3 саба??а рефлексивті есеп


"Omar's album" тақырыбына рефлексивті есеп
Мектептегі тәжірибе кезінде жопарлы түрде үшінші сабағым "Омардың альбомы" тақырыбындағы сабағымның мақсаты :оқушыларға жануарлар әлемімен таныстыру,суда тіршілік ететін кит жануары туралы білімдерін жетілдіру,ағылшын тілінде сөздік қорын байыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру болды.Сабақ барысында оқушыларды топқа бөліп,әр сабақ сайын оқушыларды топтарын өзгертіп отырдым.Бұл сабағымды мен бірыңғай сын тұрғысынан ойлауға бағыттадым.Ұйымдастыру кезінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға интерактивті тақтадан кит туралы өлең оқыттым.Оқушылар осы өлеңді өздері оқып,не туралы екенін талқылап,өз ойларын айтқыздым.Осы кезде оқушылар топта кит қандай жануар екендігі,өмір сүру ортасы қандай,оның су астында демалмастан өмір сүретіні,ол сүтқоректі жануар екендігі айтылды.Бұл жерде топ ішінде Айдананың көшбасшылық дарыны ашыла бастады десем болады,өйткені ол өз ойын бұрынғы алған білімін қазіргі сабақпен байланыстыра отырып толықтырғанын байқадым.Оқушыларға ББҮ-кестесін толтыру парағын таратып бердім,оқушылар білемін бөліміне кит туралы не білгенін жазып отырды.Үй тапсырмасын сұрау барысында оқушыларға топта бір аңды таңдап алып сол аңға ассоциация жасатып ,соны топта қорғату арқылы сұрадым.Оқушылар алдыңғы сабақта меңгерген білімін ортаға салып,кей түсінбеген оқушылар өз білімдерін толықтырып,түсінбеген сұрақтарын бір-бірінен сұрау кезінде тақырыпты түсінгендерін байқадым.Осы тапсырмада оқушылар топта қорғаған жұмыстарына "екі жұлдыз,бір ұсыныс" бағалауларын беріп бағалады.
Келесі кезекте оқушыларға бұрынғы сабақпен байланыстыра отырып, ой қозғау сұрақтарын бердім:
Do you know anything about whales?
Do whales live in water?
Do they eat fish?
Can they stay under water a long without breathing?
Have you ever heard about a killer whale?
Do whales have big mouths?
Do they drink water?
Do they sleep?
Осы ой қозғау сұрақтарын беру арқылы оқушы мен мұғалім арасында диалог жүргізілді.Сыни ойлау сұрақтарын бере отырып,олардың ішкі уәждерін оята отырып,тақырыпты одан әрі сыни ойлауға үйрете бастадым.
Жаңа сабақта тақырыпты түсіну үшін жаңа сөздермен,таныстырып сөздік дәптермен жұмыс жасады.
Жаттығуларды орындату кезінде мәтінмен жұмыс жасалды "Мұхит әлемі" тақырыбындағы мәтінмен оқушылар өздеріне 5 минут оқуға бердім,бұл жерде менің нашар оқитын оқушымның бойынан топта қозғалыс болғанын байқадым, оның сабаққа деген көзқарасы өзгергенін басқа оқушылармен ілесе отырып орындағанын көріп,қуанып қалдым.Бұрын бұл оқушы өзімен- өзі түсінседе айтуға қысылып,тапсырманы аяқсыз қалдырып отыратын.Мәтінді оқушылар оқып болғаннан кейін,интерактивті тақтадан интернеттен алған қосымша ақпаратымды бөлістім.Бұл жерде тәжірибемде дарынды баланы анықтау мақсатында Айдана деген оқушыны тақтаға шығарып,одан мәтіннен не түсінгенін сұрап,сұрақтар қою арқылы анықтадым.Топқа оқушыларға дайын бағалау критерийлері бар парақты топ басшысына беріп топта қай оқушы қалай жұмыс істеп отырғанын бақылап бағалауын сұрадым.Мәтінді қалай нені меңгергенін білу мақсатында топқа ассоциация қорғау жұмысын бердім.Оқушылар тапсырманы берген кезде дереу кірісіп кетті.Тақырыпты қорғағанда нашар оқитын оқушы топпен тақтаға шығып өзінің жазғанын оқып берді,сыни ойлауға оқыту кезінде нашар оқитын оқушының бойында өзіне деген сенімнің қалыптасқанын,топпен жұмыс істеу уақытында көрініс беріп отырды.
Қорғау жұмысы орындалып болғаннан кейін оқушылар "білемін,білгім келеді,үйрендім" кестесін толтыру жұмысын жүргізді.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.(Александр,2001)( МАН 56-бет.)
Оқыту үшін бағалау-бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қоладанатын мәліметтерді іздеу және түсндіру үдерісі.Мұғалімдер жалғыз бағалаушы бола алмайды,оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде,оқушылар белсенді қатысуы керек.Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет.(МАН-58 бет)
Бағалаудың мақсаты - оқушыларға өз-өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты - білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.Сонымен қатар дәлме-дәл бағалаудың маңызды бөлімі баланың әсерін ескеру болып саналады.
Осы мақсатта оқушыларға топ ішінде топ басшысын сайлап алып,топ ішінде оқушыларды бақылап,сабақ соңында бағалау критерийлері бар парақ арқылы бағалаттым.
Шығу парағы арқылы оқушылар сол сабаққа өздерінің "екі жұлдыз,бір ұсыныс" жазып берді.Және сабақ соңында мадақтау,мақтау арқылы мұғалім тарапынан бағалау беріп отырдым.