Коучинг бойынша рефлексивті есеп


Коучинг сабағы бойынша рефлексиялық есеп
ХХІ ғасырдың білім беру жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырап жатқаны бәрімізе мәлім. Уақыттың басты талабы – оқыту мен білім беру үдерісінде мұғалімге «жан- жақты қолдау» көрсету болып табылады.[3, с 147]. Осыған байланысты қазіргі уақытта Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагогикалық қызметінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді шешуге қолдау көрсету мақсатында коучингті жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Кейде мұғалімнің ұстанымына әсер ету қажеттігі туындайтынын атап өткеніміз жөн, себебі, зерттеушілердің пікірі бойынша «сыныптағы іс- әрекеттеріне анағұрлым күштірек ықпал етеді»[3, с 149]. Мен екінші коучингті өткізу кезінде нақты осы мәселемен бетпе- бет кездестім.
Екінші коучинг-сессия өткен бірінші коучинг бойынша ұйымдастырылды.
Кездесу мақсаты – коучингке қатысушылар өзін- өзі бағалау мен өздері қатысқан сабақтар арқылы өз сабақтарында ақпараттық технологияларды қалай пайдаланатындықтарын (бұл үйге берілген тапсырма болатын) талдау; оң жақтарын және кемшіліктерін жою мақсатында әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстарын анықтау.
Екінші коучингтің негізгі кезеңі – ой салу, жүзеге асыру және рефлексия.
Ой салу кезеңінде қатысушыларға «АКТ» тақырыбы бойынша кластер құрастыру ұсынылды. Мақсат – тақырып бойынша қатысушылардың білімін жандандыру, үйге берілген тапсырманы тексеру: «Мұғалім жұмысына арналған құралдар» теориялық материалымен танысу.» [3, с 251 -257]
Аталған тапсырманы өткізу: коучингке қатысушылар үшін АКТ - бұл, ең алдымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын түрлендіруге мүмкіндік беретін, оқушыларды қызықтыратын оқытудың техникалық құралдары (Қосымша 1):
- жазушының щығармашылығын оқыту, кезеңдерді қарастыру кезінде оқу материалы ретінде бейнематериалдарды қолдану;
- тыңдаушының ойын қалыптастыруға, тыңдалым дағдысын жетілдіруге бағытталған және оқушылардың көркем, әсіресе, өлең түріндегі шығармаларды мәнерлеп оқуын жетілдіру үшін аудиоматериалдарды қолдану;
- оқушылардың өз бетімен таныстырылым жұмысын дайындауда зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру: ғаламтор желісінен ақпараттарды жинау және талдау;
- білімді кіріктіру – АКТ, тіл мен әдебиет; АКТ бойынша білімдері мен дағдыларын басқа пән арқылы, біздің кездесуімізде «А тілі: тіл мен әдебиет» пәні бойынша дамыту.
«Ақпараттық технологиялар» тақырыбы бойынша талқылау нәтижесі мұғалімдер педагогикалық тәжірибеде оқу құралы ретінде АКТ қалай қолданылуы мүмкін екенін жақсы білетіндіктерін көрсетті. Маңызды аспект – басқа оқу пәндерінде АКТ дағдыларын қалыптастыруға назар аудардық. Бірақ қатысушылардың ешқайсысы АКТ-ны сабақта «оқытудың бес аспектісі» [3, с 255] бойынша қолдануға болатындығы туралы ештеңе айтпады. Теориялық таратпа материалдарымен танысу: бұл үйге берілген тапсырма болатын. Және аталған аспектілерге қатысушылардың назарын аудару үшін тапсырманы жүзеге асыру кезеңіне өзгеріс енгіздім.
Екінші, жүзеге асыру кезеңінде қойылған мақсат – мұғалімдердің өз сабақтарында техникалық құралдарды қолдану бойынша өздік талдау жүргізу, қатысқан сабақтарды талқылау арқылы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау. Қатысушылардың АКТ-ны қолдануды талдауды екі апталық мерзімде(бірінші мен екінші коучинг арасындаға уақытта) орындауларын жоспарлаған болатынмын: олар оқушыларға сабақ беру кезінде қандай және қандай мақсатпен АКТ-ны қолданғандарына талдау, бірақ мен оқытудың бес аспектісін қарастыру мақсатында тапсырмаға өзгеріс енгізген болатынмын . Қатысушыларға төмендегі кестені толтыру ұсынылған болатын:
Сынып/ сабақ АКТ (түр) Мақсат Нәтиже Оқыту аспектісі
Коучингтің жүргізілуін дайындауда «оқыту аспектілері» сұрағын қарастыруды жоспарлаған жоқпын, бірақ коучингтің жүру барысында өзгеріс енгіздім, себебі, менің ойымша, педагогтар АКТ-ны өз сабақтарында қалай және қандай мақсатта қолданатындықтарын анық түсінулері керек. Кез келген маман иесі өз жұмысын сол объектіні танудан бастайды. Тану дегеніміз – зерттеу, содан соң жоспарын құрып, сол бағытта жұмыс атқарады.
Мұғалімдердің тақылауы мен кестені толтырғаннан кейін мен олардың жазғандарын таратпа материалындағы ақпараттағы төртінші «Оқыту аспектілері» бағанына салыстырып жазуды тапсырдым. Мұндай жұмыс қатысушылардың АКТ-ның көрсетілім, модельдеу, бағалау мен талдау, ұсынылым(сөйлесім), тестілеу мен бекіту ретінде қолданылатындығын айқын ұғынуларына мүмкіндік туғызады. [3, с 255-256]. Аталған тапсырманың орындалуы тақырып бойынша білімдерін жандандыруға, мысалы, біз, филолог мұғалімдер, өз оқушыларымызға әр түрлі стильге қатысты мәтіндерді ұсынмыз, сонымен қатар, шығармаларды бағалау үшін жағдай туғызамыз: мысалы, көркем туындылар, фильмдер, әйгілі суретшілердің картиналарының репродукциялары. Және менің өз жұмыстарыммен бөлісуіме керемет мүмкіндік туды: 9-сыныптарда қорытынды бақылауды жүргізу барысында АКТ-ны қолдану. (Қосымша 2).
Сабақта АКТ-ны қолдану бойынша жүргізілген рефлексиядан кейін қатысушылардың сабақтарына қатысқаннан кейін талдау жасау үшін уақыт бөлінген болатын. Осы кезеңді өткізудің мақсаты - күшті және әлсіз тұстарын анықтау және ең бастысы, қолданылған АКТ-лар сабақта оқушылардың оқу сапасын жетілдіруге қаншалықты мүмкіндік туғызатынын анықтау. Сабақты бақылаушының екі адам: мен және біздің топтағы әріптестердің біреуі екенін ескертіп өтуіміз керек.
Қатысушыларға техникалық құралдарды пайдаланылған екі жоспар ұсынылған болатын. Бір сабақта АКТ-ны қолдану сәтті болса, екіншісінде міндетті түрде өзгерістер енгізу қажет болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі И-ң бірінші жоспарында (Қосымша 3), коучингтің тақырыбын анықтауға жетелеген «Батыр Баян» бейнефильмінен үзінділерді қолдану болатын. (https://www.youtube.com/watch?v=_dRDmBtm8RE). Және қазақ тілі мұғалімі Б сабақ жоспарында «Кек» көркем фильмінен бейнеэпизод көрсету ұсынылған болатын. https://www.youtube.com/watch?v=BZpn0_FcfRE (Қосымша 4). Алғашында мұғалімдер И мен Б өз сабақтарында бейнематериалдарды қолданудың мақсатын айтып кеткен болатын, содан кейін талқылауға уақыт берілді. Талдау кезінде төмендегідей көрсеткіш алынды:

