Рефлексивті есеп Коучинг Lesson Studi


Рефлексивті есеп. Коучинг «Lesson Studi» 01.02.2016ж. деңгейліктердің отырысы болды. Отырыста 29.01.2016ж. өткен коучингте 2деңгейлі мұғалім-Даулетярова Ф.И. «Оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында коучинг өткізгенін айтты. Басқа модульдар туралы да коучингтер өткізілген еді. Кеңесе отырып, мектептің, сыныптың сапасын көтеру, А, В, С деңгейіндегі оқушыларды зерттеп, төмен деңгейдегі оқушыны жоғары деңгейге көтеру мақсатында «Lesson Studi» тәсілі туралы коучинг өткізу керектігі сөз болды.
Сөйтіп, бұл коучинг сессиясының тақырыбы «Lesson Studi» тәсілі деп алынды. Бұл коучинг сессиясын 02.02.2016ж.мектеп ұжымымен «Lesson Studi» тәсілі бойынша өттім. Коучинг сессиясына 20 адам қатысты. Атап кететін болсам, қатысушылардың арасында мектебіміздің директоры-Ганиева М.Ж., 1 деңгейлі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Ембергенова, 2деңгейлі мұғалім-Даулетярова Ф.И., 3деңгейлі мұғалім-Бекетаева Н.Ө. мен Мырзағалиева К.С., Асанбаева К.Ж., сонымен қатар география, биология, тарих, еңбек, математика, қазақ тілі, сурет, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды тобының тәрбиешілері де қатысты.
Бұл тақырыпқа қатысты әріптестер өздерінің сабақтарында қолданбайтынын айтты. А, В, С деп деңгейге бөледі, бірақ не үшін бөлетінін, төмен деңгейдегі оқушымен қандай жұмыс түрлерін жүргізу керектігін білмейтін.Тек 3деңгейге бөліп қана тапсырмалар беріп жүргендерін айтты.
Сондықтан, мен әріптестеріме осы тәсіл туралы мәлімет беруді жөн көрдім. Бұл жұмыстың түрі мен үшін өте маңызды. «Lesson Studi» тәсіліне көңіл аударуымның себебі:
Балаларға зерттеушілік жүргізгенде ғана оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде олардың ой-пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Соған қарамастан, бұндай тәсілмен сабақ жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан жай келе салмайды, балалар бірлескен топтық жұмыс арқылы ғана мәнін ұғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.
Тақырыбы анықталғаннан кейін сессияға дайындық жасадым. Өзімізге қолайлы уақытты таңдап, коучинг сессиясын өткіздім.
Коучингті ұйымдастыру кезеңінде қатысушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, психологиялық тренинг өткіздім.Шаттық шеңберінде бір-біріне тілек тіледі.
Коучинг сабағына 20 адам қатысқандықтан, оларды сағат пазлдарымен бес-бестен 4 топқа бөлдім. Топ мүшелерімен таныстырып, топ мүшелерін сайлаттым. Топ мүшелерінің міндеттері мен ережесі еске түсірілді.
Коучинг сессиясының тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижесін хабарладым.
Тақырыбы: «Lesson Study» тәсілімен танысу.
Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну.
Оқу нәтижелері: Мұғалімдер:
«Lesson Study» туралы түсініктері қалыптасады;
Тәжірибеде қолдана алады.
«Lesson Study» дегеніміз не? деген тақырыпта ой қозғау мақсатында сұрақ-жауап алдым. Қатысушылардың ойлары тыңдалды. Курсқа барып келген география пәні мұғалімі-Ешбанова Салтанат пен 2 деңгей мұғалімі-Даулетярова Ф.И. және 3деңгей мұғалімі-Асанбаева К.Ж., өздігінен білім алып жүрген, оқып-білген әріптестер өз ойларын ортаға салды.Көп мұғалімдердің бұл тәсіл туралы хабары жоқ екені анықталып, енді оларға топта жұмыс істеу үшін «Lesson study-ді» жүргізу әдіс- тәсілдерін оқып, танысуға арнайы мәтіндер үлестіріліп берілді. Осы жұмысты орындауға 10 минут берген едім, жеткіліксіз болды, сондықтан қосымша тағы 5 минут берілді.Одан кейін постермен жұмыс жасалып, әр топ өз жұмысын қорғады. Қарсы 3 топ оларды «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» арқылы бағалап отырды.
Постер қорғалып болғаннан кейін «Lesson Study» туралы презентация көрсетіліп, теориялық материал беру мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.
Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға; Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.
Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып қадағалайды және талдайды.
Мұғалімдер:
Қатысушыларды сергіту мақсатында «Молекула» ойынын ойнаттым.
«Lesson Study» тәсілі туралы бейнебаянды көрсеттім. Бейнебаяннан алған әсерлерін ортаға салып, әңгімеледі, ойлары тыңдалды. Бейнебаянды талдау арқылы топтық жұмыстың тиімділігі, А, В, С деңгейіндегі оқушылармен қалай жұмыс жүргізу керектігі туралы білді.
Сессияны қорытындылау мақсатында, ойларын білу үшін біздің мектепке «Lesson study» тәсілін қолдану қажет пе? деген сұрақ қойған кезде, бұл тәсілдің өте қажет екендігі сөз болды. Ойлары тыңдалды, талқыланды.
Коучингтің соңында әріптестерден:
- Коучингтен алғаным?
-Мен үшін болған жаңалық?
-Маған ұнағаны, ұнамағаны? деген кері байланыс алынды.

Шаттық шеңберіндегі психологиялық тренинг

Сағат пазлдарымен топқа бөлінуі Презентацияны тыңдауда
«Lesson Studi» дегеніміз не?

Әріптестер топпен жұмыс жасап жатыр.

Топпен жұмыс істеуде.

Әріптестердің топпен жасаған жұмыстары.Топпен істеген жұмыстарын қорғауда.
Постермен жұмыс бойынша қорғалды.


Сергіту сәті «Молекулалар»

Төрт топтың постермен жасаған жұмыстары.
Топтардың бір-біріне берген «2 жұлдыз, 1 ұсыныстары»


Әріптестердің маған берген кері байланыстары.