім нәтижелерін бағалау бойынша әр сабақта жаңа әдістерді қолдандым. «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Стикермен бағалау», «Смайликпен бағалау» түрлерін сабақта пайдаланамын, сонымен қатар оқушылар өздері бағалау парақтарына критерийлер бойынша бір-бірін бағалайды. Сөйтіп өз-өздерін, топтарды бағалау парақшасын тараттым.
Топ мүшесінің аты Дұрыс жауап Топта жұмыс Белсенділік Қорытынды
Осы критерийлер бойынша (+) белгісі, яғни 3(+) - «5» бағасы; 2(+) - «4» бағасы; 1(+) - (3) бағасы қойылады.

Бағалау парағы
критерийлер 1 топ 2 топ 3 топ
Өте қызықты мәлімет айтты Сөздерді толық қолданды Сөйлемді дұрыс құрастырды Сөйлеу мәдениеті Барлық ұпай саны Оқушылардың пәнге қызығушылығы оянғаның байқадым, сонымен қатар төмен бағаланған оқушылар келесі сабаққа жұмыстарын дұрыс орындауға талпынғанына көз жеткіздім. Оқушылар кейбір тапсырмалар орындаған кезде «Үш шапалақ», «Басбармақ», «От шашу», смайликтермен үнемі мадақтанды. Смайликтердің үш түрі болды: күліп тұрған – өте жақсы, сәл жымиып тұрған – жақсы, мүңайып тұрған – қанағаттанарлық.
Менің бақылауым бойынша өзіне, біліміне сенімділігі аз, ұялшақ оқушылар топта оқушылармен диалогқа түсе отырып өзгере бастады. Сол секілді сыни тұрғыдан ойлануға, талантты және дарынды оқушыларды, көшбасшыны анықтауға бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылармен диалогқа түсе отырып, олардың бүгінгі күнде қандай көңіл-күйде сабақта отырғанын бақылауға мүмкіндік таптым.Осы жаңа технологияның 7 модулін сабақтарыма кіріктіріп, критериалды бағалау жүйесімен оқушыларды бағалауға үйретіп, жаңа форматты сабақтарымның тиімділігіне көз жеткізе бастадым.