Талқылау барысында пікірталас туды және қазақ тілі мұғалімі И-ге сабақтағы бейнематериалды қолдануды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді: сабақты бейнеэпизодтан бастау, оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері анықтаулары үшін көркем фильмнен бейнефрагмент алып, көрсету. Акт-ны қолданудың мұндай үлгісі қатысушылардың пікірі бойынша өнердің әр түріне қатысты ойлау дағдысын, шығармаларды салыстыра білуін қалыптастырады. Бірақ сабақтың авторы ұсыныстармен келіспей, өз пікірін ортаға салды. Қызу пікір таласы жүрді. Оның жоспары бойынша оқушылар фильмнен алынған үзіндімен танысулары керек болатын. Әрине, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту немесе оқушылардың өздері анықтаулары үшін мүмкіндік беру мұғалімнің өз таңдауы. Бірақ біз үнемі жаңашыл мұғалімнің өз пәнін жетік біліп қана қоймай, сабақтарын жаңа технологияларды қолдану арқылы жетілдіруі керек екенін есімізде сақтауымыз керек. Білім алушының қызығушылығы – білім алу процесінің алғышарты. Қатысушыларға ұсынылған бейнефильммен жұмыс істеу түрі көп уақытты алмайды. Бірақ диалог арқылы танымдық талқылау жүргізу үшін жағдай туғызуға, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауларын дамытуға әсер етеді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін оқушылар ұсынылған материалды тек көріп қана қоймай, тыңдап, сөйлеушінің (кейіпкердің) негізгі идеясын анықтауы керек, сабақта не көрсетілгенін түсінулері керек. Ал егер мұғалім сабақтың басында тақырыпты айтып, содан кейін бейнефильмнен үзінді көрсетсе, бірақ онымен жұмыс істеу үшін жағдай туғызбаса, онда АКТ-ны бұлай қолдану жаңа заманның оқушысына, әсіресе, жетінші сыныптар үшін пайдасыз болып табылады. Бұдан басқа фильм ақ- қара түсті, сондықтан сабаққа қатысу барысында төмендегідей нәтиже көрсетті:
1080135top
Рефлексия кезеңінде қатысушыларға жүргізілген коучинг бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылған болатын. Мұғалімдердің рефлексиясы талқыланып отырған тақырыптың өзекті екенін және мұғалімнің АКТ-ны дұрыс әрі ойланып қолдануы керектігін көрсетті.
Әдебиеттер тізімі:
1. Вильямс П. Терапиядан жеке коучингке эволюция жасау// Электронды ресурс: www.coaching.ru.
2. ҚР педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бағдарламасы. Екінші (Негізгі) деңгей. 2015.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2015.
4.Коучинг пен менторингті жүзеге асыру үшін мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2014.
«Ақпараттық технологиялар» тақырыбы бойынша кластерді құрастыру
Қосымша 1

Қосымша 2.

Б мұғалімнің қазақ тілі және әдебиеті сабағы
Қосымша 3.

Қазақ тілі мұғалімі И сабағы
Қосымша 4.