Саба? та?ырыбы: Баскетбол. Шабуыл кезіндегі іс ?рекет 9 класс


9 сынып
Тақырыбы: Баскетбол. Шабуыл кездеріндегі іс-әрекет.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға әр ойын кездерінде қандай іс-әрекеттер қолдануға
болатынын және әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Тәрбиелілік: Топтық ойын кездерінде бір-бірін түсіне білуге,
ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Ептілік, икемділік, шапшаңдық, серпіліс күш қабілеттерін
одан әрі дамыту.
Міндеті: Қозғалыс әрекеттерінің негізін үйрету.
Әдісі: түсіндіру, иллюстративті (іс-әрекет арқылы), көрнекіліктер пайдалану
Түрі: жаңа білімді меңгерту.Көрнекілігі: баскетбол доптары, ысқырық, плакаттар

Саб.
бөл Мазмұны Уақыт мөлшері Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімі Сапқа тұрғызып, рапорт қабылдау. Сәлемдесу, түгендеу. Спорт киімдеріне көңіл бөлу. Саптық жаттығу. Оң-ға, сол-ға, ай-нал. Жүру: аяқтың ұшы, өкпе, іш-сырт жақ қырларымен. Жүгіру: оң-сол жақ қапталдармен қолды алға, артқа айналдыра. Артпен жүгіру, бір қолды соза. Тізе, өкпені алақанға тигізе жүгіру. Отыра жүру, секіру. Тұрып жүріске көшу, терең тыныс алып, дем шығару. Ж.Д.Ж жасату 4-5 қатарлы лек тұрғызып әр буындарға. 15
3рет
7-8м
8рет
айналдыра
10м
15м
10м
20м Сапқа бойымен аралықты сақтай тізу, тік тұру. Тиістілеріне ескертпе беру. 1-2 есебінде бір аяқтың өкшесінде, келесі аяқтың басымен бұрылу. Қол белде, қапталда, жоғарыда, тізе тік. Екі қол кеудеде. Алғы аяққа келесі аяқты тіркестіре жүгіру. Қауіпсіздікті сақтай, кедергі жасамай алды артындағыға. Екі қолды алға соза, артқа жамбасқа қоя қолдың сыртын. Екі қол белде. 1-2, 3-4 есебінде екі қолды көтеріп, түсіру. Аралықты сақтай әр буын жаттығуларын уақытылы дәл қимыл жасай орындау
Негізгі бөлім Шабуыл кезіндегі іс - әрекеттер.
А) үшеу: А - ойыншысы ортада, Б;В ойыншылары екі жақ қапталда. Бір-біріне доп жеткізе алға допты шеки жылжи қарсы жақтың себетіне допты салу.
Ә) Үшеу қарсы алаңға жылдам кіру: А ойыншысы қалқаннан қайтқан допты қағып алып, оң жақ қапталдағы Б ойыншысына доп жеткізе өзі допсыз алға «Айып» алаңының тұсына жүгіреді. Б ойыншысы сол жақ қапталмен «Айып» алаңына жеткен В ойыншысына допты бірден себетке лақтырады, А ойыншысы да себетке ұмтылады.
Б) үшеуі де «Сегіздік» шабуылы: ортада А ойыншысы Б ойыншысына допты беріп, Б-ның артынан айналып ортаға жүгіреді. В ойыншысынан доп алып, диагональ допты шеки жүгіре, қарсы келген Б-ға доп беріп, себеттің сол қапталына келеді. В-ның себетке лақтырған добына ұмтылады. Бұл уақытта Б ойыншысы, В-ға доп беріп, В-ның артына сол жақ қапталға өтіп, оңға бұрыла диагональ А-дан доп алға ұмтылады. В А-ға доп беріп, А-ның артына өтіп, оң жақ қапталдан солға бұрыла себетке жақындай Б-дан доп алып, себетке доп лақтырады. 25 Допты екі қолмен қабылдау, допты шекі, алға жылжу,1-2 қолмен допты лақтыру.

Допты екі қолмен қабылдау. Шапшаң жүгіру. Допсыз 3секунд алаңына кірмеу. Допты торға дәл лақтыру

Допты екі, бір қолмен лақтыру, жұмсақ қабылдау. Әріптесіне кедергі жасамай артынан жүгіру. Әріптесімен түсіне қимыл-қозғалыс жасау.

Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызып, жіберілген қателерін айтып, ынталы оқушыларды атап өту.
Бағалау. Үйге тапсырма беру
Серпіліс жаттығулары, шапшаң жүгіру, доп шеку және дәлдікке доп лақтыру.
Қоштасу. 5 Сапта еркін тұрып тыңдау. Айтылған қателерге зейін қою. Оқушыларды бастапқы қалыпқа келтіру