«О?ытуды? ?андай т?сілдерін ?олдана отырып о?ушыны? п?нге ?ызы?ушылы?ын оята аламыз?» та?ырыбы бойынша іс-?рекеттегі т?жірибені зерттеу


«Оқытудың қандай тәсілдерін қолдана отырып оқушының пәнге қызығушылығын оята аламыз?» тақырыбы бойынша іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Абдикерова Жанар Раушанбекқызы, физика пәнінің мұғалімі
Физика пәні – күрделі пән. Соңғы жылдарда оқушылардың жаратылыстыну бағытындағы пәндерге қызығушылығы төмендегені байқалады. Көпшілігі бұл пәндердегі заңдылықтар қазіргі ақпараттық –технологиялық қоғамның тез дамуы кезінде парадокс екендігін, оларға белгілі нәрсе қайта айтылатынын, күрделі есептерді шығарып бас қатырудың олардың өмірге қажет еместігін меңзейді. Физика пәнін оқытуда қоршаған ортаға, эстетикалық тәрбиелеуге, политехникалық және гуманитарлық бағытқа аз тоқталады, пәнді оқыту өмірдегі маңызды мәселелерге және оқушылардың жеке қызығушылықтарын ескеретін оқыту әдісін же жетілдіру керек. Әрине бұл мәселелер біздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінде кіріктірілген бағдарлама негізінде жеңілдетілген. Алайда физика заңдылықтары мен құбылыстарын меңгеруде, есептер шығаруда оқушылар белгілі бір қиындықтарға кездеседі. Сондықтан оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру мақсатында оқыту формаларының қандай түрлері пәнге деген ынталарын арттырады деген сұрақ туды? Осы тақырып аясында зерттеу жүргізуді жоспарладым. Жобамен жұмыс жасау барысында жоспар құру, зерттеу тақырыбын дұрыс таңдау, сыншы дос табу, бақылау сыныбын таңдауда біршама қиындықтар туды. Уақыт өте ол қиындықтарды аз да болса шешуге тырыстық, жеткен жетістіктеріміз де бар. Олар: команда болып жұмыс жасау, оқыту мен оқу процесінің жақсаруы, сабақтың сапасының артуы, оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, физика пәніне қызығушылығын ояту. Зерттеуде өзгерістер ендіру үшін мына сұрақтарға жауап іздеуді жөн көрдім: Оқушылардың ғылыми пәндерге қызығушылық деңгейі қандай? Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін қандай тәсілдер қолданамыз? Физика пәнін оқытуда қандай тәсілдер тиімді? Оқушылардың пәнге қызығушылығын анықтау мақсатында «Тест по выявлению интересов учащихся» деген орыс тілінде тест алынды мұнда оқушылардың қандай пәндерге деген қызығушылығын анықтайтын зерттеу жүргізілді. Оқушылардың экономика, тарих, бизнес, физика, химия т.б. пәндерге деген қызығушылығын анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша 48,5% сыныпта физика пәніне қызығады екен.Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарға ендіргенде төмендегі аталғандарды назарда ұстадым:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолданғанда алдымен топтастыруда жағымды психологиялық ахуал туғызу;
Көңіл көтеретін ойын түріндегі іс әрекеттер жасау;
Сабақ барысында топтық ереже қабылдап, оларды ары қарай қатаң ұстану;
Барлық оқушыларды сабаққа қатыстыру;
Оқушылардың барлық пікірлері тыңдалу керек;
Топқа бөлінгенде 4-6 адамнан бөлген ыңғайлы;
Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері мен қойған сұрақтары ескеріліп, келесі сабақ соларға жауап берумен басталуы тиіс.
Сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылылығын арттыру үшін «Проблемалық оқыту» , «АҚТ қолдану», «Ғылыми – зерттеушілік және жоба негізі», «Белсенді әдістер» оның ішіндеатап өтсек «Ойлан, Жұптас, Пікірлес», «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою», « Топтық зерттеу», «My maps» т.б. әдістерін қолдандым. Осы көптеген тәсілдерді қолдана отырып оның ішінде физика пәні үшін мынадай тәсілдердің тиімді екенін бақыладым.


Физика пәнінде проблемалық оқыту оқушылар оқу мақсатына жетуі үшін ситуациялық сұрақтар құрастырып өздері шешімін табатындай жолды ұсындым. Проблемалық оқыту элементтерін қолдану сабақта оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін оятады. Оқушылар оқитын материал көп екендігіне назар аудармай өз мәселелерінің шешімін табуға тырысады. Ал АҚТ-ны қолданудың мүмкіндіктері көп, атап айтқанда зертханалық жұмыстар жасалды, «PhetColorado» сайтында көптеген симуляциялар көрсетілді. Ал белсенді әдестерден көбінесе жұптық және топтық жұмыстар атқарылды.
Осы зерттеулер жүргізу барысында физика пән мұғалімі Жалмаханова Салтанат Ахихатқызынан кеңес алып отырдым. Себебі ол осы зерттеу бойынша тәжірибесі бар мұғалімдердің бірі.Сондай ақ алдағы уақытта менің кәсіби дамуыма тәжірибесі мол мұғалімдерді тартуды көздеймін.Нәтижесінде физика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қолданған әдіс-тәсілдер оң жақты әсерін тигізді алайда осы сыныптың физика пәніне деген көзқарасын өзгерте алдым ба жоқ па тағы да зерттеулерді қажет етеді.
Қолданылған әдебиеттер:
«Обучение деятельности на уроках физики» Е.А. Румбешта, ж. «Физика в школе» №7. 2014.
«Экспериментальные задания» В.Ф. Шилов. Ученические мини-проекты)«Оқытуда интербелсенді әдістер қолдану» А.Әлімов 2012ж